1 Ғылыми басылым Научное издание ҚР және тмд елдеріндегі ғылым



Pdf көрінісі
бет23/71
Дата05.02.2017
өлшемі6,31 Mb.
#3477
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   71

 

 

152 



 

арындай  таза  ұстау  -  әр  мұғалімнің  борышы.  Ол  өз  кәсібін,  өз  пәнін  ,  барлық  шәкіртін  , 

мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық 

құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, 

толысқан  шығармашыл  тұлға  құзыреті.Жаңа  формация  мұғалімі  табысы,  біліктері  арқылы 

қалыптасады,  дамиды.  Нарық  жағдайындағы  мұғалімге  қойылатын  талаптар :  бәсекеге 

қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы 

шеберлігі.Осы  айтылғандарды  жинақтай  келіп,  жаңа  формация  мұғалімі-  рефлекцияға 

қабілетті,  өзін-өзі  жүзеге  асыруға  талпынған  әдіснамалық  ,  зерттеушілік,  дидактикалық  - 

әдістемелік,  әлеуметтік  тұлғалы,коммуникативтілік,  ақпараттық  және  тағы  басқа 

құдыреттіліктердің  жоғары  деңгейімен  сипатталатын  рухани-  адамгершілікті,  азаматтық 

жауапты,  белсенді,  сауатты,  шығармашыл  тұлға.Нәтижеге  бағытталған  білім  моделі  мен 

басқарудың  жаңа  парадигмасы  аясында  жекелеген  ұғымдар  мен  нормаларды  және  тиімді 

педагогикалық  технологияларды  меңгеру  үшін  педагогтардың  кәсіби  мәдениетін  дамытуға 

бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың 

оқу  қажеттіліктері  нақты  білімнің  мәнін  түсінуге,  соның  нәтижесінде  өзіндік  іс-  әрекетке 

енуге  және  жеке  өміріндегі  тәжірибені  жетілдіру  мақсаттарына  байланысты  қалыптасады. 

Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді. 

 

Сондықтан  олардың  функционалдық  сауаттылықтарын  кәсіби  шеберлікпен 



ұштастыру  үшін  нәтижеге  бағытталған  білім  беру  үлгісінде  мақсатты  түрде  білім  беретін, 

қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге 

арналған,  жалпы  және  кәсіби  білімнің  қажеттілігін  дамыту,  ғылым,  білім  мен  мәдениет 

жетістіктері  арқылы  адамдардың  жалпы  мәдениеті  мен  әлеуметтік  белсенділікті  дамытуға 

бағытталған  танымдық  іс-әрекетке  ынталандыру  үшін  білім  беру.  Қазіргі  білім  беру 

парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге 

көшуді  көздейді.  Бұл  білім  беру  жаңаша  ұйымдастыру-  оның  философиялық  , 

психологиялық,  педагогикалық  негіздерін,  теориясы  мен  тәжірибесін  тереңірек  қайта 

қарауды қажет етеді. 

 

Сондықтан  бүгінгі  күні  еліміздің  білім  жүйесінде  оқыту  үдерісін  тың  идеяларға 



негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр. 

Француз  қайраткері  «Адамға  оқып  –  үйрену  өмірде  болу,  өмір  сүру  үшін  қажет»  дегендей 

оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен 

жаңашыл  педагогтардың  еңбектерімен  танысу  жұмыстары  мұғалімдердің  үздіксіз  ізденісін 

айқындайды.  Жаңа  педагогикалық  технологиялардың  негізгі  мәні  пассивті  оқыту  түрінен 

активті  оқытуға  көшу  оқу  танымын  ұйымдастырудағы  бастамашылдығына  жағдай  туғызу, 

субьективтік позицияны қалыптастыру. 

 

Білім  сапасын  арттыру  және  нәтижеге  бағытталған  үлгіге  беталуы  барысында 



мұғалімдер  мемлекеттік  стандарт  берілген  нәтижелерге  жетуде  кәсіби  шеберлікпен 

меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, 

ақпараттық  –  коммуникативті  мәдениеті  жоғары  тұлғалық  -  дамытушылық  функцияны 

атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін 

оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену 

және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады. 

 

Қазақстандағы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 



бағдарламасы  жобасында  Қазақстанда  оқитындарды  сапалы  біліммен  қамтамасыз  етіп, 

халықаралық  рейтингілердегі  білім  көрсеткішінің  жақсаруы  мен  қазақстандық  білім  беру 

жүйесінің  тартымдылығын  арттыру  үшін,  ең  алдымен,  педагог  кадрлардың  мәртебесін 

арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін 

дамытуды  қамтамасыз  ету,  сондай-  ақ  педагогтердің  еңбегін  мемлекеттік  қолдау  мен 

ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда 

еліміздің  білім  беру  жүйесіндегі  реформалар  мен  сыңдарлы  саясаттар,  өзгерістер  мен 

жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

153 



 

жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. 

Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі  білім беру жүйесіндегі  педагогтердің, 

зиялылар қауымының деңгейіне байланысты.   Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім 

беру  тұжырымдамасында  педагог  кадрлардың  кәсіби  -  тұлғалық  құзыреттілігін 

қалыптастыру  басты  мақсат  екендігін  атай  келе,  12  жылдық  білім  беруде  педагог 

төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген. 

1.

 



Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті. 

2.

 



Әлеуметтік құзыреттілік- кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті. 

3.

 



Білім  беру  құзыреттілігі  -  педагогикалық  және  әлеуметтік  психологияның негіздерін 

қолдана білу қабілеті.  

Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін -

өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді 

күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. 

Студенттер оқытушы қауымнан тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет 

етіп  отыр.  Демек,  болашақ  педагогтеріміз  осы  ақпараттық  қоғамнан  қалыспай:  жедел 

ойлаушы:  жедел  шешім  қабылдаушы:ерекше  ұйымдастырушылық  қабілетті:  нақты  бағыт- 

бағдар беруші болып шығуы - бұл қазіргі заманның талабы.  

 

Қорта  айтқанда    ұлы  ағартушы  Ахмет  Байтұрсыновтың  «Ұстаз  үздіксіз  ізденгенде 



ғана,  шәкірт  жанына  нұр  құя  алады»,  –  деген  сөзі  ізденімпаз,  жаңаша  ұстаздарға 

арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс   

  

Әдебиеттер тізімі: 

1.Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  2012-2016 

жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары:/ Қазақстан Республикасы 

2.Н.Ә.Назарбаев  «Әлеуметтік  –экономикалық  жаңғырту-  Қазақстан  дамуының  басты 

бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы/ Н.Ә.Назарбаев// Егемен Қазақстан.-2012-28 қаңтар 

3.К.Өстеміров. А.Айтбаева «Қазіргі білім беру технологиялары» - А-2006ж/ 

4.  PISA  халықаралық  зерттеуін  жүргізу  аясында  оқушылардың  функционалдық 

сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің 

біліктілігін арттыру бағдарламасы. 

 

Әлия Сәбитқызы ЖҰМАБАЕВА, 



«№16 лицей – мектебі» ММ, қазақ тілі мен қазақ әдебиті пән мұғалімі 

Павлодар қаласы, Қазақстан Республикасы 

 

Светлана Досжанқызы ӘТІМОВА, 

«№16 лицей – мектебі» ММ, қазақ тілі мен қазақ әдебиті пән мұғалімі 

Павлодар қаласы, Қазақстан Республикасы 

 

Айгүл Сәбитқызы ҚАБДРАҚЫШЕВА, 

«№16 лицей – мектебі» ММ, қазақ тілі мен қазақ әдебиті пән мұғалімі 

Павлодар қаласы, Қазақстан Республикасы 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ  САБАҒЫНДА  ОКУШЫНЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ 



КОМУМУНИКАТИВТІК ҚАБІЛЕТТЕРІН,ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН 

ДАМЫТУ 

 

           Түйін 

            Қазіргі кезде  қазақ тілін оқытудағы мақсат  тұлғаның  ақпараттық  – коммуникативті 

қабілеттерін,  функционалдық  сауаттылығын    яғни,  сөйлеу,    жазу,  оқу,  түсіну  мәдениетін 

дамытып, ақпараттық – коммуникативтік принциптерді ұштастыру. 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

154 



 

 

 



 Қазақ  тілі    сабақтарында    технологияларды    пайдалану    кезінде        ақпараттық-

коммуникациялық  технологияның   оқушыларды  ынталандыратыны   байқалады, сондай-ақ  

аудио-бейнематериалдарды  дайындау, қолдану  ақпараттық  ресурстар  арқылы  іске асады. 

           Ақпарат  дегеніміз  не?  «Ақпарат»  сөзі  латынның  түсіндіру,  баяндау,  мәлімет  деген 

ұғымдары білдіретін informatio сөзінен шыққан. 

Ақпарат – белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс т.б) туралы таңбалар мен сигналдар 

түрінде  ұсынылатын  мәліметтер  тобы.  Ақпарат  материямен  және  энергиямен  қатар  бізді 

қоршаған ортаның іргелі құрамды бөлектерінің бірі болып саналады. 

          Жалпы    ақпараттық  ресурстар    бойынша    физика-  математика  ғылымдарының 

кандидаты    Ахмади  Есжановтың    «  Ақпараттық  –  ресурстар  оқу  процесінің    қарқынын  

күшейту,  оқытуды  тұлғаландыру  және  мектеп  оқушыларының  білімдерін  тексеру  мен 

бағалау,    есепке  алу  сияқты    және  тағы  басқа  мұғалімдердің  көп  уақытын  алатын 

жұмыстарын  ішінара  автоматтандыру құралы ретінде  пайдаланылады» - деген пікірі өзекті. 

           Оқушының  тұлға  ретінде  қалыптасқан,  өркендеуіне  ықпал  ететін  –  ұстаз,  ендеше 

тұлғаның  білімдену  барысында  өз  мүмкіндегін  анықтап,  дамуына  компьютердің  қосатын 

мультимедиалық  мүмкіндектері  мол.  «Мультимедиа-бұл  компьютердің  аппарттық 



жабдықтамасы  және  бір  уақытта  мәтінді,  суреттерді,  дыбысты,  бейнежазбаны,музыканы 

және  анимацияларды  қолданылатын  бағдарламалар».  Сондықтан  да  қазақ  тілі  мен  әдебиеті 

мамандары  ақпараттық  ресурстар  бойынша  өз  білімдерін  жетелдіріп,  кәсіби 

құзыреттіліктерін арттыруы қажет. 

            Отандық 

ғалым  Ахмади  Есжанов  мультимедиа  ресурстарын  «Электронды 

мультимедиа:  ресурстары  мен  құралдары»  атты  ғылыми  мақаласында  төмендегідей  жіктеп, 

олардың  дидактикалық  сипаттамалады  туралы  мәліметтерді  топтастырып  кесте  түрінде 

ұсынады. 

 

Мультимедиа ресурстары 



Мультимедиа 

ресурстарының 

дидактикалық 

сипаттамалары 

Электрондық 

мультимедиа 

оқулықтары 

Негізгі  білім  беретін  мультимедиа  ресурстары  болып 

саналады.  Электорондық  оқулықтар  ғылыми  және 

әдістемелік  деңгейде  әзерленуі  тиіс  және  оларадың 

жалпы  орта  білім  беру  пәндерінің  стандартына  сәйкес 

келуі міндетті. 

Ақпараттық  –  іздестіру  және 

анықтамалық 

мульмедиа 

жүйелері 

Ақпаратын енгізуге, оны сақтап іздестіруге және ұснуға 

арналған. 

Қолданбалы 

мультимедиа 

энциклопедиялары  

Қолданбалы  мультимедиалық  энциклопедия  нақты  бір 

пәндерге де сәйкес әзірленеді. 

Білім  деңгейлерін  тексеру  мен 

өлшеуге арналған мультимедиа 

құралдары 

Оқушылрдың  білімін  бірнеше  рет  тексеруге,  оның 

ішінде оқушының өзін-өзі тексеруіне, қайталауына және 

соған  сәйкес  оқу  материалын  бекітуды  ынталандыруға 

бағытталған. 

Электрондық тренажерлар 

Практикалық іскерліктер мен машықтарды игеру үшін 

Математикалық 

және 

имитациялық 



модельдеуге 

арналған 

мультимедиа 

құралдары 

Тәжірибелік  және  теориялық  зерттеулердің  аражігін 

кеңейтуге,  физикалық  тәжирибесімін  толықтыруға, 

мектеп  оқушысы  мен  педагогке  қосымша  ақпараттық 

мәліметтер ұсыну мақсатында 

Алыстан 

қатынас 


жасау 

зертханалары  мен  виртуалдық 

зертханалардың  мультимедиа 

Қымбат  тұратын  зерханалық  жабдықтарды  сатып  алу 

шығындарын 

қысқарту, 

оқу 

зертханаларындағы 



тәжірибелік 

жұмыстардың 

қауіпсіздік 

деңгейін 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

155 



 

құралдары 

төмендету 

мақсаттарымен 

мұндай 

мультимедиа 



ресурстары алыстан жедел қатынас жасауға арналған. 

Автоматтандырылған  үйретуші 

жүйелер 

Мектеп  оқушыларын  теориялық  материалдар  және 

жаттығу  құралдарымен  таныстыру  және  білім  деңгеін 

тексеру 


Сараптамалық 

үйретуші 

жүйелер 

Мұндай  мультимедиа  ресурстары  күрделі  мәселелерді 

шешу  кезінде  сарапталушының  іс-әркетін  модельдеуге 

және  олардың  жаңа  білімге  қол  жеткізуіне,  оқушының 

сұрағына  дұрыс  жауапты  беруге,мектепте  оқытылатын 

белгілі  бір  пән  саласы  бойынша  келелі  мәселелерді 

шешуге 

Парасаттылық 



 

үйретуші 

жүйелер 

Жоғары  деңгейде  білім  беруге  арналған  мультимедиа 

ресустарына  жатады,  сонымен  бірге  олар  жасанды 

интеллект арқылы іске асырылады. 

             Қазақ тілін оқытудағы  мақсат-тұлғаның коммуникативті құзыреттілігін, яғни сөйлеу 

және  жазу  мәдениетін  қалаптастырып,  жетілдіру  болғандықтан,  тіл  меңгерту  маманына 

интерактивтілік  бойынша  да  өздігінен  білімдену  арқылы  кәсіби  құзыреттілігін  арттыру 

қажет.  Компьютер  көрнекілікті  қамтамасыз  ететін  мультимедиа  құралы  ғана  емес,  оның 

мүмкіншілігі мен ауқымы кең. Мысалы: 

 «Оқушларды  білімдендіруге  пайдаланатын  мультимеди  ресурстары  вербальді  әдістен 

өзгерек,  себебі  ол  компьютер  экранында  өтіп  жатқан  оқиғаға  қатысуды,  материалды  оқып 

білу  жолын  таңдауды  ұсына  алады.  Мультимедианың  осындай  сипаттамаларын 

интерактивтілік деп атау қабылданған». Сонымен оның құндылығы – оның интерактивтілігі 

мен  модельдей  алуында,  сондықтан  да  білім  беру    жүйесін  ақпараттандыру  –  мұғалімнен 

ақпараттық-коммуникавтикациялық  технологияны  өз  кәсіби  қызметінде  пайдалана  алуын 

талап етіп отыр. Ол үшін оқытушыға қандай талаптар қойылатынын анықтайық. 



Мультимедиа құралдарын пайдаланатын педагогтарға қойылатын талаптар 

Ұйымдастырушылық 

Жұмыс  істеуді  жоспарлау,  білім  алушыларды  өзіндік 

ерекшеліктеріне қарай топтастыру және т.б 

Дидактиқалық  

Оқу  материалы  мен  қажет  жабдықты  таңдай  білу  және 

әзірлеу; оқу материалын ұғынықты анық, мәнерлі, сенімді 

түрде  және  жүйелі  баяндау;  оқушыларды  танымдық 

мүдделері  мен  рухани  қажеттіліктерін    дамытуға 

ынталандыру. 

Перцептивтік 

Тәрбиеленушінің  ішкі  әлеміне  үңіле  білу  және  рухани 

білім  беру  мекемелерінің  басшыларымен  педагогикалық 

орынды қарым-қатынас орната білу, 

Сугтестивтік 

Білім алушыларға еріктік беруі 

Зерттеушілік 

Педагогикалық жағдаят пен процестерді тану және оларды 

объективті бағалай білу 

Ғылыми-танымдық  

Таңдаған саладағы ғылыми білімдерді игеру қабілеттілігі 

Пәндік 

Оқыту пәнін кәсіби тұрғыда жетік білу 



Мультимедиа 

ресусртарымен  жұмыс  істеу 

кезіндегі 

қажетті 


талаптардың бірі 

Мультимедиа 

құралдарының 

дидактикалық 

сипаттамаларын білу және оларды пайдалану 

Коммуникативтік 

Білім  алушылар  мен  олардың  ата-аналары,  білім  беру 

мекемелерінің  басшыларымен  педагогикалық  орынды 

қарым-қатынас  орната білу. 

 

Бүгінгі  оқытушы  –  мультимедиа  ресурстарымен  жұмыс  істеу  іскерлектерін 



жетелдеріп қана қоймай, тұлғаның коммуникативті   құзыреттілігін жетелдіріру мақсатында 

ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

156 



 

көрнекі  құралдар  топтамасын,  электрондық  оқулық:  анықтамалық,  үйретуші  жүйе  әзірлей 

алуы да керек. Оның қажеттігі неде ? Өз елінің тарихы, мәдениеті табиғаты туралы қосымша 

материал  оқушылардың  сөйлеу  тілін  дамытуда,  ізденіс-зерттеу,  шығармашылық  әрекеті 

ұйымдастыруға    ықпалы  зор  екендігі  оқыту  үдерісінде  байқалды.  Мысалы,  «Ертіс  өнірің 

компоненті» бойынша жинақтайтын материал оқушылардың оқу  әрекетін белсенділендіріп, 

оларды шығармашылыққа жетелейтінін көрсетті, Сондай-ақ алдын ала дайындалған көрнекі 

құралдар топтамасы білім сапасын арттыру кепілі екндігін дәлелдеді. 

Елдің болашағы – ұстаз алдындығы шәкірттер болғандықтан. Ақпараттық   ресурстарды 

игеру  үшін  ізденуге,  білімденуге  ұмтылы  –  басты  мұрат.  Сонымен  қазақ  тілін  оқыту 

жүйесіне    ақпараттық  ресурстарды  енгізу  арқылы    ұрпақтың  ізденімпаздық  әрі 

шығармашылық қабілеттерін өркендету – басты міндет. 

 

Қазақ тілі сабағында оқушының коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыра отырып 



оқыту. 

 

Әрбір  сабақ  білім,  білік,  дағдыларды  меңгеру  құрылымына  сәйкес  мұғалім    мен 



оқушылардың  түрлі іс – әрекеттірім  сипатталатын элементтерден құралады.  

 

Қазақ тілі сабағында оқушының комунникативті құзыреттілігін қалыптастыра отырып 



оқытуды неден бастау керек ? 

 

Мағжан  Жұмабаев  «Бала  тілінің  дұрыс  өркендеуінің  бірінші  шарты  балаға  сөзді 



бұзып  сөйлемеу  керек.  Және  балаға  ұқпайтын  жат  сөз  үйретпеу  керек»  деген  сөзі  тіл 

меңгертумен  айналасатын  мамандарға  арналған  десе  артық  емес.  Сонымен    сөйлеу    тілін 

қалыптастыру  сөзді  ұғындыра  үйрету  екен.  Сөзді  дұрыс  меңгерту  көрсету,  естірту  арқылы 

іске асатыны мәлім. Мағжан Жұмабаев:  «сыртқы алты сезім ішінде жан үшін ең қымбаты – 

осы  көру  сезімі.  Жанымызда  болатын    барлық  әсерленулердің,  екінші    түрлі  айтқанда,  біз 

барлық  білімдің  3  /4  –ін  осы  көру  сезімі  арқылы  аламыз.  Басқа  сезімдер  арқылы  алынған 

білімдерді, әсерленулердің көру арқылы анықтауға ұмтыламыз. Мысалы, бір дыбыс естісек, 

сол дыбыс шығарған затты көргіміз келеді» дегендей көрсету арқылы сөзді менгерту тиімді.  

 

Зерттеу барысында байқалғаны жаңа сөздердің көбі баланын есінде қалмайды, оның 



себебі,  сөзді  түсінбеуінде.  Түсінбеген  сөз  қабылданбайды,  бала  жадында  сақталмайды. 

Бірыңғай  түсіндіру,  сөз  әдісін  қолдану  оқушы  іскерлігін  дамытпайтындығы  тәжирибе 

барысында байқалды. 

 

«Іскерлік  –  жан  тұрмысының  негізі.  Бала  іскер  болмаса,  ешнәрсе  ұқпайды  һ»м 



ешнәрсе үйрене алмайды. Іскерлік осындай қымбат болса, сөз жоқ, оны тәрбие қылу керек. 

Тәрбие қылудың жолдары мыналар: 

        Әсер күшті болса, бала еріксіз іскер болады. 

        Әсердің  өзінің  күшті  болуына  бірнеше  шарті  бар.  Бірінші,  әсерді  қабыл  алуға  сыртқы 

сезімдерін  қатыныстыруға  тырысу  керек.  Мысалы,  баланы  бір  затпен  танаыстырмақшы 

болсақ, сол зат туралы сөйлеп қана қойма, алып келіп балаға көрсет... деп, кезінде Маіжан 

Жұмабаев айтқандай, көрнекілікті яғни ақпараттық – коммунициялық технологияны сабақта 

пайдалану  –  ақпараттық  құзыреттілікті   қалыптастырудың дидактикалық  құралы ғана емес, 

жаңа сөзбен таныстырып, қолданысқа түсіруде ең тиімді технология. 

Білім  берудің  әдіс-тәсілдері  мен  технологияларын  зерделеп,  пайдалану  барысында 

ақпараттық – коммуникациялық технологияның анықталған мүмкіншіліктері: 

o

 



Көрсету:  (әдемі  түс,  әдемі  түр,  жаратылыстың  сұлу  заттары,  сұлу  көріністері 

адамның әдемілік сезімін тереңдетпей қоймайды) 

o

 

Естірту:  (сөзді  қалай  болса,  солай  айта  салмай,  сөйлем  мазмұнына  үйлесімді 



ырғақ, екпін, әуен тауып, дауысты түрлендіріп сөйлеудің үлкен мәні бар.) 

o

 



Бірнеше рет қайталау; 

o

 



Қайтадан айналып келу; 

o

 



Бақылау  :  (диктордың,  белгілі  өнер  қайраткерлерінің  дауыстарын  тыңдап, 

салыстыру арқылы өзінің мәнерлі оқу қабілетін анықтау.) 

o

 

Өзін-өзі тексеру 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

157 



 

o

 



Анықтамаға жүгіну; 

o

 



Қосымша ақпарат алу 

o

 



Материалды алдын ала дайындау  

 

Сонымен  оқушының  коммуникативті  құзыреттілігін    қалаптастыруда  ақпараттық  – 



коммуникациялық технодогияның рөлі зор. 

 

Оқушы тілін дамыту тәсілдердің бірі – суреттеу. М.Жұмабаевтың пікірінше: 



«Балада дұрыс суреттеу болу үшін оның жанында көп һәм ашық әсерленулер болуы шарт». 

 

Әдебиеттер тізімі: 

1.

 



Асқарбаева А  «Ұстаз ізденістері». Алматы «Мектеп»,1987 

2.

 



Жұмабаев  М.  Шығармалар  жинағы,  3  том.  Аудармалар,  ғылыми  еңбек,  мақалалар. 

Алматы. «Жазушы»,2005 

3.

 

Оралбаева К. «Жеке тұлғаға  бағытталған сабаққа қойылатын талаптар». 12 жылдық 



білім беру. 2005ж,  №5,6 

4.

 



Жұмабаев  М.  Аудармалар,  ғылыми  еңбек,  мақалалар.  Шығармалар  жинағы,  3  том  . 

Алматы, 2005ж 162-163 бет. 



 

 

 

Аннотация 

 

На уроке казахского языка развивать информационно- коммуникативные способности 

и функциональную грамотность учащихся. 

 

 



Наталья Алексеевна ЗАЙЦЕВА, 

КГУ «Средняя общеобразовательная школа№58», 

 учитель начальных классов, город Караганды, Республика Казахстан 

 

ИНТЕРАКТИВНЫЕ ИГРЫ ПОМОГАЮТ РАЗВИТИЮ ШКОЛЬНИКОВ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет