1.Унификация ұғымы Унификация-рұқсат етілген элементтер мен шешімдердің тізімін азайту, оларды біркелкілікке келтіру арқылы шамадан тыс әртүрлілікті жоюдың кең таралған және тиімді әдісі. Унификация -бұл заттарды белгілі бір ретпен және реттілікпен бөлуге бағытталған, қолдануға ыңғайлы нақты жүйені құрайтын жүйелеудің бір түрі. Унификация - бірыңғай жүйеге немесе пішінге келтіру. Техникада-әртүрлілікті басқару. Бірінші кезекте бұйымдардың, олардың құрамдас бөліктерінің және дайындау процестерінің артық сан алуандығын жоюға бағытталған техникалық біріздендіру қағидаттары өндіріс саласында ғана емес, сондай-ақ қызметтің басқа да салаларында пайдаланылады.
2.Ақпараттық технологиялардың шешімдерін қабылдау және оның сипаттамалары Ақпараттық технология шешімдерін қабылдаудың негізгі мақсаты – шешімдерді әзірлеу, адам мен компьютердің өзара іс-қимылының итеграциялық процессі болып табылады.
Ақпараттық технологиялардың шешімдерін қабылдаудың сипаттамалары
Жаңа ақпаратты жасау үшін пайдаланушынымен бірлесе отырып шешім қабылдау;
Нашар құрылымдалған тапсырмаларды шешу;
Дәстүрлі әдістер мен деректерді өңдеу мүмкіндіктері мен математикалық модельдер әдістерінің ұласуы;
Кәсіби емес пайдаланушыға бағыттау;
Қолданыстағы техникалық және бағдарламалық қамтамассыз етудегі, сондай-ақ пайдаланушының талаптарының ерекшеліктеріне бейімделу.
3.Биологиялық жүйелерді модельдеу Биологиялық жүйелерді модельдеу саласында қызықты жетістіктер көп. Мұнда бірнеше тәуелсіз бағыттарды жатқызуға болады. Нейронды желілер геометриялық фигураларды тану немесе нысандарды кластерлеуде және күрделі мәселелерді шешу үшін пайдаланылады. Биологиялық жүйелерді модельдеу-бұл биологиялық модельдеудің бағыты, атап айтқанда оларға тән қасиеттері бар биологиялық жүйелердің модельдерін құру процесі. Модельдеу объектісі кез-келген биологиялық жүйе бола алады. Биологиялық модельдеу жүйелік және математикалық биологияның маңызды міндеті болып табылады. Биологияның есептеу жүйелері биологиялық жүйелерді компьютерлік модельдеу үшін тиімді алгоритмдерді, мәліметтер құрылымын, визуализацияны және байланыс құралдарын дамытуға және пайдалануға бағытталған.