8)Инновациялық жұмыстарды ұйымдастырудың матрицалық жүйесінің артықшылықтары
Экономикалық дамудың инновациялық бағыттылығы, технологиялық жаңару қажеттілігінің артуы инновациядағы ұйымдастыру принциптері мен құрылымдық-ұйымдастырушылық қатынастардың нақты сәйкестігінің маңыздылығын көрсетеді.
Инновацияны ұйымдастыру үш негізгі аспектіден тұрады:
· Инновацияларды әзірлеуді, енгізуді және өндіруді бірлесіп жүзеге асыратын адамдардың бірлестігі болып табылатын инновация субъектісі;
· Инновациядағы қажетті функцияларды орындауға бағытталған ұйымның процестері мен әрекеттерінің жиынтығы;
· Жүйенің ішкі реттілігін қамтамасыз ететін және оның элементтері мен ішкі жүйелер арасындағы байланыстарды жақсартатын құрылымдар.Инновациялық ұйым – оның даралығы мен ерекшелігін көрсететін күрделі техникалық, экономикалық және әлеуметтік жүйе
.
9)Фирмаларды қазіргі заманғы қайта құрылымдау шаралары
Экономикалық саясат – мемлекеттің экономикалық іс-шараларының жүйесі, яғни мемлекет, үкімет жүргізетін іс-қимылдардың, экономиканы басқару саласындағы шаралар жүйесі, елдің мақсаттарына, міндеттеріне, мүдделеріне сәйкес экономикалық үдерістерге белгілі бір бағыттылық беру.
Экономикалық саясат белгілері тән: мемлекет ұдайы өндіріске белсене араласады, халық ш-ндағы секторды дамытады, экономиканы бағдармалайды, дағдарысқа, инфляцияға қарсы шараларды жүзеге асырады, фирмалардың, соның ішінде халықаралық монополистік ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттейді. Экономикалық саясаттың нысандары мен әдістері көбінесе экономиканың жай-күйіне, нарықтық экономиканың ұдайы өндіріс үдерісін мемлекеттік реттеумен ұштастырылуына байланысты. Экономикаға оны жанама түрде реттеудің кейнстік теориясына негізделген мемл. ықпал ету идеялары мемлекет тиісті салық және несие-қаржы саясатын жүргізе отырып, қор жинауға бейім шаруашылық жүргізуші субъектінің психологиясын ықпал ете алады, қоғамның тиімді жиынтық сұранымына ынталандыра алады, сол арқылы нарықты реттеп, бағыттай алады, экономикалық өрлеуді жеделдете алады, халықтың жұмыспен қамтылуы деңгейі мен оның әлеуметтік әл-ауқатын арттыра алады дегенге саяды.
Достарыңызбен бөлісу: |