J үшін сұрыптау ережелері молекуланың электрондық ауысу түріне тәуелді.Егер жоғарғы да,төменгі де электрондық күйлер 1Σ-күйлер(яғни ядроларды қосатын оське қатысты электрондық импульс моменті жоқ күйлер) болса,онда мына шарт орындалады: ΔJ=±1 (6) 1Σ→1Σ ауысулар үшін сұрыптау ережелері болады.Ал қалған ауысулар үшін (ең болмаса күйлердің біреуі не төменгі,не жоғарғысы –молекула осіне қатысты импульс моментіне ие)сұрыптау ережесі: ΔJ=0 н/е ±1 (7) Соңғы жағдайда қосымша тыйым салу болады: J=0 → J≠0 (8) Сонымен, 1Σ-күйлері арасындағы ауысулар болғанда спектрде тек Р- ж/е R-тармақтары болады,ал басқа ауысулар үшін бұларға қосымша тағы Q-тармағы байқалады. ν̃сп=ν̃(ν΄, ν΄΄)+ [B΄J΄ (J΄+1)- B΄΄J΄΄ (J΄΄+1)] (9) Мұндағы B΄,J΄-жоғарғы,ал B΄΄,J΄΄-төменгі электрондық күйге қатысты. Енді айналыс,нәзік түзілісін талдайық.Ол үшін (6),(7),(8) сұрыптау ережелерін спектрлік сызықтар үшін (9) өрнекке қолдану к.к.Мұнда ескеретін нәрсе,Р-ж/е R-тармақтары үшін төменде келтірілетін талдау,жоғарыда тербіліс-айналыс спектрі үшін талдаумен бірдей. Р-, R- ж/е Q- тармақтары үшін мына өрнектер шығады: Р-тармақ: ΔJ=-1, J΄΄ = J΄+1, Δε =ν̃m=ν̃(ν΄, ν΄΄)-( B΄+ B΄΄)(J΄+1)+( B΄- B΄΄)(J΄+1)2 (см-1) мұндағы J΄=0,1,2...(9а)
R-тармақ: ΔJ=+1, J΄= J΄΄+1, Δε =ν̃R=ν̃(ν΄, ν΄΄)-( B΄+ B΄΄)(J΄+1)+( B΄- B΄΄)(J΄+1)2 (см-1) мұндағы J΄΄=0,1,2...(9б)
Жоғарғы екі теңдеуді бір теңдеуге біріктіруге болады ν̃R,Р=ν̃(ν΄, ν΄΄)+( B΄+ B΄΄)m +( B΄+ B΄΄) m 2 (9в) мұндағы m=±1,±2,... R-тармақ сызықтарының арақашықтығы нөлге тең болатын нүкте жолақтың канты деп аталады. Q- тармақ: ΔJ=0, J΄= J΄΄, ΔεQ =ν̃Q=ν̃(ν΄, ν΄΄)-( B΄+ B΄΄) J΄΄+ ( B΄- B΄΄) J΄΄2 (см-1) мұндағы J΄΄=0,1,2...(9г)