Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды құрастыру Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар бірнеше
сыныптардың бір параллеліне арналған тест спецификациясына және балл
қою кестесіне сәйкес құрастырылады.Жиынтық бағалау жұмысының түрлері
бірнешеу болады: тест тапсырмалары, сынақтар, бақылау жұмыстары,
диктант түрлері, мазмұндама, эссе және т.б. Тест спецификациясы жиынтық
бағалаудың негізгі мазмұнын көрсетеді және тапсырма құрастырудың негізі
болып табылады.
Әр пән және сынып бойынша тест спецификациясы келесі
ақпараттардан тұрады:
тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты;
бағалау критерийлеріне шолу;
тоқсанның жиынтық бағалауына шолу:
- тапсырмаларды орындаудың ұзақтығы;
- тапсырманың құрылымы;
- әр жұмысқа қойылатын балл саны;
- балды сұрақтардың түрлеріне қарай бөлу.
тапсырмалар үлгілері;
балл қою кестелерінің үлгілері;
тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу ережелері.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нәтижелерін талдау Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары балл қою кестесімен
сәйкестендіріле жасалады. Жиынтық бағалау өткізілген соң мұғалім балл қою
кестесін қолданып балл қояды.
Мұғалім барлық жауап үшін балл қойылып, нәтижелердің дұрыс
жазылғанына көз жеткізеді.
Мұғаліммен бірге оқушы да бағалау нәтижелерін оқу барысындағы оқу
жетістіктеріне жетуде қаншалықты алға ілгерілегендігін анықтау үшін
қолдана алады. Оқу нәтижелері мен кері байланыс әрекетінің оқушыны үнемі
оқуға ынталандырып, алға жетелеп отыруы маңызды, сондықтан ол оқушыға
түсінікті тілде, оның дұрыс қорытынды шығаруына мүмкіндік беретіндей
болуы қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалім оқушылардың оқу
бағдарламасының мазмұнын қаншалықты тиімді игергендігін және қандай
дағдылардың қалыптасқанын анықтау үшін қолдана алады. Қалыптастырушы
бағалаудағы сияқты мұғалім бұл ақпаратты оқыту үдерісін ары қарай
жоспарлауында қолдана алады.