Тамақ өнімдері мен тұтыну заттардың сапасын нормалау. Тағам қосымалары, жіктелуі, реттеу, бақылау
Тағамдық өнімдердің тұтынушылық қасиетін бағалау үшін адам сезім мүшелерінің түйсіктерін талдауға негізделген сенсорлық немесе органолептикалық әдістер кеңінен қолданылады.
«Органолептикалық» деген термин гректің «organon» ( құрал, сайман, мүше) және «lepticos» (алуға немесе қабылдауға бейім) деген сөздерінен шыққан және «сезім мүшелері арқылы анықталатын» деген мағынаны білдіреді. «Сенсорлық» деген термин «сезетін» деген мағынаны білдіреді және латынның «sensus» деген сөзінен шыққан (сезім, түйсік). Шетел әдебиеттерінде «сенсорлық» термині кең тараған. Бірақ ағылшынның түсіндірме сөздігі бойынша «sense»- «сезім» дегенді білдіреді.
Осылайша, жоғарыда айтылған пікірлерге сәйкес:
· органолептика (organoleptica) –дайын тағамдық өнімдердің адамның сенсорлық реакциясын тудыратын олардың аралық түрлері мен ингредиенттерінің қасиеттерін зерттейтін ғылымның саласы;
· сенсорлық талдау (sensory analysis) – ағзаға көру, иіс сезу, дәм сезу, вестибулярлық рецепция және интерорецепция, сипсп сезу көмегімен қоршаған орта туралы ақпаратты алуға жағдай жасайтын сезім мүшелерінің көмегімен (жоғары спецификалық рецепторлық мүшелер) талдау;
· органолептикалық талдау ( organoleptica analysis)
· иіс сезу, дәм сезу, көру, сипап сезу және есту арқылы тағамдық өнімдерді, дәмдік және хош иістік заттарды сенсорлық талдау;
· органолептикалық бағалау (organoleptic evaluation) – сандық және сапалық әдістердің көмегімен анықталатын, зерттелетін нысан ретінде тағамдық өнімнің қасиеттеріне адамның сезім мүшелерінің қайтаратын жауап реакциясын бағалау.
Тағамдық өнімдердің түзілуі мен сақталуына көптеген факторлар әсер етеді [3]:
-бастапқы шикізат пен қосымша материалдардың сапасы;
- еңбек сапасы;
- технологиялық қондырғылар мен өндірістік процестердің сапасы;
- рецептураның, дайындаудың технологиялық режимдері мен параметрлерінің сапасы;
- тасымалдау, сақтау және сату сапасы.
Сапа көрсеткіштерінің типтік классификациясы:
· эргономикалық – өнім –тұтынушы –қоршаған орта жүйесін сипаттайды және келесі көрсеткіштерді қамтиды:
· гигиеналық –өнімнің санитарлық талаптарға сәйкестігін білдіреді (адамның денсаулығына улы, канцерогенді және өзге де зиянды заттардың болмауы)
· антрополиметриялық –адамның өлшеміне тиісті нысандарды сипаттайды және тұтынушылардың өнімді тұтыну және ұқсату саласында іске асыру, тасымалдау, сақтау қолайлылығын қамтамасыз етуі тиіс. Өнімдерді буып-түю, таролардың сиымдылығы, өнімдердің пішіні мен көлемі жөніндегі мәселелерді антропометриялық талаптардың көмегімен шешеді;
· физиологиялық – адам ағзасының мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне байланысты бағалайды [4].
Композициялық өнімдерді жасауда химиялық құрамының теңгерімделгендігіне ерекше көңіл бөлінеді;
· психофизиологиялық –өнімді сезім мүшелері арқылы: көру, сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу, кейде есту, сондай-ақ адамның күшімен өзгеде физикалық қасиеттерінің көмегімен қабылдауды сипаттау.
Көрсеткіштердің мәндерін анықтауда иіс сезу, дәм сезу, тактилді сезімдерді қабылдаудағы адамның шекті мүмкіндіктері ескеріледі;
· Психологиялық. Психологиялықпен бірге сенсорлық сезім мүшелерінің көмегімен бағаланатын көрсеткіштер өнімнің эмоционалды құндылығын құрайды. Психологиялық көрсеткіштерге әдетте безендіру сапасын жатқызады, мысалы қорабымен жапсырмасының түсімен онда қамтылатын ақпараттар.
· Эстетикалық - өнімнің тауарлық келбетін білдіреді, оған компазицияның бір тұтастығы-өндірістік орындау шеберлігі, көркемдік безендіру, өзге аналогтардың ерекшелеп тұратын тауардың жеке ерекшеліктері (пішіні, қорабы, тауарлық белгілері және т.б.) жатады. Сонымен қатар, жапсырманың, қорабтың тауардың атауына (конфеттің атауы)және тұтынушының талаптары мен эстетикалық талғамына сәйкес көркемдік ерекшелігі ескеріледі:
· ақпараттық танымдығы;
· формасының тиімділігі;
· компазицияның біркелкілігі;
· өндірістік орындалу шеберлігімен тауарлық түрі;
· патентті құқықтық нысанның елімізде және шетелде патенттік тазалығы мен қорғалуын қамтамасыз етеді. Бұл дайындау әдісіне, өнімнің құрамына немесе оны дайындайтын қондырғыға тиісті болуы мүмкін;
Достарыңызбен бөлісу: |