1. Ғылымға берілген анықтамаларды салыстырып, басты қағидаттарды кластерге түсіріңіз. Қымбат



бет4/54
Дата21.12.2023
өлшемі0,98 Mb.
#142123
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
ҒЗН сес

Аннотация (аңдатпа) – бұл тұтас мақаланың қысқаша нұсқасы. Мұнда автор мақалада шешімін беретін мәселені, мақсаты мен зерттеу нәтижесін сипаттау қажет. Оқырманға құнды болатын бар өзектілігін көрсетуі тиіс. Бұл өз кезегінде ғалымға оны ары қарай оқуға тұратын-тұрмайтындығын анықтауға көмектеседі.
Аннотацияны зерттеу жұмысының негізгі бөлігінің орындалып, зерттеу аясы түсінікті болған кезде жазу қажет. Оны ғалымның зерттеу кезінде ашқан мәселесін нақты түсіне отырып жазуы аса маңызды.
Аннотацияның құрылымы

  • Өзектілігі. Ғалымға берілген мақаланы оқудың қажеті неде?

  • Мәселенамасы. Зерттеу жүргізу арқылы Сіз қандай мәселені шештіңіз?

  • Шешімі. Қандай әдістер мен тәсілдерді қолданып, теориялық сұрақтарды көтердіңіз?

  • Нәтижесі. Зерттеудің нәтижесін сипаттаңыз.

  • Қорытынды. Сіздің зерттеп отырған тақырыбыңызды жұмысыңыз қалайша кеңейтті? Қандай жаңалық аштыңыз?

Ерекшеліктері:
Онда ешқандай бос сөз, жалпы фразалар, артық мағлұматтар болмауы тиіс. Бірінші жақты қолданудың, тізімдерді кіргізіп, дәйексөздерді жазып, кескіндер мен суреттерді енгізу мен сілтемелер жасаудың қажеті жоқ. Терминдерді аз қылыңыз, тым ұзын синтаксистік және грамматикалық конструкцияларды қолданбаңыз

Мақала - коғамдық-әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицистикалық жанрдағы шығарма. Мақала 4 түрге бөлінеді:

  • Бас мақала- заманымыздың негізгі бағытын, үкіметтің алға қойған саяси, шаруашылық, мәдени міндеттерді түсіндіріп, іске бағыт береді;

  • Проблемалық мақала-шешуді, тексеруді, зерттеуді қажет ететін теориялық және практикалық мәселелерді көтереді;

  • Насихаттық мақала- ғылым, техника, өнер жаңалықтары заман талабына сай бүгінгі өмірдің практикалық міндеттерімен байланыстырып отырады;

  • Публицистикалық мақала-қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғалар мен құбылыстарды, дәуір тынысын көтеріңкі үнмен, көркем тілмен баяндайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет