1 емтихан билеті қазақстандық білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттары



бет8/9
Дата15.06.2023
өлшемі1,23 Mb.
#101487
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жанар апай емтиханы 23-24

Қалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады.
ҚБ принциптері:

  • оқытудың бір бөлігі («оқыту үшін бағалау»);

  • барлық оқу мақсаттары қамтылады (оқу мақсаттары барлық сыныптарда -пәндер бойынша оқу жоспарларында нақтыланып белгіленген);

  • бағалау белгіленбейді;

  • оқу мақсаттарына жеткендігі бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асады;

  • әр оқушының ілгерілеуі туралы кері байланыс беріледі;

ҚБ нәтижелері оқыту сапасын, оқу бағдарламасын жақсарту үшін қолданылады
Қалыптастырушы бағалау немесе оқу үшін бағалау күнделікті әр сабақта жүргізіліп тұрады. Оқу үшін бағалауда –мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Аталған бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы бағалау қолдану арқылы мұғалім мен білім алушы арасындағы кері байланыс жүзеге асады. Осының нәтижесінде білім алушы өзін бақылап, өзінің әрекет-тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Осылайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бағалау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастырады.
Бүгінде қолданылып келген бес балдық бағалау жүйесі бағалауға қойылатын талаптарды толық қанағаттандырмай отыр. Оған дәлел, қоғам бүгінгі оқушының оқудағы жетістігінің динамикасының объективтілігіне күдікпен қарауда. Екінші жағынан, бағалаудың нәтижесі оқушының мұғаліммен, ата-анасымен қарым-қатынасының төмендеуіне, өзіне деген сенімсіздігінің пайда болуына әкелуде.
Ал қалыптастырушы бағалауда барлығы оқушы, мұғалім, ата-ана үшін де айқын әрі түсінікті .Себебі,Қалыптастырушы бағалау нақты оқу мақсатына, бағалау критерийлеріне сәйкес жүргізіледі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет