13-билет
1.Тұтас оқу-тәрбие процесінде оқушыларға адамгершілік - эстетикалық тәрбие беру
2.«Математика» пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша және тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды талдау
3. Әліппедегі тыңдалым,оқылым, жазылым, айтылымның ерекшілігі: ұсынылатын материалының көлемі
1.Эстетикалық тәрбие. Оқу-тәрбие үрдісінде эстетикалық тәрбие беру.
Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өмірдегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау мен эстетикалық сезім мен түйсікті тәрбиелейді.
«Эстетика» грек сөзі.Сезім,түйсік деген мағына береді.Олай болса эстетика өмірді сезім арқылы танып,білудің негізгі жолы.Эстетикалық талғамы биік,сезімтал адам еңбектегі әдемілікті,табиғат,өнердегі сұлулықты танып,оны сүйе қастерлей білетін болады.
В.Г.Белинский: «Сезімнің әсемдігі адамгершіліктің құнды жағы...Онсыз бұл сезімсіз данышпан да,талант та ой да жоқ...Эстетикалық сезім-ізгілік негізі,адамгершіік негізі»,-деп түсіндіреді.
Эстетика ұғымын тұңғыш ғылымға енгізген неміс философы Александр Баумгартен 1750ж болды.А.В. Луначарский эстетикалық тәрбиенің мәнін аша келе,эстетика саласынан қандай да бір өнерді қарапайым түрде оқыту деп түсінуге болмайтындығын,керісінше олардың сезім мүшелері мен шығармашылық қабілеттеріне жүйелітүрде әсер ететін оқуды,одан оқушылар ләззат алып,оны өздері жасай білу мүмкіншіліктерін дамыту деп түсіну керектігін айтқан.
К.Д.Ушинский «Барлық балалар бірі қалмастан суретші»,-десе, В.А.Сухомлинский «Әрбір бала- ақын»,-деп жазған.
Қазақтың ағартушылары Шоқан,Ыбырай,Абай Халқымыздың рухани дамуына өлшеусіз үлес қосқан.
Эстетикалық тәрбие-тәрбиенің басқа салаларымен тығызбайланысты. ОЛ ақыл-ой,еңбек,адамгершілік,дене шынықтыру т.б тәрбие түрлерімен байланысты..
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты-оқушының бойында кркем –эстетикалық мәдениетті қалыптастыру,оны жоспарлы және мақсатты түрде бойына сіңіру болып табылады.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:
-Бейнелеу өнері арқылыкөркем –шығармашылық сезімін дамыту.
-Эстетикалық құралдарды:өнер,әдебиетті қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
-Эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу.
-Оқушыларды әсемдікті көре біліп сезінуге тәрбиелеу.
Оқу-тәрбие үрдісінде эстетикалық тәрбие беру.
Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі оқу-тәрбие процесінде іске асырылады.Эстетикалық білімнің негізі-оқу пәндері.Мектеп оқушылары әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесінде табиғаттың ,еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағаай білуді түсінеді.
Ана тілі-мәдениетті сөйлеу,,көркемдік танымын қалыптастырып,қиялын дамытады.
Музыка-сезімдерін дамытып,музыкаық мұратын қалыптастырады.
География-оқушылардың эстетикалық дүнитанымын дамытады.
Бейнелеу өнері кескіндеме,мүсін,графика,әсемдікті жасау қабілетін дамытады.
Әдебиет,тарих-шығармашылық қабілетін дамытады.
Химия,физика-табиғи құбылыстар жайы түсінік алады.
Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі сыныптан тыс жұмыстар арқылы да іске асады.
Шығармашылық үйірмелер ұйымдастыру. Балалар шығармашыығының басты көрінісі –көрмелер,сайыстар.Көрмеде бейнелеу өнері,қабырға газеттері,қолжазба журнадары көрсетіледі.Сайыста жақсы лирикалық әндер,эстрадалық әндер,әңгімелер орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |