1 Әлеуметтік этникалық қауымдастықтар. Этникалық жүйелер. Этнос, халық, ұлт. Этникалық сәйкестілік


) Білім беру әлеуметтік институт ретінде. Ресми білім беру функциялары



бет2/3
Дата25.11.2023
өлшемі18,7 Kb.
#126056
1   2   3
3) Білім беру әлеуметтік институт ретінде. Ресми білім беру функциялары.
Білімді социология ғылымында қарастыру ерекшелігіне көшсек, социология білімді əлеуметтік институт ретінде қарастырады. Əлеуметтік институт — бұл өздерінің нормалары мен ережелері бар, белгілі бір қызметтер атқаратын, қоғамдық өмірдің жеке салаларындағы əлеуметтік қатынастарды реттеп отыратын институционалдық мекемелер немесе ассоциациялар (ұйымдар). С.С. Фроловтың айтуы бойынша, «əлеуметтік институт — бұл мəнді қоғамдық құндылықтар мен процедураларды біріктіретін, қоғамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыратын байланыстар мен əлеуметтік нормалардың ұйымдастырылған жүйесі». Осылайша, социологияда əлеуметтік институт түсінігіне көптеген анықтама беріледі, сөйтсе де олар мазмұндары бойынша жақын. Егер де əлеуметтік институттардың маңызды жақтарын айтатын болсақ, онда келесілерді көрсетуге болады: Білім — ол əлеуметтік институт, өйткені ол өзінің тұрақты құрылымы, статусы, нормасы, ережесі, символдары бар, автономды түрде əрекет етеді. Əлеуметтік институтқа тəн, басқа да белгілері бар. «Білім беруге байланысты адамдар əрекеттерін реттеуші жəне ұйымдастырушы нормалар жиынтығы білім берудің əлеуметтік институтт болып табылатынына куəлік етеді» [3]. Ең алдымен, білім беру институциаландырылған, заңмен бекітіліп, мемлекет пен қоғаммен мойындалған.
3)Бұқаралық сана мен цифровизация.
Бұқаралық сана — қоғамдағы қалың бұқараның деңгейіндегі идеялардың, көзқарастардың, сезімнің, көңіл-күйлерінің жиынтығы, ұжымдық топтардың қажеттері мен мүдделерін тұтас бейнелейтін, олардың өмірлік мұраттары мен тәжірибелерін талдап, тұжырымдайтын түсінік.
Бұқаралық сана — қоғамда кең тараған идеяларды, көзқарастарды, ұғымдарды, әлеуметтік сезімдерді қамтиды. Онда қоғамдық сананың күнделікті психологиялық, теориялық-идеологиялық дәрежелері ұштасып келеді. Бұқаралық санада теориялық-идеологиялық элементтерінің болуы мен олардың үлес салмағы Бұқараның әлеуметтіксубьект ретінде даму деңгейі, тарихи жағдайлармен байланысты. Сонымен бірге ол бұқараның тұрмыс жағдайларының әсерімен стихиялы түрде қалыптасады.
Мектеп қабырғасында жас талапкерлерге арналған кәсіби бағдар беру жұмыстары ұйымдастырылуы қажет. Сондай-ақ білім беру саласын жаңғырту, ақпаратық технологиялар, бағдарламалау саласына жас буынның қызығушылығын ояту қажет. Бүгінгі таңда орта мектептерде заман талабына сай STEM зертханалар жасақталуда. Бұл зертханалар төрт бағытта жұмыс істейді. Инженерлік, бағдарламалау, робототехника және 3Д модельдеу бойынша оқушылар академиялық білімін тәжірибе жүзінде іске асырады. Сондай-ақ орта арнаулы оқу орындарында IT сыныптар соңғы үлгідегі сандық технологиялармен жабдықталған. Бұрын бала буыны қатып, белі бекісе садақ атып, атқа шауып үйрететін. Бүгінгі жаһандану үдерісінде сандық технология тілін жетік меңгеру – заман талабы. Сөз соңында «Білекке сенген заманда ешкімге дес бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік»



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет