Қоршаған ортаның ластануы. Тұтыну қалдықтары. Өндірістік қалдықтар. Қауіпті қалдықтар. Радиоактивті қалдықтар.
Қоршаған орта – адамзат қоғамы өмір сүретін табиғи және антропогендік орта; адамдар, жануарлар немесе объектілер тіршілік ететін немесе әрекет ететін орта.
Шығу көзіне байланысты қалдықтар 2-ге бөлінеді:
Өндіріс қалдықтары-бұйым алу процесінде шыққан және жартылай немесе түгелімен өзінің бастапқы тұтыну сапасын жоғалтқан шикізаттың, материалдың, шала бұйымдардың қалдықтары жатады.
Тұтыну қалдықтары-пайдалануда болғаны үшін тозып,өздерінің тұтыну қасиетін жойған бұйымдар мен материалдар жатады.
Қауіпті қалдықтар-құрамында зиянды заттектері бар ,қауіпті қасиеттер (улылық,өртенетін және жарылатын қауіптілігі бар) тән немесе жұқпалы аурулардың қоздырғыштары бар,сонымен қатар өздігінен немесе басқа заттектермен қосылғанда адамның денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп төндіретін қалдықтарды айтады.
Радиоактивті қалдықтар-қоршаған ортаға және тұрғындарға ерекше қауіптілік туғызатын қалдықтарға радиоактивтік қалдықтар жатады.