1. Электромагниттік сәуленің табиғаты және оның негізгі сипаттамалары, эмс спектрі Электромагниттiк сәуле спектрi


)З 6 аттың шығару спектрi мен жұтылу спектрiнiң



бет2/47
Дата11.12.2023
өлшемі6,59 Mb.
#137730
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
2 )З
6
аттың шығару спектрi мен жұтылу спектрiнiң
пайда болуы әрқашанда оның атомдары мен молекулаларының iшкi энергиясының өзгеруiмен байланысты. Iшкi энергия қоры ең аз бөлшектер (атом, молекула) қозбаған деп, ал бұлардың тұрған күйi қалыпты, немесе негiзгi деп аталады. Сырттан әсер ету арқылы зат бөлшектерiне (атомына, молекуласына) қосымша энергия беруге болады мұны жұтып олар қалыпты (негiзгi) күйден қозған күйге көшедi. Атомдар мен молекулалардың iшкi энергиясы үздiксiз өзгере алмайды, ол тек секiрмелi түрде, дискреттi өзгередi.
1.1-сурет. Атомның энергиялық деңгейлерi схемасы. Стрелкалармен мүмкiн болатын ауысулар көрсетiлген.
Зат бөлшектерiнiң энергияны жұту процесi жоғары бағытталған стрелкалармен, ал энергия шығару процесi-төмен бағытталған стрелкалармен белгiленедi (1.1-сурет).Зат бөлшектерi энергияны екi деңгей энергиясының айырмасына тең энергия үлестерiмен (кванттар) жұтып және шығара алады. Э
7
лектромагниттiк сәуле кванттары (фотондар) түрiнде энергия жұтылған және шығарылған кезде бұған сәйкес заттың жұтылу және шығару спектрлерi алынады. Сонда энергиясы екi энергетикалық деңгей энергияларының айырмасына тең кванттар (фотондар) ғана жұтылады және шығарылады. Мысалы, атом
Е0 деңгейден Е1 деңгейге Е10 айырмасына тең h0,1 квантты, ал Е1 деңгейден Е2 деңгейге h1,2Е2 1 квантты жұтып ауысады.

8
Заттың шығару
спектрiн алу үшiн оның бөлшектерiне қосымша энергия берiп қоздыру керек. Осы мақсатта зат үлгiсi жарық көзiне ендiрiледi. Мұнда үлгi қыздырылып, буға айналады, зат молекулалары атомдарға жiктеледi (диссоциацияланады), жекелеген атомдар мен иондардың қоздырылуы iске асырылады. Зат бөлшектерi қозған күйде өте қысқа уақыт (10-7-10-8с) болады, содан өздiгiнен қалыпты күйге оралып, артық энергияларын жарық кванттары түрiнде шығарады, ал бұлар зат үлгiсiнiң шығару спектрiн құрайды. Егер үлгiдегi барлық элемент атомдары бiр мезгiлде қоздырылатын болса, онда спектрде бұлардың әрқайсысына сәйкес жиiлiктер (толқын ұзындықтар) - сызықтар алынатын болады.
Зат үлгiсiнiң тiркелген спектрiн талдау керек болады. Өйткенi әрбiр элементтiң және әрбiр заттың өзiнiң нақты толқын ұзындықтарына сәйкес сызықтардан немесе жолақтардан тұратын сипаттауыш спектрi болады. Сондықтан спектрлiк талдау жүргiзгенде сызықтардың (жолақтардың) толқын ұзындықтары анықталады және бұлардың қандай элементтердiкi екендiгi анықтама әдебиет арқылы тағайындалады.
Зат үлгiсi спектрiн зерттеудi және талдауды мүмкiн ету үшiн жиiлiктерi әртүрлi кванттарды кеңiстiкте бiр-бiрiнен ажырату керек, басқаша айтқанда, электромагниттiк сәуленi жиiлiк (толқын ұзындық) бойынша жiктеу керек. Осы процесс жарықты спектрге жiктеу деп аталады. Бұл спектрлiк аспаптарда iске асырылады.
Толқын ұзындықтары бойынша жiктелген сәуле әйтеуiр бiр амалмен тiркелуi керек. Бұл үшін жарықты тiркеудiң әр түрлi әдiстерi қолданылады, көп тарағаны фотографиялық және фотоэлектрлiк әдiстер.
Фотографиялық тiркеу әдiсi фотопленка немесе фотопластинкаға түскенде жарық бұлардың қараюын тудыруына негiзделген. Шығару спектрi осы жағдайда пластинканың (әйнектiң) бетiнде қара сызықтар (сызықтық спектр) немесе қара жолақтар (жолақ спектр) түрiнде алынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет