1. Ғылыми педагогикалық зерттеу жұмысы туралы түсінік. Ғылыми педагогикалық зерттеу жұмысының түрлері



бет7/9
Дата23.06.2023
өлшемі33,08 Kb.
#103145
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ГОС сұрақтары

Сұхбат (интервью) тек бір адаммен ғана жүреді. Әңгімеден ерекшелігі сұрақтар да, жауаптар да алдын-ала дайындалады. Сондықтан алдын-ала дайындалған жауаптардың бәрі шын болуы мүмкін емес. Интервью әдісін журналистер қолданады. Интервью материалы көпшіліктің назарына ұсынылады.


4. Озат педагогикалық тәжірибе, белгілері. Озат педагогикалық тәжірибені зерттеу және тарату жүйесі.

Озат тәжірбие дербес және ұжымдық тәлімгерліктің мақсаты мен міндетін іске асыратын әдістемелік жұмыс түрі. Негізгі міндеті - тәжірибелі мұғалімнің, басшының тәжірибесі арқылы өз әріптесіне әдістемелік көмек көрсету.


Озат тәжірбие мектебі жұмысын бағалау екі жақты тиімділікті ескеру тиіс. Мектеп басшысы мұғалімдердің сабақтарына қатысып, оларға сабақ технологиясы мен әдістемесі, жоспарластыру мәселелерімен ақыл-кеңес беріп, білім берудің теориялық мәселелерін талқылаумен бірге мектептің педагогикалық жүйесін жетілдіреді, өзінің кәсіптік позициясының дұрыстығына көз жеткізеді. Озат тәжірбие мектебінің екінші тиімділігі - мұғалім әріптестердің жаңашыл, шебер мұғалімнің шығармашылық лабораториясымен тікелей танысуға мүмкіндігінің болуы деп білеміз.
Озат тәжірбие мектебінің құрылымында оның бір көрінісі немесе дербес буыны ретінде жас мұғалім мектебінің жұмысын ұйымдастыруға болады. Оның мәні - жұмысты жаңа бастаған жас мұғалімдер тәжірибелі мұғалімнің немесе мектеп басшысының жетекшілігімен бірлестікте бірігеді. Оның жұмысы сабақтың және сыныптан тыс шараның мақсатын белгілеудің техникасы мен әдістемесі, сынып жетекшісі жұмысын жоспарластырудың ерекшеліктері, сынып ұжымының тәрбиелік деңгейін анықтау сияқты арнайы жоспармен жүргізілді. Жас мұғалім мектебіндегі оқуларда сабақтың технологиялық картасын жасау, оқу процесінде компьютер құралдарын қолдану сияқты практикалық шаралар қарастырылады. Тәжірибелі педагогтің жетекшілігімен бір-бірімен араласқан жас мұғалімдер кәсіптік дамуын жолға қойып, өзінің шығармашылық қасиетін іске асыруға ұмтылады.
Озық тәжірибенің белгілері.
Бірінші белгісіқоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.
Озат тәжірибенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық "өнім" - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.
Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс-әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс-әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді. Оқушылардың тәрбиелілігі олардың пікірлерінен, мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан байқалады.
Озат тәжірибенің үшінші белгісі - оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қосымша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірибе озат тәжірибе деп есептелмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет