1. Этика туралы түсінік



бет1/16
Дата14.09.2022
өлшемі97,56 Kb.
#39099
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
іскерлік этика


1.Этика туралы түсінік 
Этикет адам мен қоғам мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылатын адамдардың ішкі қатынастарының пайда болу процесін реттейтін өзін өзі ұстау ережелерінің жиынтығы. Этикет адамның сыртқы келбетінің элементі ретінде ішкі мәнімен сәйкес бола бермейді, бала күнінен дипломатиялық қатынастардың даналығын сіңіріп өскен адам өнегесіз, адамгершіліксіз, менменшіл болып қалуы мүмкін. Бірақта осындай адамның мәдениетті, тәрбиелі болуы екіталай. Өзге адамдарға деген шынайы силастықтың сыртқы көрінісінде, адамның өзіндік абыройына, көмекке әзірлігі, қолдаушылық сияқты мінез – құлықтық мазмұнға ие болғанда өзін өзі ұстаудың сыртқы нысаны шынайы  мәдениеттің элементі мен көрсеткіші болып табылады. Адамның өзін өзі ұстауында сыртқы және ішкі бірлігі екі жарым  мың жыл бұрын «мінез құлықтың алтын ережесінде», «Басқалардың өзіңе   қандай қарым – қатынаста болсын десең, басқаларға да сондай қарым – қатынаста бол» дегенді білдіреді. Біз бұл қағиданы Конфуцидің ілімінде, ежелгі индия эпосы «Махабхараттан» және Библиядан да кездестіреміз. Өзіндік  абыройын сезіну адамның өзін өзі бағалауын бекітетін этиканың негізі болып табылады. Адамдарға қатысты әдептілік, шынайылылық, табиғилық, 
ілтипаттылық (этиканың маңызды кредосы) қарым қатынастағы мәнерлілік пен жалғандылықты айыптайтын этиканың маңызды кредосы. Көбінесе қазіргі заманғы этиканың мінез құлықтық шарттастығы жақсы мәнер мен өзін өзі ұстау ережелерін зеріккен мырзалар немесе әлеуметтік топтардың назымен қалыптасқан жоқ, ал адамдардың объективті қажеттіліктерін реттеп, жоғарылатудың күшімен, өзін - өзі құрметтеуге, басқа адамдардың қадірлеуі мен тануы, қарым – қатынас пен бауырмалдылықты әлеуметтік қамсыздандырып, оларды жылы және адами ету болып табылады. Әсіресе, бізге бұл қажеттілік қазір қоғамымызды менмендік пен бөлектенушілік меңзегенде аса қажет, ал альтруизм ұғымы келмеске кеткен сияқты. Қазіргі заманғы жеке әлеуметтік топтардың кәсіби ерекшеліктері мен қоғамның кейбір өмірлік қызметінің аясындағы кәсібилік сияқты өмірлік жағдайлардың ерекшелікреімен айқындалатын этикеттің әртүрлі нысандары. Сондықтан, бүгінгі күні этикетті кәсіби, қызметтік, ғылыми, медициналық, дипломатиялық және т.б. түрлерге бөледі. 

Этика – Мораль және адамгершілік туралы ғылым. Этика терминін философияға 
алғаш енгізген адамзаттың Ұлы ұстаздарының бірі – Аристотель. 
Этика деп – этикалық ізгіліктерді зерттейтін ғылымды айтқан.Ол бойынша адам 
бойындағы ізгіліктер екі негізгі түрден тұрады: 
1.Этикалық ізгіліктер. 
2.Дианоэтикалық ізгіліктер. 
Этикалық ізгіліктер адамның мінез-құлқына, күш-қуатына байланысты болады. 
Олар мыналар: жомарттық,батылдық,шыншылдық.
Ал Дианоэтикалық ізгіліктер адамның ақыл парасатына байланысты дүниелер. 
Олар мыналар болып есептеледі:Ақыл мен парасат. 
Этиканың негізгі зерттейтін пәні Мораль болып табылады.Ол адамзатпен бірге 
Бірігіп этиканы құрайды. 
Адамгершілік – адамгершілік құлық жеке адамның қоғамда өмір сүре алатын 
басқалармен қарым – қатынаста болатын қабілеті.Ол адамдардың ішкі дүниесінің көрінісі. 
Ал мораль өзінің мәні жағынан жеке тұлғамен қауымның адам мен азаматтың 
арасындағы ізгілік ереже лерінің жиынтығы. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет