2.Коммуникация түрлері және негізгі рөлдері.
Коммуникация мәнін түсінуде келесі сөздер кілттік болып табылады: байланыс, контакт,
өзара әрекет, алмасу, біріктіру амалы. Әлеметтік- психологиялық феномен ретінде
коммуникация нақтырақ сөзбен белгілеу үшін контакт, яғни жанасу сөзін алуға болады.
Адамдар арасындағы контакт тіл мен сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сөйлеу
коммуникациясының негізгі тәсілі болып табылады. Ол адам санасын белгілік жүйелер
арқылы обьективтеу ретінде қарастырылуы мүмкін.
Қандайда бiр ақпараттар арнайы белгiлер арқылы бере аламыз, нақтырақ айтқанда
белгiлер жүйесi арқылы. Коммуникативтiк процесте қолданылатын бiрнеше белгiлер
жүйесi бар, соған сәйкес қылып коммуникативтiк процестiң классификциясын құруға
болады.
Сөйлеу пайда болушы сананың көріну формаларының бірі ретінде пайда болады және
адамның жоғары психикалық қызметтерінің бірі ретінде филогенетикалық және
онтогенетикалық деңгейлерде дамудың күрделі кезеңдерінен өтті. Сөйлеу манерасы
адамның дүниетану жөніндегі түсінігін, оның мәдениетін анықтайды. Сөйлеу сапасы
мазмұн, қатынас және әсер үндестігіне тәуелді. Мазмұны ақпаратпен байланысты,
қатынасы – адам өзі сөйлеуге енгізетін эмоционалды контекстке құрамымен байланысты;
әсер сөйлеудің басқаларға ықпалымен анықталады. Мысалы, біз сөйлеушінің сөйлеуінің
әлеуметтік-психологиялық сапасын бағалауымыз керек. Бұл жағдайда оның ақпараты
қаншалықты мазмұнды екенін, ол сөйлеушінің өзіне қызықты ма және оның хабарламасы
басқа адамдарға әсер ете ме, соны анықтау керек.
Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асады. Тіл – ақпаратты қандай да бір түрде кодпен хабарлайтын
белгілік жүйе. Қазіргі қоғамда белгілік жүйелер өте көп, бірақ компьютерлік байланыстың
дамуымен олардың кейбір интеграциясы тенденциясы толық анық. Сөйлеудің маңызды
факторы болып
4. Қарым- қатынастағы негізгі стратегиялар.
Қарым-қатынас туралы түсінік. Қарым-қатынастың типтері, көріну формалары.
Қарым-қатынастың негізгі қасиеттері, жалпы заңдылықтары. Қарым-қатынас
механизмдері. Қарым-қатынас стильдері және тәсілдері. Қарым-қатынастың
коммуникациялық жағының сипаттамасы. Қарым-қатынастың перцепциялық жағының
сипаттамасы. Қарым-қатынастың интеративтік жағының сипаттамасы. Қарым-қатынастың
қызметтері. Императивтік қарым-қатынас, манипуляциялық қарым-қатынас, диалогтық
қарым-қатынас. Жеке адам және қарым-қатынас. Қарым-қатынас мәдениеті.
Коммуникабельдік. Қарым- қатынас түсе білу – педагогтың жеке басының ерекшелігі.
Қарым-қатынасқа қойылатын талаптар. Қарым-қатынасқа түсе алу тренингі. Әлеуметтік-
психологиялық тренинг. Адамдар қатынасының жалпы сипаты. Қатынас және оның
функциялары: байланыстыру, прагматикалық қызметі; қалыптастыру, дамыту қызметі;
растау қызметі; тұлғааралық эмоциялық қатынастарды ұйымдастыру мен тіректеу
қызметі; тұлғаішіндік қызмет.Жеке адамдар арасындағы қатынастың түрлері:
императивтік, манипуляциялық, диалогтық, рухани, іскерлік, формальдық-рөлдік қарым-
қатынастар.Қатынас тәсілдері: тіл, жест, мимика, пантомимика, интонация (сөз ырғағы).
Қарым-қатынасқа қатысты ұғымдарға сипаттама. Коммуникабельді, коммуникативтік
хабардарлық, коммуникация және т.б. Қарым-қатынас стратегиялары және тактикалары.
Қатынас формалары: тікелей ортақтасу, жанама ортақтасу, тұлғааралық ортақтасу,
бұқаралық ортақтасу, персонаралық ортақтасу, рөлдік ортақтасу.
Психология ғылымындағы «қарым-қатынас» және «іс-әрекет» категорияларының
қатынасы. Қарым-қатынас мазмұны және құрылымы. Адамдардың қарым-қатынас
формаларының әртүрлілігі және олардың механизмдері. Коммуникативтік процестің
құрылысы. Коммуникацияның түрлері. Коммуникацияның тәсілдері және шарттары.
Коммуникацияның сөздік және сөздік емес бөлшектері. Белгілердің паралингвистикалық
және экстралингвистикалық жүйелері. Ақпараттың кодефикациялануы. Қарым-
қатынас дағдыларының дамуын әлеуметтік психологиялық әдістермен зерттеу. Адамдар
арасындағы коммуникативтік процестің ерекшеліктері. «Қозғалыс» барысындағы
хабардың дамуы мен артуы коммуникативтік процестегі серіктерінің белсенділік
позициясы хабардың мағыналық интерпретациясы, коммуникация түрлері. Тілдік
тәртіптің құрылымы. Тілдік қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық
заңдылықтарын түсіну. Тезаурус түсінігі. Коммуникативтік барьердің типі. Тілдік сана
мәселесі және жеке адамның өзіндік сана-сезімі. Тест әлеуметтік пәні ретінде: құрылу
заңдылықтары, қабылдау механизмі, интерпретациялық тәсіл. Тілдік сереотип және тілдік
этикет. Тілдік ережелердің орны. Вербалдық емес коммуникация түсінігі. Вербалдық емес
тәртіптің негізгі құрылымына жалпы мінездеме (мимика, жест, поза, көзбен контактыға
келу, жүріс-тұрыс) коммуникативті процестің факторы ретінде. Қарым-қатынасты
кеңістік, уақыт барысында ұйымдастыру. Вербалдық емес коммуникативтік топтың
ішіндегі қатынасты және бір-біріне әсер етудегі ерекше көрсеткіш.
Адам индивидуалдылығының көпжақтылығы тек қана кәсіби іс-әрекетте емес, басқа
адамдармен қарым-қатынаста көрінеді — реалды, гипотетикалық, күнделікті және
конфликтілі. К.Хорнидің ойынша, адам бала кезінен бастап басқа адамдарға деген
тұлғалық бағдарлар, 3 негізгі стратегия өндіріп, кейін оларды ұстанады: бұл адамдарға
бағытталған қозғалыс, онда басты болып басқалар жағынан махаббат болып табылады, ал
қалған мақсаттар оны ақтауға деген қалауға бағыңқы болады; адамдарға қарсы
бағытталған қозғалыс, онда “джунгли философиясы” басымдық көрсетеді: өмір бұл
тіршілік ету үшін тоқтамайтын күрес, соның ішінде басқа адамдармен; соңғысы,
адамдардан қашу,тәуелсіздік пен қол сұғылмаушылық қажеттіліктерімен сипатталады,
күрестің әр түрлі көріністерінен бас тартады, бірақ бір сәтте адамның бейімделуіне кедергі
келтіреді
Қазіргі кездегі әлеуметтік психологияда өзара әрекеттесу стратегияларын көбінесе қарым-
қатынасқа итермелейтін мотивтерге сүйене отырып анықтайды, соның ішінде күнделікті
байланыстар ұйымында келесілерді бөліп көрсетеді:
1.Кооперация (жалпы ұтысты максимизациялау мотивы)
2.Индивидуализм (өзіндік ұтысты максимизациялау мотивы)
3.Бәсекелестік (ұтысқа қатысты максимизациялау мотивы)
4.Альтруизм (басқаның ұтысын максимизациялау мотивы)
5.Агрессия (басқаның ұтысын минимизациялау мотивы)
6.Теңдік (ұтыстағы әр түрлілікті минимизациялау мотивы)
Бұл стратегиялар қарым-қатынастың бағытын бағыттайды және жуықтап оның нәтижесін
көрсетеді; қарым-қатынас мақсаттары үшін оның қатысушыларының мотивтері бірін-бірі
толықтырып тұрса қолайлы болады, ал индивидуализм мен агрессия стратегиялары
қолайсыз болады (4).
Конфликт жағдайында оның қатысушыларының мотивтері әр түрлі нәтижелерге әкеп
соқтыратын мінез-құлықтың спецификалық стратегияларын анықтайды. Бұл білім
аумағында өзіндік және басқалардың (ұжымдық) қызығушылықтарының ара қатынас
шамасымен ерекшеленетін,
жарысу, ынтымақтастық,ымыра, қашу және бейімделу сияқты конфликтідегі мінез-
құлықтың 5 түрін бөліп көрсеткен К. Томастың классификациясы неғұрлым танымал
болып табылады (4).
Конфликтіден қашқалақтау адам өз жоғалтуларының бағасымен басқаның ұтысын
минималдылыққа дейін жеткізіп, конфликтіден қашуға ұмтылған жағдайда көрінеді.
(“Ешкімнің де қолына түспесін!” — бұл қашқалақтаушы адамның девизі). Қарсыласу-бұл
“арқанды тарту” стратегиясы, бұнда әрбір ұтыс жеткіліксіз болып көрінеді, жеңістер көп
болса да, қатысушылар жеңіске жетуден құмар болады. Шегінімділік-партнердің мақсатқа
жету үшін, кез келген талаптардан бас тарту, бұл құрбандылықтың өз-өзін жоюшы
стратегиясы. Ынтымақтастық-бұл бәсекелестіктің мотивын немесе адамдардың
әлеуметтік мінез-құлқына сай кооперация мотивын жүзеге асыруға рұқсат ететін
стратегия. Ымыра (стратегиялық ұтыс үшін тактикалық шегінім) неғұрлым өнімді
стратегия болып табылады, өйткені жоғарыда атап кеткендерден гөрі, конфликтке
қатысушылардың жақсы көңіл-күйіне және олардың ары қарайғы қатынастарынының жақсаруына әкеледі. Сонымен қатар жүзеге асыруда ол ең қиыны болып табылады.
Бақылауға арналған сұрақтар:
Коммуникация туралы түсінік?
Коммуникация түрлері және негізгі рөлдері?
Коммуникативтік компоненттілік дегенді қалай түсінесіз?
Қарым- қатынастағы негізгі стратегиялар ?
Достарыңызбен бөлісу: |