Сұрақтар:
1. Филология ғылымы туралы түсінік
2. Әдебиеттану ғылымы. Мақсаты мен міндеттері.
3. Әдебиеттану ғылымының салалары
4. Әдебиеттану салаларының өзара байланысы
5. Әдебиеттанудың көмекші салалары
1. Филология ғылымы туралы түсінік
Филология- тарихи тамыры тереңге тартатын көне ғылымдардың бірі. Ғылымның өзге де түрлері сияқты, филология да адам баласына, адам игілігіне қызмет етеді. Олардан айырмашылығы- қызмет ету жолдары мен құралдарына қатысты. Түп-тегіне үңілер болсақ, «филология» деген атау гректің « philologia» сөзінен шығып, «сөзге сүйіспеншілік» деген мағынаны білдіреді. Сөзбе-сөз аударсақ, « phileo»- сүю, «logos»- сөз болып шығады. Филология- адам баласының рухани мәдениетінің мәні мен тарихын жазба мәтіндерді тілдік және стилистикалық тұрғыдан талдау арқылы танып білуге негізделетін лингвистика, әдебиеттану, тарих, т.с.с. гуманитарлық пәндердің бірлестігі, жиынтығы. Филологияның негізгі тірегі- мәтін, мәтіннің ішкі-сыртқы алуан қырлары. Бұдан шығатын қорытынды- біреу,ол – филологтың қандай да бір пікір-тұжырымы нақты бір көркем мәтінге негізделуі шарт екендігі. Мәтінге назар аудара отырып, филология адамзат болмысын, әсіресе, адамның рухани әлемін барынша жан-жақты танып- білуге ұмтылады. Нағыз филолог болу үшін ғылымның түрлі салаларынан мол хабардар болумен қатар, сөз құдіретін терең сезінетін ұщқыр түйсік иесі болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |