1. Ерте балалық шақ педагогикасы пәнінің мақсаты мен міндеттері. Ерте балалық шақ педагогикасы пәнінде, пәнді игеру нәтижелеріне қойылатын талаптар



бет1/5
Дата18.11.2023
өлшемі25,23 Kb.
#124552
  1   2   3   4   5
Байланысты:
эсселер


1.Ерте балалық шақ педагогикасы пәнінің мақсаты мен міндеттері. Ерте балалық шақ педагогикасы пәнінде, пәнді игеру нәтижелеріне қойылатын талаптар.
Берілген сұраққа жауап бермес бұрын,ерте балалық шақ дегеніміз қандай кезең екенін айқындап алу қажет деп ойлаймын. Ерте жас,яғни 1 және 3 жас аралығындағы балалардың даму ерекшеліктерін сипаттайтын жас кезеңі.Бұл кезең баланың сәбилік шақтан кейінгі дамып өсуі үшін маңызды кез болып табылады.Осы жас аралығында баланың әрі қарай дамуын анықтайтын негізгі қабілеттер қалыптасады. Дәл осы кезеңде таным белсенділігі, өзіне, өмірге деген сенімділігі, адамдармен қарым-қатынас, шығармашылық мүмкіндіктері, жалпы өмірлік белсенділігі және тағы да басқа басты қасиеттері қалыптасады.Сондай-ақ,бұл жас кезеңінде 1 жастан 3 жасқа дейінгі баланың психикалық және дене бітімінің даму сатысы және де, жекедара дамуында жүрісі, қозғалысы, ұсақ моторикасы қалыптасады, соның арқасында қоршаған ортаны тану мүмкіндіктері кеңейе түседі.
Ал,енді «Ерте балалық шақ педагогикасы» пәнінің мақсатына тоқталып өтетін болсам,- бұл ерте жастағы(1-3 жас) балаларды тәрбиелеу мен оқыту заңдылықтарын ғылыми білім жүйесі негізінде қалыптастыру болып табылады. Және, ерте балалық шақтағы заттық іс-әрекеттің маңызы, оның даму сатылары.Ерте балалық шақтағы заттық іс-әрекеттің қалыптасу механизмі. Сөйлеудің қалыптасуы.Пассивті және активті сөйлеу.Ерте балалық шақты, сәби шақты, нәресте және ерте жасты анықтау. Ерте балалық шақ жасындағы балаларды дамыту да осы пәннің мақсаттарына жатады.
Бұл пәннің негізгі міндеттеріне келетін болсақ:
-Біріншіден,ерте балалық шақ кезеңінің одан әрі даму маңыздылығын ғылыми тұрғыдан негіздеу;
-Екіншіден,ерте жастағы балалардың даму ерекшеліктерін,атап айтқанда:физикалық,психикалық,тұлғалық дамуын толықтай ашу;
-Үшіншіден,1 жастан 2 жасқа дейінгі балалардың даму заңдылықтары мен принциптерін анықтау;
-Төртіншіден,ерте жастағы балалармен жұмыс жасаудың мазмұнын, тиімді әдіс-тәсілдерін және технологияларын анықтау болып табылады.
«Ерте балалық шақ педагогикасы» пәнінің мазмұнын игере отырып, студент,педагогикалық қызметтің міндеттерін, мысалы: далада жас балалардың қажеттіліктерін, жетістіктерін зерттейді және соған сәйкес оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Мектепке дейінгі білім беру стандартының талаптарына сәйкес балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін және сол ерекшеліктерін көрсететін технологияларды қолдану қызметтерінің түрлерін,кәсіби қызмет мәселелерін шешу үшін балалардың ата-аналарымен өзара әрекеттесуді ұйымдастырады.Сондай-ақ, білім сапасын қамтамасыз ететін білім беру ортасын қалыптастырады.
«Ерте балалық шақ педагогикасы» пәнін оқу нәтижесінде студент:
Білу қажет:
• Негізгі педагогикалық ұғымдарды;
•Сәбилер мен жас балалардың даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сай,теориялық негізде оқыту және тәрбиелеу шарттарын;
• Ерте балалық шақтағы дамуды жалпы және арнайы әдістемелік нұсқаулықтарға сай,жетекші отандық және шетелдік сипаттамалардың тұжырымдамалары арқылы оқытуды;
• Білім беру салалары және ұйымдастырылған оқу қызметтерінің мазмұны мен міндеттеріне сәйкес кішкентай балалармен жұмыс жасауды;
• Ерте жастағы балаларды тәрбиелеудің заманауи технологияларын қоладана алуды;
• педагогикалық процесті жетілдіру нәтижесінде жеке модель құрудың ерекшелікерін жобалауды;
• Ерте балалық шақ жасындағы топтарға тақырыптық-кеңістікті ұйымдастыру ерекшеліктерін білуді;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет