1. Ғылымға берілген анықтамаларды салыстырып, басты қағидаттарды кластерге түсіріңіз. Қымбат


Ғылымның функцияларын концептуалды кестемен беріңіз.. Алина



бет48/54
Дата21.12.2023
өлшемі0,98 Mb.
#142123
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54
Байланысты:
ҒЗН сес

81. Ғылымның функцияларын концептуалды кестемен беріңіз.. Алина
1 вариант
1) түсіндіру - табиғат объектілері мен табиғат құбылыстарының мәнін ашып, түсіндіру;
2) жүйелеу - жиналған фактілік материалдарды сурыптап, бір жүйеге енгізу;
3) суреттеу - қоршаған жағдайдың байланыстары мен қасиеттерін сипаттап көрсету;
4) болжам жасау - дәл қазіргі кезде жүріп жатқан процестердің даму дәрежесін есепке ала отырып,
болашаққа болжам жасау;
5) қорытынды жасау -- табиғаттағы болып еткен, қазіргі кезде жүріп жатқан және болашақта күтілетін
процестерді есепке ала отырып, ғылыми негізде қорытынды жасау;
6) жаңалық ашу --
табиғаттың жаңа заңдарын ашу, жаңа ғылыми гипотезалар шығару;
7) өндірістік-төжірибелік бағыт беру -- алған білімді өндірісте, әлеуметтік басқаруда және тағы басқа
салаларда қолдану мүмкіндігі;
8) дүниетанымдық -- алған білімді әлемнің обьективті картинасымен байланыстыру.


2 вариант
Ғылымның функциялары:
1) Танымдық
Ғылымның танымдық қызметі оның негізгі мақсаты болып табылады. Оның негізгі белгілері: қоршаған дүниені, оның заңдылықтары мен құбылыстарын, заңдылықтарын білу; дүниені теориялық түсіну.
2) Идеологиялық функция лдыңғысымен тығыз байланысты. Негізгі мақсаты: ғылыми білімге негізделген нақты ғылыми дүниетаным мен дүниенің тұтас бейнесін дамыту.
3) Өндірістік функция ғылым мен өндірістің қиылысында орналасқан. Ол инновациялық әзірлемелерді, ескіргендердің орнына жаңа технологиялық процестерді, өндірісті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге көмектеседі.
4) Ғылымның мәдени функциясының көрінісі көбінесе білім беру және өзін-өзі дамыту идеяларын насихаттау мен танымал етуде.
5) Қоғамдық. Ғылымның қоғамдық өмірге, экономиканың дамуына және қоғамды әлеуметтік басқаруға ықпалы орасан зор.

82. Өзіңіз оқыған бір ғылыми мақалаға сын-пікір жазыңыз. Дариға
Ғылыми мақала жазудың мазмұны бойынша талаптары Публикация мақсаты – нақты жаңалыққа қатысты ойды қоғамға жеткізу. Мақала жазуға қадам жасаған кез келген автор, алдымен, ғылыми мақала жазудың негізгі талаптарымен таныс болуы керек. Ғылыми мақала жазудың негізгі талаптары мазмұны жəне баяндалуы бойынша екі топқа бөлінеді. Ғылыми мақала жазудың мазмұны бойынша талаптары: Ғылымилық талап – мəтіндегі кілттік сілтемелерге негізделе отырып, танымдылықтың ғылыми əдісін қолдану арқылы жаңа затты зерттеу жəне дайындау бойынша зерттеу əдістері мен қорытындыларды талдау жұмыстарымен жүзеге асырылуы.
Атем Маржан Нұрланқызы «орта білім беру сапасын арттырудың педагогикалық негіздері» тақырыбында жазылған диссертациялық жұмысы қазіргі таңдағы еліміздің өзекті мәселесін зерттеуге арналған. Бүгінгі қоғамның білім беруге қойып отырған талаптары мен білім берудің нақты жағдаййы арасындағы қарама-қайшылықтар әлі де болса білім беру саласындағы көкейтесті мәселелердің бар екендіігн және зерттеліп отырған таұырыптың әлеуметтік және саяси маңыздылығын аңғартады. Білім беру сапасын арттыру өз кезегінде ел мен қоғамның дамуының алғышарты болмақ. Диссертация тақырыбы бүгінгі күні елімізде қабылданған маңызды мемлекет бағдармалар мен заңнамалық құжаттардың негізгі бағыттарына сәйкес келеді. Атап айтатыни болсақ, Қазақстан Республикасы Үкіиетінің 2021 жылғы 12 қазанындағы ном 726 қаулысына сәйкес 2021-2025 жылдар аралығындағы білім беру саласында жасалынған құжаттарды айтуға болады: білім туралы заңы, педагог мәртебесі туралы заңы, білімді ұлт сынды жаңа заңдар құрылған мәні бар бағдарламаларды басшылыққа алуымен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет