1 емтихан билеті қазақстандық білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттары



бет6/9
Дата15.06.2023
өлшемі1,23 Mb.
#101487
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жанар апай емтиханы 23-24

Критериалды бағалаудың пайдасы

  • Жеке тұлға

  • Бағалаудың демократиялығы

  • Сын тұрғысынан ойлау қабілетінің дамуы

  • Кері байланыстың жиілігі, рефлексия

  • Қиындықты жеңуге деген құштарлық

  • Оқушының бағалаудан жағымсыз сезімде болмауы, психологиялық жайлы ортаның қалыптасуы.


Критериалды бағалаудың нәтижесі:

  • Балалардың бақылау, бағалау қызметінінің дағдыларын қалыптастырады;

  • Оқу-танымдық қызметті іске асыру ынталандырады;

  • Барлық оқу процесінің қатысушылары үшін бағалау «мөлдір» және түсінікті;

  • Оқушының мектептік құбылжу сезімін төмендетуіне әсер етеді;

  • Бағадан эмоционалдік негативті түсіруге, ынғайлы психологиялық айналаны құруға көмектеседі;

  • Келесіде оқушылар оқу процесінің субъекті болып, мұғалім қойған бағаны дұрыс қабылдайды;

  • Оқу процесіне балалардың қызығушылығын арттырады.

Математика жеке тұлғаның ақыл – ой қабілетінің көзін ашу және оның үздіксіз дамуы мен жетілуін қамтамасыз ететін пәннің бірі. Арнаулы пәндер білім беру тұжырымдамасына сәйкес математика пәнін оқыту үрдісінде арнаулы пәндермен байланыстыра оқыту – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Пәнаралық байланыс өзінің мәні жағынан педагогикалық табиғаты бар мәселе. Пәнаралық байланыс дегеніміз – шын өмірдің объектілері, құбылыстары мен процестері арасындағы синтездеуге, интегралдауға ұшырайтын қарым - қатынасты бейнелейтін білім берудің құрамды бір бөлігі.


Математиканың басқа ғылымдармен байланысын анықтайық. Оның химиямен, физикамен, механикамен, биологиямен, информатикамен тығыз байланыстылығына дау жоқ.
И. Кеплер жұлдыздар қозғалысын математикалық сараптаудан өткізу арқылы планеталардың қозғалысының эллипсоидалдық екенін ашты.
И. Ньютон көптеген механиканың бүкіл әлемдік тартылыс заңдылықтарын математикалық әдістермен қорытып шығарды.
Топтар теориясы арқылы жаңа элементар бөлшектер ашылды.Ұшақтың қанатын көкке көтеретін күшті математикалық (комплекстік функция теориясы) зерттеу арқылы ашып, Н. Жуковский авиация атасы атағына ие болды, ж.б.
Сөйтіп, өткенді зерттеу арқылы болашаққа жол ашылды. Математикада бұл әдіс проблемалық ситуация құру арқылы, құбылыс заңдылығын ашу деп аталады.
Атақты ғалым – математик П.Л. Чебышев: «егер ғылыми теория практикада қолданылуымен өзінің өмірден алынғанын дәлелдесе, практика теорияны жаңартып, жаңа сатыға көтеруімен маңызды» - деген екен. Ғалымның бұл айтылған ойының дұрыстығына қазір ешкім күмән келтірмейтіні былай тұрсын, бұл ой математиканың заман ағымынан қалмай, қадымдас жүретінінің, ертелі – кеш қалайда қолданым табатынының айғағы.
Математиканың тарихпен байланысы бар ма? Тарих толығымен даталардан және оған сәйкес оқиғалардан тұрады. Оларды есте сақтау үшін ойлау қабілеті немесе оқиғалардың логикалық тізбегін қадағалай білу қажет.
Географиямен байланысына келсек, қалалардың ара қашықтығын анықтағанда масштаб, қолда бар карталар есепке алынады, қарапайым математикалық есептеулер арқылы қажетті деректерді алуға болады.
Барлық ғылымдардың тегі – табиғат. Математика ғылымаралық байланысты аша түседі. Сол арқылы өзі де, басқа ғылымдар да байып, жаңара түседі. Ғылымдар мұрасын математикалық зерттеу арқылы ғылым-білім әрі қарай дамиды. Математиканың негізгі зерттеу әдістемесі – логикалық қорытынды болғандықтан, адам ойы жете бермейтін зерттеулерге де ғылыми – логикалық қорытынды жасай алады. Бұл математиканың теориялық, жиындық, логикалық конструкциясы деп аталады. Ендеше, математика фундаменталдық ғылым. Ол ғылымның дәмін тату – қай мамандықта еңбек етсе де бүгінгі жастардың қасиетті борышы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет