1 Әлеуметтік этникалық қауымдастықтар. Этникалық жүйелер. Этнос, халық, ұлт. Этникалық сәйкестілік



бет3/3
Дата25.11.2023
өлшемі18,7 Kb.
#126056
1   2   3
4)Халықтың қартаюы
Біз жаңа ғасырдың тек алғашқы он жылдығын ғана артқа тастадық. Осыдан дәл жарты ғасыр бұрын адамзатқа төніп тұрған қауіп жайлы сөз болған еді. Бір атап өтетін ерекшелігі — аталған қауіп адамдардың өзімен байланысты болып келеді. Яғни, ғаламдық проблема адамдардың белсене әрекет етуінен, немесе керісінше әрекетсіздігінен туындайтын нәтиже. Бүгінде ештеңе өзгерген жоқ, адам баласы әдеттегіше үлкен мәдениеттің жойылуына, тіпті планетамызда өмір сүрудің жоғалуына қауіп тудыратын ғаламдық проблемамалармен бетпе-бет келуде. «Ғаламдық» терминінің өзі латын сөзінің «глобус», яғни Жер деген мағынасынан шыққандығы белгілі. Ғылыми-техникалық революцияның теріс әсерлерін алдын-ала болжау қабілетсіздігі экологиялық немесе әлеуметтік залалға алып келуі әбден мүмкін.Жер шарының көптеген жерлеріндегі қалыптасқан жағдайды қазіргі таңда экологиялық апат деп те атай аламыз. Мұнымен шектелмей дәл осындай жерлердің саны күн санап өсуде. Бүгінде біз өкінішке орай, Ғаламдық үлкен апаттың босағасында тұрмыз. Дәл осы мәселеге байланысты барша адам баласы бір жұдырыққа жұмылып, бірге қоршаған ортаның сақталуы мен қайта қалпына келуі үшін әрекет етпесе, адамзат тарихының ғұмыры ұзаққа бармасы анық. Адамдардың зейнетке шығып, мемлекет тарапынан қамтамасыз етілуі мен жұмысқа қабілетті адамдардың санының аздығы параллельді түрде жүзеге асып отырады. Ал мәселе экономикалық тепе-теңдікті сөзсіз бұзары анық. Яғни, азаматтардың көбі жұмысқа жарамсыз болып, жұмыс күші азаю қаупі тұр. «Әлемде қартаю бойынша ең алғашқы орында жапон халқы»/1/. «Олардың орта есеппен алынған жас мөлшері 45,9% құраса , соның 32,3% қарт адамдар»/2/. Жапониядан кейін бұл тізімді Ұлыбритания жалғап кетеді.
Қартаю процессінің кері әсерлеріне қарамастан, әлем халқына жағдайды өзгерту мүмкіндігі әлі де бар екенін ұмытпауымыз керек. Яғни, мәселені шешу мақсатында жұмыла отырып әрекет еткен абзал. Оның бірден-бір шешімі – ертерек балалы болу деп есептейміз. Бұл бір жағынан демографиялық жағдайға жақсы жағынан әсер етсе, екінші жағынан адамдардың жас ерекшелігіне байланысты тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет