1. Ғылыми педагогикалық зерттеу жұмысы туралы түсінік. Ғылыми педагогикалық зерттеу жұмысының түрлері



бет1/9
Дата23.06.2023
өлшемі33,08 Kb.
#103145
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҒПЗ


1. Ғылыми педагогикалық зерттеу жұмысы туралы түсінік. Ғылыми педагогикалық зерттеу жұмысының түрлері (баяндама, реферат, курстық жұмыс)
Қоғам өмірінің жаңарып жаңғыруы, демократиялық өзгерістерге бет бұруы қоғамға жан-жақты білімді, жоғары мәдениетті, жұмысты шығармашылықпен істей білетін адам қажет. Халыққа білім беру жүйесін ары қарай жетілдіру, мектепте жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу, оқыту сапасын жақсарту, болашақ мұғалімдерді даярлау жұмысына жаңа талаптар қояды.
Бүгінгі күні ғылымның, техниканың, мәдениеттің жедел дамуымен байланысты мұғалімнің педагогикалық процесті басқаруында шығармашыл бола түспек. Әр мұғалім зерттеуші бола білуі, яғни мұғалімде зерттеу жұмысының даярлығы болуы керек. Тек сонда ғана мұғалімнің ғылыми және әдістемелік деңгейіне қол жеткізуге болады.
Мұғалімнің кәсіби деңгейінің үнемі жетілдірілуі, мұғалім еңбегінің жоғарылауы, оның педагогика ғылымдарының қазіргі жетістіктерін қаншалықты меңгергеніне байланысты болмак.
Оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісінің ғылыми негіздерін және оны жетілдірудің шараларын қазіргі заман талаптарына сай белгілеп беру қызмет етіп жүрген ғалымдардың басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Ғылыми педагогикалық зерттеу жұмыстарын орындау міндеттері оның мүддесіне орай белгіленген:
- таңдаған мамандығы бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдыларын ұдайы және терең меңгеру;

  • өзінің ғылыми және мәдени деңгейін үнемі арттыру;

  • тәрбие жұмысын ұйымдастыру дағдысын қалыптастыру;

  • міндетті оқу сабақтарына қатысу, оқу бағдарламалары мен оқу жоспарында берілген оқу тапсырмаларын уақытында орындау;

  • оқу орнындағы ішкі тәртіп ережелерін сақтау.

Әдіснамалық мәдениет педагогикалық міндеттерді шешу үдерісінде оларды қолдана білу іскерлігін көрсетеді.
Педагогтың әдіснамалық мәдениеті оқыту-тәрбиелеу үдерісін құру және жобалауда педагогикалық міндетті түсініп, қалыптастыру және шығармашылық шешу іскерлігінде байқалады. Болашақ мұғалімнің әдіснамалық мәдениетінде осы компоненттердің бар болуы, оның педагогикалық қызметті шығармашыл, өздігінен жүзеге асыруға даярлығының деңгейін білуге көмектеседі. Бұдан басқа мұғалімнің әдіснамалық мәдениеті оның ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін жақсы біліп, негізгі зерттеу әдістерін қаншалықты меңгергендігінен көрінеді.
Ғылыми педагогикалық зерттеу міндеттерін шешу үшін қажетті іскерліктерді меңгеру керек, мәселен:

  • педагогика және психология саласы бойынша бүгінгі күн
    үшін көкейкесті тақырыпты өздігінше таңдай білу іскерлігі;

  • зерттеу мақсаты мен міндеттерін анықтай білу іскерлігі;

  • зерттеу мәселесі бойынша материалдар жинастыру және
    оған талдау жасау іскерлігі;

  • зерттеу әдістері мен әдістемелерін таңдау, меңгеру және
    қолдану іскерлігі;

  • мәселені көре білу іскерлігі;

  • өз болжамын ұсына білу іскерлігі;

  • жоспарлаған тәжірибесін жүзеге асыра білу іскерлігі;

  • зерттеу нәтижесінен алынған мәліметті өңдеу және талдау
    іскерлігі;

  • алынған мәліметтерді негізге алып өз тұжырымын қалыптастыру іскерлігі.

Осы аталған іскерліктердің барлығы әдіснамалық мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Олар неғұрлым жақсы қалыптасса, соғұрлым зерттеу жұмыстарының сапасы да жоғары болмақ.
Зерттеу жұмыстарының түрлеріне мыналар жатады:
нақты тақырып бойынша баяндама әзірлеу, реферат жазу, курстық жұмыс жазу.
Баяндама – зерттеу жұмыстарына қызығушылықты қалыптастратын және таным-білімдерді кеңейтетін тақырыпты көпшілікке жариялау.
Мазмұнның компоненттері:

  • жұмыстың жоспары;

  • ғылыми мәліметтердің жүйесі;

  • қорытындылар мен талдаулар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет