1. ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖОЛДАРЫ Мақсаты:Үлгерімі төмен оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, қабілеті төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, пәнге деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік білім стандартын меңгерту.Міндеттері:
Әр сыныптағы үлгерімі төмен оқушыларды анықтау.
Жыл бойы жұмыс жүргізу арқылы үлгерімі төмен оқушылардың үлгерімін жоғарылату.
Үлгерімі төмен оқушыларға психологиялық – педагогикалық көмек көрсету.
Негізгі принцип:Нақты баламен жеке сыйластық және сенімді қарым – қатынас орнату. ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫҒА. МҰҒАЛІМНІҢ БЕРЕР КӨМЕГІ Сабақ кезеңдері. Көрсетілетін көмектер.Оқушының дайындығын бағалау Оқушы жауап беру кезінде мейірімділік таныту. Оқушы жауап бере алмаған кезде тақтада не орнында дайындалуына рұқсат беру.
Жаңа материалды таныстыру Тақырыпты түсінуге байланысты әдіс-тәсілдерді қолдану. Үлгермеуші оқушыға назар аудару,сұрақтар қою, түсіну деңгейін анықтау. Тәжірибе жасауға дайындалуда, көрнекілік әзірлеуде көмекші ретінде алу.
Сабақ барысында өзіндік жұмыс жасауда Жеңіл тапсырма беру. Тапсырманы орындау жолдарын есіне түсіру. Ереже, тұжырымдама, формула, т.б. сүйенуін ескеру. Өз бетімен жұмыс істеуін қалыптастыруға жағдай туғызу. Үлгермеуші оқушының жұмысын тексеру, қатесін айту, түзету барысында әрекетін байқап, бақылау.
Өз бетімен жұмыс істеуді ұйымдастыруды Үлгерімі төмен оқушыларға арнап топ құра білу. Тапсырманы орындауда дұрыс бағдар беру, көмектесу. Кездесетін қиыншылықтың алдын алу бағыт беретін карточкалар қолдану.
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс 1. Оқу материалдарының мазмұны таным - түсінігіне сәйкес болуы
2. Ең оңай, қызықты материалды ұсыну
3. Мұғалім және ұжым мейірбандылық көрсету
4. Оқушының көңіл- күйін қадағалау, үнемі бақылауда ұстау