5. Әдебиеттанудың көмекші салалары.
Әдебиеттанудың қосалқы салаларымен қоса, көмекші салалары да бар. Бұл топқа историография, текстология, библиография, архивтану, эвристика, палеография, мәтін түсініктемесі, т.б. жатады.
Историография- әдебиет теориясының, тарихының,сынының тарихи даму барысындағы деректер мен мәліметтердің жинағы.
Текстология- мәтін және сө, ұғым, ілім, деген сөздерден шыққан; филологияның әдеби шығарма мәтінін сыни тұрғыдан тексеріп –зерттеумен айналысады.
Библиография- әдебиеттануға қатысты түрлі еңбектердің көрсеткіші. Басты міндеттері- көркем әдебиет және әдебиеттану жайында ақпараттар жинау; әдебиеттің үздік туындаларын таныстыру, насихаттау, т.б.
Архивтану- мақсат, міндеті жағынан библиографиямен бағыттас, айырмашылығы әдебиет тарихына байланысты құжаттық, мемуарлық дерек-мәліметтерді, материалдарды жинақтауында.
Эвристика- әр текті әдеби ізденістердің жиынтығы. Мұндай ізденіс-зерттеулер, көп жағдайда, хат авторын, жазылу мерзімін, хат жолдаған адамды анықтау: әдебиет төңірегіндегі ауызекі әңгімелердің мәнін ашып, түсіндірі; әдеби прототиптерді табу сияқты мәселелермен шұғылданады.
Палеография- жазу тарихын, сондай-ақ ежелгі жазба жәдігерлердің мәтінін, жазылу мерзімі мен дүниеге келген орнын анықтау мақсатын көздейтін тарихи- филологиялық пән.
Мәтін түсініктемесі- әдебиет жідігерлерінің мәтінін зерттеу, түсіндіру мәселесімен айналысатын филологиялық жанр.
Достарыңызбен бөлісу: |