1-эссе Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты олдауда көрсетілген. 2020, 1-қыркүйек


Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі жаңғыру



бет2/10
Дата29.08.2023
өлшемі59,64 Kb.
#105650
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Эссе 1-блок

3. Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі жаңғыру
2019 жылдың 19 наурызында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы лауазымынан өз еркімен кететінін мәлімдеді. Ертесінде Конституцияға сәйкес, Сенат Спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Президент ретінде ант қабылдады. Осылайша, Тәуелсіздік алған 29 жыл ішінде Қазақстанда алғаш рет билік бейбіт, заңды түрде ауысты. Мемлекеттің бірінші басшысының ауысуы азаматтардың елдегі қоғамдық-саяси оқиғалардың либерализациясына сұрануына себеп болды.
9 мамыр күні Сириядағы сұрапыл соғыстан азаматтарымызды елге қайтару жөніндегі «Жусан» операциясының екінші кезеңі өтті. Үш кезеңді операция мемлекетіміздің басты құндылығы ел азаматтары екенін және отандастарымызға әлемнің қай жерінде, қандай оқиға болса да көмектесе алатынымызды әлемге танытты. Халықаралық қауымдастық Қазақстан билік өкілдерінің әрекетін жоғары бағалады. Сонымен қатар, бұл акция азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттырды.
президенттік сайлау өтіп, Қ.Тоқаев айқын жеңіске жетті. Елдің саяси тарихындағы бұл сайлаудың орны бөлек, себебі – осы сайлаудан кейін мемлекет басқа қоғамдық және әлеуметтік кезеңге қадам басты. Қоғам саяси жүйеге либерализация жасау керек екенін және қоғам мен мемлекет арасындағы диалогқа басқаша қарау керектігін түсінді. Жаңадан сайланған Президент алғаш рет «халық үніне құлақ асатын мемлекет» философиясын енгізді, сонымен қатар толыққанды және теңқұқылы ұлттық диалогтың жаңа негіздерін атап өтті.
24 маусымда Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери қоймада жарылыс болды. Президент Қ.Тоқаев бірден Арысқа ұшып келді. Бұл Мемлекет басшысы беделінің артуына септігін тигізді. Сарапшылардың пікірі бойынша, Қ.Тоқаев Арыстан көшбасшы болып оралды.
Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2019 жыл - Жастар жылы болып жарияланды. Жастар жылын өткізуге қатысты Жол картасы жасалды, онда жас азаматтарды қолжетімді баспанамен қамту, білім, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, жас отбасыларға қолдау көрсету қарастырылған. Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 3 мың жас азамат жалдамалы пәтерге ие болды. 3 мыңнан аса жас маман тұрғын-үйге бюджеттік несие алды. 2019 жылы жастарды қолдауға арналған 56 грант жобалары жүзеге асты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет