S= болғанда және Электронның спиндік магниттік моменті бір Бор магнетонына тең деп айту қабылданған. Бұлай айту мынаған байланысты: магниттік моментті өлшегенде әдетте оның проекциясы өлшенеді,ал ол - ға тең.
51.Атомның толық магниттік моменті.Спиннің екі еселенген магнетизмі салдарынан толық моменттердің μ/LJ гиромагниттік қатынасы едәуір күрделенеді. Ол L, S және J кванттық сандарына тәуелді болады. Кванттық теорияда жүргізілген тиісті есептеу μ магниттік моменті және оның z өсіне проекциясын табуға мүмкіндік берді: мұндағы g – Ланде факторы (көбейткіші):
53.Қарапайым Зееман эффекті. Алдымен нәзік түзілісі жоқ (синглет) спектрлік сызықтардың зеемандық жіктелуін қарастырайық. Мұнда сызықтар қарапайым синглет деңгейлер (яғни толық спин S=0) арасындағы кванттық ауысулар нәтижесінде пайда болады. Осындай деңгейлер үшін g=1. Демек , формула мына түрге келеді өйткені S=0 болғандықтан, L=J, болады,ал 1 - суретте L=1 және L=0күйлері арасындағы ауысу (P→S) үшін,ал 2-суретте L=2 және L=1 күйлері арасындағы ауысу (D→P) үшін деңгейлердің және спектрлік сызықтардың жіктелуі көрсетілген. Магнит өрісі жоқта жиілігі жалғыз сызық байқалады. Өрісті қосқанда , сызықтан басқа ,бұған салыстырғанда симметриялы орналасқан жиіліктері , екі сызық пайда болады.
55. Пашен-Бак эффекті күшті магнит өрісінде байқалады. Күшті магнит өрісінде LL және Ls арасындағы байланыс үзіледі де, осындай өрісте векторлардың әрқайсысы бірінен бірі өздерін тәуелсіз етіп көрсетеді.
Осыдан атомның өріспен ∆ЕВ әсерлесу энергиясы орбиталдық магниттік момент пен спиндік магниттік моменттің жеке жеке өріспен әсерлесу энергияларының қосындысы екенін көреміз. Атомның магнит өрісіндегі энергиясы мынаған тең: = Мұндағы -атомның спин-орбиталық әсерлесуі ескерілмегендегі энергиясы; -спин-орбиталық әсерлесу энергиясы; атомның сыртқы магнит өрісмен әсерлесу энергиясы. >> - әлсіз магнит өрісі << -күшті магнит өрісі
Күшті магнит өрісінде күрделі Зееман эффектісі қарапайым Зееман эффектісіне айналады. Осы құбылыс Пашен-Бак құбылысы д.а.Сұрыптау ережелеріне сәйкес және =0 болатын көшулері ғана болуы мүмкін. Демек, -тері бірдей деңгейлер арасында ғана көшулер болуы мүмкін, яғни ауысулар кезінде шарты орындалуға тиіс. Соның нәтижесінде қарапайым Зееман эффекті пайда болады.