1-эссе Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты олдауда көрсетілген. 2020, 1-қыркүйек


Заңсыз миграция дан төнетін қауіп-қатерлер



бет10/10
Дата29.08.2023
өлшемі59,64 Kb.
#105650
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Эссе 1-блок

10.Заңсыз миграция дан төнетін қауіп-қатерлер
Миграция – бұл халықтар арасындағы жер аудару немесе тұрғылықты мекен-жайын ауыстыру процесі деп танылады. Миграция дегеніміз – (лат. «migratio» – көшу, орналасу) – бұл жеке тұлғаның ашық түрде қоныс аударуы. Миграциялық процесс – бұл барлық мемлекеттердің арасында болатын құбылыс болғандықтан, халықтар жер ауыстырғанда өзге мемлекеттердің ұлттық заңнамаларына ауысады. Демек, өзі келген мемлекеттің ұлттық заңнамасына тиесілі болады. Әр адам өзі тиесілі мемлекеттің азаматы болғандақтан, оның құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып, өзінің мемлекеті танылады
Мысалы, егер адам бір мемлекетке оқуға, демалуға, еңбек шарты бойынша жұмыс істеуге және т.б жағдайлармен келсе, онда бұл процестер құқықтық жағынын заңды деп есептелінеді. Олар көбіне мемлекеттен бөлінеген квотамен немесе шетелдіктерге арналған рұқсаттамамен мемлекетте жүріп – тұрады. Егер келген азамат тіркеуге тұрмай, не заңсыз кәсіппен айналысатын болса, онда кез келген мемлекет ол азаматты өз территориясынан шығаруға толық құқығы бар. Ол біздің «Әкімшілік құқықтық» кодекс бойынша «депортация» деп аталады.
«Көшi-қон – жеке тұлғалардың бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке, сондай-ақ, мемлекет iшiнде тұрақты немесе уақытша, ерiктi түрде немесе мәжбүрлi түрде қоныс аударуы. Еңбек көшiқоны – еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жеке тұлғалардың басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан, сондай-ақ, мемлекет iшiнде уақытша қоныс аударуы»[1].
Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты мынадай принциптерге негізделеді:
Қазақстан Республикасының Конституциясында, басқа да нормативтік актілерде, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда бекітілген адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
нәсілі, тілі, діні, жынысы, этникалық және әлеуметтік шығу тегі, көзқарасы, саяси сенімі сияқты белгілері, мүліктік жағдайы немесе кез келген басқа да себептер бойынша кемсітушілікке жол бермеу;
көшіп-қонушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы;

  • тұлға мен мемлекет мүдделерін ұштастыру, барлық билік тармақтарының, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың күш-жігерін біріктіру;

  • көші-қон процестерін басқару және реттеу саласындағы халықаралық танылған стандарттарды сақтау контексінде әлеуметтік, экономикалық, саяси тұрақтылықты, этникааралық және конфессияаралық тұрақтылық пен төзімділікті қамтамасыз ету және сақтау бөлігінде ұлттық мүдделердің басымдығы;

  • ең алдымен шетелде тұратын отандастарымыздың қайтып оралуын ынталандыруға бағдарланған саясаттың жүйелі де дәйекті жүргізілуін көздейтін елдің ұлттық бірдейлілігін сақтау және дамыту;

  • басым салаларда жұмыс істеу үшін шетелден біліктілігі жоғары кадрларды тартуды ынталандыруға және білікті өз кадрларымызды даярлауға негізделген Қазақстанның бәсекелестік артықшылығын дамыту;білімін, кәсібін, инвестициялық және қаржылық әлеуетін ескере отырып, көшіп келушілерді таңдау тәсіліне негізделген сұрыптау;

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға барған сапары барысында 9 құжатқа қол қойылды. Соның екеуі – миграция саласындағы құжаттар. Оның бірі – мигранттардың құқығын қорғау, екіншісі – заңсыз миграциямен күресу. Миграция міндетті түрде заңды болуы керек. Бұл – осы заңсыз келетін мигранттардың санын азайту мәселесі. Ол біріншіден Қазақстанға еңбек нарығын реттеуге, мигранттар тарапынан жасалатын қылмыстар санын азайтуға, олардың келетін ағымын бақылауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан келетін мигранттардың өз құқықтарын қорғауға жол ашады.

Миграция стихиялық, бақылаусыз сипатта болған сайын оның кәсіби қылмыскерлермен және кримоногенді орталардан шығушылармен толығары сөзсіз. Олар өздеріне ыңғайлы, пайдалы орта табуды көздей отырып, кеңістікте орын ауыстырып отырады, құқық қорғау органдарының қудалауынан құтылуға тырысады. Осы қылмыстық топтар миграциялық лекті қоғамға қарсы әрекет етушілерге айналдырады. Мигранттарды пайдалана отырып, оларды есірткі тасымалдаушылар мен қару-жарақты сатушылар етеді, дамыған елдерде арзан, заңсыз жұмыс күші ретінде мигрант ер адамдарды тасымалдайды, ал әйелдерді жезөзекшелікпен еріксіз айналысу үшін миграциялауды жүзеге асырады. Миграциялық ағымдардың әртүрлі болуының өзі қылмыстық көріністің әртүрлі сипатта болатынын көрсетеді. Ол уақытша және тұрақты мигранттарға, босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға, еңбек және оқу мигранттары т.б. байланысты.
Ал Қазақстандағы жағдай нешік? Сонымен қатар, экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі әзірлеген заң жобасы нені шешпек? Ресми мәліметтерге сүйенсек, соңғы екі жылда Қазақстанға 2 млн.-нан астам шетелдік азамат келіпті. Соның басым бөлігін Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстаннан келгендер құрайды. Ал Орталық Азиядан Қазақстанға қарай жөңкілетіндердің басты мақсаты нәпақа табу екені түсінікті. Дегенмен, соған қарамастан, әлгіндей 2 млн.-нан астам келімсектің 1 пайызға жетер-жетпесі ғана Қазақстанға келу мақсатын «еңбекпен айналысу үшін» деп көрсетсе, 96 пайызы «жеке мақсаттарымен» келгенін тіркетіпті. Ал нақты жағдайды саралағандар мұның мүлдем керісінше екенін, көршілестерден ағылатын еңбек мигранттары маусым сайынғы келісті қойып, жыл бойына, тіпті мүлдем елге сіңіп бара жатқанын айтады. 
Қазақстандағы өзбек мигранттарының санын нақты айту мүмкін емес. Өйткені, Қазақстанға визасыз кіретіндіктен, кімнің жұмысқа, кімнің демалысқа келгенін аңғару қиын.
Бізді бірінші кезекте толғандыратын мәселе шекарамызға территориялық тұтастығымызға төнетін қатер. Ал латенттік-мемлекеттердің арасындағы шиеленісті қарым-қатынас. Елес қатері: ол халық санасынан шықпайды, оларда әртүрлі қорқыныштар тудырады. Мысалы: елімізде қытайлардың қаптауы.
Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық дамып тереңдей түсуде. Қазақстанның инвистициялық жобаларында қазіргі кезде Қытай бесінші орынға ие болып, елімізде Қытай кәсәпкерлерінің қызметі кеңеюде. Қазіргі уақытта елімізде 78-тан астам Қытай Халық Республикасы компанияларының өкілдіктері тіркеліп, мұнай және газ саласында, тоқыма, пластмасса және металл өнеркәсібі саласында 670 шет мемлекет капиталдарының көмегімен құрылған біріккен кәсіпорындар қызмет етуде. Шығыс Қазақстан облысында 10-нан астам, ал Алматыда 15-ке жуық қытаймен бірлескен кәсіпорындар тіркелген.
Қазақстанға Қытай миграциясынан келетін қатерлерге келер болсақ:

  • Территориялық және шекаралық проблемалар.

  • Екі елдің арасындағы әлеуметтік-экономикалық әлеуеттің алшақтығы.

  • Қазақстандықтарға еңбек нарқында бәсеке тудыруы.

  • Экологиялық саясат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет