1. Этика туралы түсінік


Іскерлік қатынастағы коммуникативті мәдениет



бет7/16
Дата14.09.2022
өлшемі97,56 Kb.
#39099
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
іскерлік этика

2.Іскерлік қатынастағы коммуникативті мәдениет
Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс 
орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық 
немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-
қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып 
табылады.
Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, 
тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы 
жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш 
жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі: 
1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен 
байланысты); 
2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті 
ұйымдастыру); 
3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты). 
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. 
Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл 
басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. 
Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, 
ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет 
жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы 
көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-
қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде 
қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. 
Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен 
қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың 
негізгі өлшемі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет