Мақала - коғамдық-әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицистикалық жанрдағы шығарма. Мақала 4 түрге бөлінеді:
Бас мақала- заманымыздың негізгі бағытын, үкіметтің алға қойған саяси, шаруашылық, мәдени міндеттерді түсіндіріп, іске бағыт береді;
Проблемалық мақала-шешуді, тексеруді, зерттеуді қажет ететін теориялық және практикалық мәселелерді көтереді;
Насихаттық мақала- ғылым, техника, өнер жаңалықтары заман талабына сай бүгінгі өмірдің практикалық міндеттерімен байланыстырып отырады;
Публицистикалық мақала-қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғалар мен құбылыстарды, дәуір тынысын көтеріңкі үнмен, көркем тілмен баяндайды.
Ерекшелігі Сенімді ақпарат көздеріне жүгініп орындалады. Ізденіспен орындалады. Ақпаратты түрлі жолдармен беруге болады. Табылған ақпаратты мәтіндік нұсқада емес, кесте, диаграмма, суреттермен де беруге болады. Бастысы, оқырманға ақпараттың түсінікті болуы екенін естен шығармаңыз.
Конспект-дәйекті материалдың жазбасы, ақпараттың мағынасын өзгертпей қысқаша жазу үлгісін коспект дейміз.
КОНСПЕКТ ЖАЗУ САТЫЛАРЫ:
берілген ақпараттың маңызды бөліктерін таңдап алу;
Конспект, басқа да мәтінді өңдеу тәсілдері сияқты, мәтінді түсініп есте сақтап жазу. Эксперименттік зерттеулер өздігінен өңделген мәтіннің көшірілген мәтінге қарағанда 7 есе жылдам есте сақталатындығын көрсетті.
Тезис- шығарманың, баяндаманың, сөздің қысқаша желісі, негізгі ойы, пікірі. Т е з и с жаз дүмбілездеу сырлаңқырап, Кітап жаз одан-бұдан ұрлаңқырап. Сирақтай шала үйтілген өлең жазып, Оныңды өңештей бер, бұлдаңқырап (I.Жансүгіров, Шығ. жин.)
Тезис – бұл дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын тұжырымдама-пайымдаулар. Тезистің басты ерекшелігі ұсынылатын дәйектерге дәлелдер келтірілуі тиіс.
Негізгі тезистер - дерек көзінің мазмұнын жалпылайтын басты тұжырымдамалар. Мұндай тезистерден кейбір жағдайда материалдардың мазмұнын тұтастай айқындайтын жеке жазбалар жасалады.
Қарапайым тезистер – бұл басты ой-пайымдаулар, кейде конспектінің, рефераттың құрамдас бөлігі ретінде енгізіледі.Кез келген еңбекте, оның әрбір бөлімдерінде қарапайым тезистер көбірек кездеседі.
Күрделі тезистер - негізгі және қарапайым тезистер қатар қолданылатын, ойды бекітудің пайдалы және жетілген түрі.
Дәйексөз тезистері. Тезистердің бір бөлігі дәйексөз ретінде келтірілуі мүмкін. Мұндай әдісті әртүрлі көзқарастарды салыстыру үшін пікір, аннотация жазғанда қолданады