1. Ғылымға берілген анықтамаларды салыстырып, басты қағидаттарды кластерге түсіріңіз. Қымбат



бет18/54
Дата21.12.2023
өлшемі0,98 Mb.
#142123
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54
21. Ғылыми зерттеу әдістері Маха


Ғылыми зерттеу әдісі - бұл объективті шындықты білу тәсілі.
Әдіс - бұл әрекеттердің, тәсілдердің, операциялардың белгілі бір реттілігі. Зерттелетін объектілердің мазмұнына байланысты жаратылыстану әдістері мен әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу әдістері ажыратылады.

Зерттеу әдістері ғылым салалары бойынша да жіктеледі: математикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, медициналық, әлеуметтік-экономикалық және т.б.


Білім деңгейіне байланысты эмпирикалық, теориялық және метатеориялық деңгейлердің әдістері ажыратылады.



  • Эмпирикалық деңгейдегі әдістерге бақылау, сипаттау, салыстыру, санау, өлшеу, сауалнама, сұхбат, тестілеу, эксперимент, модельдеу және т.б.




  • Теориялық деңгейдің әдістеріне аксиоматикалық, гипотетикалық, формализация, абстракция, жалпы логикалық әдістер (талдау, синтез, индукция, дедукция, аналогия) және т.б.




  • Метатеориялық деңгейдің әдістері - диалектикалық, метафизикалық, герменевтикалық және т.б. Жалпы және қолдану дәрежесіне қарай әдістер бөлінеді:

    • барлық ғылымдарда және білімнің барлық кезеңдерінде әрекет ететін әмбебап (философиялық);

    • гуманитарлық, жаратылыстану-техникалық ғылымдарда қолдануға болатын жалпы ғылыми;

    • жеке - байланысты ғылымдар үшін;

    • арнайы - нақты ғылым үшін, ғылыми білім саласы.

22. Аналогия және модельдеу әдістері Ақниет
Модельдеу әдісі – ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың модельдерін жасап, зерделеу арқылы танып-білу әдісі. Модельдеу әдісінің пайда болуы техникалық жүйелердің күрделілігіне, материалдық процестер мен құбылыстарды зерттеу қажеттілігіне орай туындайтын ой-түрткілерге, себептерге, тағы басқа байланысты. Модельдеу кез келген затты мақсатты, жылдам, неғұрлым тиімді тәсілмен зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, модель зерттеліп жатқан объектінің субъект баса көңіл қойып отырған қасиеттерін жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Ол объектіні құбылыстарға, заттар мен процестерге тән қосалқы белгілерден айырып, ондағы жалпы, негізгі, елеулі заңды белгілерді табуға мүмкіндік береді. Сондықтан модельдеу танымның формасы, әдісі, ірі категориясы болып саналады. Модельдеу екі түрге бөлінеді. 1) Пәндік модельдеу зерттеу объектісінің белгілі бір физикалық, геометриялық, динамикалық немесе функционалдық сипаттамаларын нақыштайтын модель жасау арқылы іске асады. 2) Идеалды модельдеу кезінде модель ретінде сұлбалар, сызбалар, формулалар, табиғи және жасанды тілдердегі сөйлемдер, тағы басқа қолданылады. Мұндай модельдеу түріне математикалық (компьютерлік) модельдеу жатады. Әлдебір құбылысты оның моделі арқылы зерделеу модельдік эксперимент деп аталады. Күрделі жүйелерді зерттеу кезінде көбіне бірін-бірі толықтыратын бірнеше модельдер қолданылуы мүмкін. Кейде бір құбылысты зерттегенде бір-біріне қарама-қайшы келетін модельдер пайдаланып, бұл қайшылық таным дамуының аса жоғары деңгейінде шешімін табуы мүмкін. Модельдеу танымның басқа да формалары мен әдістерімен (эксперимент, абстрактілеу, гипотеза ұсыну, теория құру, түсініктемелеу, тағы басқа) бірлесе отырып, адам білімінің тереңдей түсінуіне зор ықпал етеді.
Аналогия (гр. сәйкестік, ұқсастық) – кейбір белгілері бойынша обьектілердің ұқсастығы. Екі немесе бірнеше нәрселердің қайсы бір белгілері мен қасиеттерінің ұқсастығының негізінде ойқорытынды (умозаключение) жасайтын өйлау формасы.
Әлбетте ғылыми емес (ненаучная или нестрогая аналогия – қарапайым аналогия) және ғылыми (научная или строгая – байсалды) аналогия деп айырады. Ғылыми емес аналогия қисынды мән (здравый смысл) көмегімен негізделеді, ал ғылыми – теория көмегімен. Ғылыми аналогия бойынша, негізінде модельдендіру әдісі қолданылады. Аналогияның негізгі функциялары- эвристикалық (яғни ғылыми гипотезалардың, болжамдардың қайнар көздерінің бірі ретінде), түсіндіру, дәлелдеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет