Қазақстанның қорғалатын табиғи аймақтары
Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң 1997 және 2006 жылдары қабылданды. Мұндай Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылу мақсаттарына және табиғат корғау ережелеріне сәйкес бірнеше топқа бөлінеді.
Алматы қорығы
Биосферадағы экожүйелердің бастапқы қалпын сақтап калу және корғау тірі организмдердің сан алуан түрлілігін сақтау мәселелерімен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде Жер шарында адамның аяғы тимеген және іс-әрекетінің әсеріне ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттың бастапқы табиғи қалпы сақталған немесе антропогендік факторлардың ықпалы онша байқала коймаған экожүйелердің біраз бөлігін табиғи эталон ретінде сақтап қалудың маңызы зор. Өйткені мұндай аумақтар антропогендік факторлар көбірек ықпал еткен аймақтармен салыстыру үшін қажет. Халықаралық қабылданған ережелерге сәйкес әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10%-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін алуы қажет.
Ерекше корғалатын табиғи аумақтарға биосфералық қорықтар, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтық аймақтар, корықшалар және т.б. табиғи нысандар жатады. Соңғы деректер бойынша дүние жүзінің 100-ден астам ірі мемлекеттерінде 1000-нан астам ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылған. Мұндай аумақтардың жалпы көлемі 230 млн га жерді алып жатыр. Бұл жер бетіндегі құрлықтың 1,6%-на тең.
"Саяно-Шушенский" биосфералық қорығы
* Мемлекеттік ұлттық қорықтар.
* Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар.
* Мемлекеттік табиғи резерваттар.
* Мемлекеттік корықтың аймақтар.
* Мемлекеттік табиғи қорықшалар.
* Мемлекеттік табиғат ескерткіштері.
* Мемлекеттік зоологиялық бақтар.
* Мемлекеттік ботаникалық бақтар.
* Мемлекеттік дендрологиялық бақтар және т.б.
Ерекше қорғалатын аумақ — кеңістігінде бағалы табиғи немесе колдан жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ ескерткіштері, инженерлік құрылыстар, т.б.) немесе қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін кеңістіктер (орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар. Мұндай аумақтар тек заңмен ғана емес, арнайы бақылауда болып, адамдармен қорғалады.
Табиғат қорғау дегеніміз — тірі (өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі) жөне өлі (топырак, су, атмосфера, жер койнауы, климат, т.б.) табиғатты корғау, тиімді пайдалану және калпына келтіру жөніндегі шаралар кешені. Табиғат корғауға ғылыми түрғыда бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс-шаралар жатады.
Табиғат корғаудағы негізгі мақсат — оның байлығын тиімді пайдалана отырып, болашақ ұрпаққа қаз калпында жеткізу. Ол үшін, біз табиғат қорларын жете білуіміз қажет.
Соңғы жылдары елімізде табиғат корғау мәселесіне үлкен мән берілуде. 1997 жылы 15 шілдеде «Қоршаған ортаны қорғау туралы», ал 1997 жылы 6 тамызда «Ерекше корғалатын табиғи аумақтар туралы» заңдар қабылданып, оларды жүзеге асыру жөнінде игі істер атқарылуда. Еліміздегі ерекше қорғалатын аумақтарға: мемлекеттік қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, республикалык мәні бар табиғат ескерткіштері, табиғи қорықшалар (заказник), халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар, зоологиялық, ботаникалық, дендрологиялық бактар, экологиялық тұрғыдан ғылыми, мәдени жөне тарихи құнды табиғи нысандар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |