1. Филология ғылымы туралы түсінік


Әдебиеттану ғылымының салалары



бет3/5
Дата06.01.2022
өлшемі17,8 Kb.
#15224
1   2   3   4   5
Байланысты:
Әдебиеттану

3. Әдебиеттану ғылымының салалары.

Әдебиетті алуан қырынан талдап, зерттеуге негізделетін аталмыш пәндер жүйесінде әдебиет теориясы, әдебиет тарихы және әдебиет сыны маңызды орынға ие. Сондай-ақ, бұл қатарға поэтиканы да қосу дұрыс болады.



Әдебиет тарихы- әдебиеттану ғылымындағы көркем сөз өнерінің даму жолын әлемдік немесе белгілі бір халықтық деңгейдегі идеялық бағыт-бағдарды және олардың көркемдік ерекшеліктерін қоғамдық-әлеуметтік, экономикалық-саяси құрылысымен тығыз байланыста танып-білуге бағытталған басты салалардың бірі болып табылады. Әдебиет тарихы әдеби даму үрдісін қарастыру арқылы әр алуан әдеби құбылыстардың әдебиет дамуындағы мән-маңызы мен орнын айқындайды. Бұл саланың қарастыратын басты мәселесі- қаламгер шығармашылығы. Сонымен бірге, әдебиетке қатысты түрлі ұғымдары мен көркем құралдарының тарихи жолын айқындау да- әдебиет тарихының, оның ішінде тарихи поэтиканың өзекті мәселесі.

Әдебиет сыны- көркем туындыны және онда бейнеленген өмірлік шындықты талдап, бағалауға негізделген әдебиеттану саласы. Оның басты міндеті- өз кезіндегі әртүрлі әдеби құбылыстарға жан-жақты талдау жасап, олардың идеялық-көркемдік маңызына дұрыс әрі тиянақты баға беру. Негізінен алғанда, «сын» сөзі грек тілінде «талқылау» деген мағына береді. Ал сыншы- оқырман мен қаламгер арасындағы дәнекер болып табылады. Себебі ол, бір жағынан, талданып отырған шығарманы оқырманның дұрыс түсініп, әділ бағалауына жәрдемдессе; екінші жағынан, сыншы қаламгердің өзіне де жөн сілтеп, бағыт беріп, жұртшылықтың талғам-таразысын танытып отырады.

Поэтика- әдебиеттанудың көнеден келе жатқан салаларының бірі. Зерттеу нысаны- әдеби шығармадағы бейнелеу құралдардың жүйесі. «Поэтика» сөзінің түп-төркіні грек тілінде «шығармашылық өнер» деген мағына береді. Поэтика ұғымын 3 бағытқа жіктейміз. Біріншісі- жалпы немесе макропоэтика (теориялық поэтика), екіншісі- жеке немесе микропоэтика( сипаттама поэтиика), үшіншісі- тарихи поэтика.

Жалпы поэтика- мәтіннің дыбыстық, сөздік және образдыұ құрылымын зерттеу бағытына сәйкес іштей 3 салаға бөлінеді. Макропоэтиканың мақсаты- осы салалардың бәрін қамтитын көркемдік әдіс- тәсілдердің жүйелі құрамын белгілеу.

Жеке поэтика- әдеби туындыдағы эстетикалық әсер тудырушы құралдардың дара жүйесін жасауға ұмтылады. Микропоэтиканың басты мәселесі- композиция,яғни туынды құрамындағы маңызды, көркемдік бөлшектердің көркемдік мақсатқа қызмет етудегі өзара байланысын анықтау болып табылады.

Тарихи поэтика- салыстырмалы-тарихи әдебиеттануға сүйене отырып, жекелеген поэтикалық тәсілдер мен олардың қалыптасқан жүйесінің даму жолын қарастырады.Тарихи поэтиканың басты мәселесі- жанр болып табылады.

Атап өткен салалардың барлығы әдебиеттің қосалқы салаларына жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет