6.3.5.1 басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды қолдана білу
6.1.4.1 қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсіну және түсіндіре білу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: шахмат ойынының шығу тарихы мен фигуралардың атауларын, олардың жүру тәртібін білу. Шахмат ойынындағы басты фигура корольге әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, мат қоя білу.
Шахмат ойынының шығу тарихынан мәлімет беру;
шахмат ойынының тақтасының құрылымы, таңбалануы туралы білім бер; тастарының атаулары, олардың орналасуымен таныстыру.
Ойын ережесінен алғашқы мәлімет беру.
Шахмат ойынына деген қызығушылық тудыру.
Оқушылардың математикалық ойлау қабілетін арттыру. Адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесін жетілдіру.
Тапсырма.
1. Сұрақ- жауап, түсіндіру, ойын, ой-толғаныс, «Кубизм» әдісі
2. Таныстыру (әр топ өз аттарымен, ұрандарымен таныстырады)
3. «Кім жүйрік?» (сұрақ жауап сайысы, барлығы 10 сұрақ)
4. «Ойлы болсаң озып көр» (семантикалық картаны толтыру)
5. «Жорға» (кубикті лақтыру арқылы сан таңдау, сол санға сәйкес құпия суреттерді анықтау)
6. Жас шахматшы (екі топ ойыншысы шахмат ойынын ойнайды)
Шахмат ережелерін түсініп оқиды, танысып шығады
Оқушылар ой-өрістерін дамыту арқылы қойылған логикалық сұрақтарға жауап береді
Оқушылар шахмат ойынын ойнауды, қарсыласына «шах және мат» қоюды үйренеді
Өнерпазды жарау аттай баптасын,
Жүлде алып ел намысын ақтасын
Өнерімен танылып оқушылар,
Ел сенімін еңбекпенен ақтасын.
Оқушылар сендер шахмат ойынын қалай ойнау керектігін оқып үйренудесіңдер, алдағы уақытта сіздер мықты шахматшы деген атпен сияқты әлемчемпионаттарына қатысып, биіктен көрінулеріңізге тілектеспін.
Оқушылар ережелерді сақтай отырып шахмат ойынын қайталайды