2. Табиғат пен қоғамның қарым қатынасындағы әлеуметті экологиялық проблемаларды анықтаңыз Қоғам дамуын тоқтатпай-ақ табиғатпен үйлесімділікке жетуге болады. Ол үшін теорияда және тәжірибеде бұрынғы қалыптасқан ұғымдардан, әдеттерден арылып, табиғатты пайдалануды жаңа принциптер негізінде жүзеге асыру керек. Бұл принциптердің негізі қоғам табиғаттың құрамдас бөлігі екендігін мойындау. Адамзат қоғамы табиғаттың бөлігі екенін мойындау. Адамзат қоғамы табиғаттың бөлшегі болғандықтан жалпыда болған өзгерістер оның барлық бөлігіне әсер етеді. Яғни табиғатқа зиян келтірсек ол қоғамға да зиян. Табиғатқа қарсы әрекет етіп ешқашан өркениетті қоғам құра алмаймыз. Табиғат қоғамсыз өмір сүре алмайды, ал қоғам табиғатсыз тіршілігін қояды. Осы қағиданың негізінде қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастың ең негізгі әдістемелік принципі – табиғи орта мен қоғамның үйлесімділігі, ең тиімді сәйкестігі. Қоғамдағы зат, қуат ақпарат алмасулар табиғатқа сіңімді болуы керек, табиғатқа сыйымсыз қалдықтар шығарылмауы керек, табиғаттың өздігінен қалпына келу қасиеті шектелмеуі тиіс.
Өндірісіміз, адамзат қоғамы тұтастай алғанда әзірге мұндай мүмкіншілікке жете алған жоқ. Сондықтан екінші әдістемелік принцип – табиғи теңдестіктерді сақтау. Эволюциялық даму нәтижесінде табиғи теңдестіктер қалыптасқан. Олардың бұзылуы экологиялық апаттарға әкеп соғады.
Табиғаттан алынған оған қайтып оралады. Алғандардың (зиянның) орнын толықтыру – үшінші әдістемелік принцип ретінде қарастыруымызға болады.
Төртінші әдістемелік принцип – шаруашылық әрекеттердің экологиялық тазалығын дәлелдеуді қажет етпейтін жоғарыдағылардың заңды жалғасы.
Қоғамның дамуын тоқтатуға болмайды. Осы тұрғыдан оның қажеттерін қамтамасыз етудің ең тиімді жолы кешенділік және экологиялы тазалық – бесінші әдістемелік принцип.
Алтыншы әдістемелік принцип – табиғат мүддесі қоғам мүддесінен, қоғамның, мүддесі жеке адамдардың мүддесінен басымдылығы. Сонда ғана экологиялық, әлеуметтік және экономикалық даму мүмкін болады.
Аталған принциптер негізінде ғана табиғатпен үйлесімді қоғам құруға болады