1.Философияның мақсаты :
Адамды күнделікті түсініктерден дүние жайлы, ақиқат білімдерге бастап, ең жоғарғы құндылықтарға жету жолын көрсету 2.Шешілмейтін қайшылыққа Канттың ойынша ойлауға ұмтылу барысында түсетін біртұтас дүние ретіндегі және өзіндік заттар дүниесін танудағы нәрсе – бұл:
антиномия 3.Дүниеге көзқарас дегеніміз:
Дүние жайлы және ондағы адамның орны туралы бір тұтас көзқарас 4.Философия дегеніміз:
табиғат, адамзат қоғамы мен танымының ең жалпы заңдылықтары туралы білімдер 5.Орта ғасырлық батысеуропалық философияның патристика кезеңі дегеніміз не?
«Шіркеу әкелерінің кезеңі» 6. Қай 19ғ.Батыс Еуропа философиялық ағымы «Кантқа қарай, кейін!» ұранын ұстанды?
Неокантиандық философия 7.Материализмнің мойындайтыны:
материяның алғашқы, ал сананың кейінгілігі 8.Тарихи таным мен тарихи процесті зерттейтін философия бөлімі:
Тарих философиясы 9.Буддизм философиясының түсінігі бойынша,архаттар дегеніміз?
Сөзі де, ісі де сабырлы, тілектерден ада, нирванаға жеткен азат дана адам 10.Жаңа заман философиясындағы қай ағым барлық өзгерістерді механика заңдарымен дәлелдеп, дүниені қатып қалған құбылыс деп қарастырады?
Механистік материализм 11.Философияның негізгі мәселесі дегеніміз:
Сананың материяға, ойлаудың болмысқа қатынасы 12И.Канттың таным теориясының сипатты белгісі:
агностицизм 13.Философияның басқа ғылымдардан айырмашылығы:
болмыстың ең жалпы заңдылықтарын анықтауға талпынуында 14Тәжірибе арқылы ақиқатқа жетуді қолдайтын бағыт:
эмпиризм 15.Тепе-теңдік,пара-парлық:
Эквиваленттік 16.Анимизмнің мәні неде ?
рух, жан тек адамдарға ғана емес, және де барлық тірі жандыларға, дүниедегі барлық заттарға тән 17.Миф дегеніміз:
сананың алғашқы формасы 18. Антропология-ол:
Адам туралы ілім 19. XX ғасырда философияның көрнекті өкілдері адам мәселесін қай тұрғыда қарастырды?
экзистенциализм 20. Фрейдтің тұжырымы бойынша адамның мінез құлқын қандай мотивтер айқындайды:
Бейсаналық 21.Философияға дейін қандай екі дүниеге қөзқарас болды
мифтік-діни 22.Киниктердің адам тұжырымдамасы қандай?
Азды қанағат ет, ерікті бол, өмір сүруді (өнерді) тәжірибеден үйрен 23.Адамдардың мәңгілік, айырылмас, туа біте болымды құқықтары:
табиғи 24.Әл-Фараби қай еңбегінде бақытқа, оған бастайтын жолға аса назар аударады?
«Бақытқа жол сілтеу» 25. “Адам өмірі –азаптану, одан құтылу жолы –нирвана ” деген қағида қай философиядан:
буддизмде 26. Феноменологияның негізін салушы кім ?
Гуссерль.
27. Сяо принципі қандай мағынаны білдіреді ?
баланың әдептілігі және ата-ананы құрметтеу 28. Ертедегі Қытай философиясындағы заттардың табиғи жолы:
дао 29. Ертедегі Қытай философиясының негізгі бір ағымы:
конфуцийлік 30. Славянофильдер нені қолдады?
орыс ойының төлтумалығын 31. Абсалюттік идеяның өзіндік дамуын «Рух»феноменологиясын кім түсіндірді? Гегель 32. Нирвана деген:
дүниеден безудің бір күйі, сананың өсуі 33.“Инь” және “Янь” деген ұғымдар төмендегі философиялық мектептердің қайсының ұғымдары:
Даосизмдікі 34. Фрейд бойынша, адам психикасының деңгейлері:
Бейсаналық, жоғарғы саналылық, саналылық 35.Гелиоцентрлік теорияны жасаған:
Коперник 36.“Карма” ұғымы нені білдіреді:
адам тағдырын ерекшелеуді 37. Славянофильдердің өкілдерін атаңыз:
А. Хомяков, И. Киреевсий 38. Конфуций қандай философиялық бағыттың өкілі?
Ежелгі Қытай философиясы 39. Құтты білік – кімнің еңбегі?
Баласағұн 40. Қазақстандағы сопылық философиясының мәнін уағыздаушы және таратушы кім?
Яссауи 41. Түркі тілдерінің жинағы” ның авторы ?
М. Қашқари 42Үш анық – шығармасынаың авторы кім еді?
Шәкәрім 43. Адам бол деп уағыздаған кім?
Абай 44. Джайнизм бойынша жанның басты белгісі:
бір денеден екінші денеге ауысып отыратындығы 45. Дао ілімінің негізін қалаған кім:
Лао-цзы 46. Платонның ілімі бойынша таным процесінің іске асу жолы:
алғашқы идеялар мәнінің ақиқатын адам жанының еске түсіруі арқылы танып білу жолымен 47. Г.Лейбниц бойынша барлық заттарға күш беретін және оларды қозғайтын рухани күш дегеніміз: Монада 48. Ертедегі грек философиясының негізгі мәселесі не болды:
дүниенің алғашқы бастамасы, ол неден пайда болды 49. Гераклиттің философиясындағы болмыс субстанциясы (алғашқы бастама): от 50. Гераклиттің іліміндегі логос деген:
космостың логикалық құрылымына сәйкес қажеттілік, ең жалпы заң 51. “Бәрі ағады, бәрі өзгереді, қозғалмайтын ештеме жоқ” деген сөздерді ертедегі грек философтарының қайсысы айтты:
Гераклит 52. Платонның ілімінде танымның іске асу жолы:
адам жанының идеялар мәні дүниесіндегі ақиқатты еске түсіру жолы 53. Платонның ақиқат болмыс туралы ілімінің мәні:
заттардың тәнсіз мәні болып табылатын идеялар 54. Аристотельдің пікірінше, материя дегеніміз:
жоғалмайды, жоқтан пайда болмайды, мәңгі өмір сүреді 55. Сократтың пікірінше игілік деген:
білім немесе даналық 56. Парменидтің “Болу не мүлде болмау” деген сөзінің мәні:
болмыс бар, ал болмыссыздық жоқ дегенде 57. Пратогордың “Дүниедегі барлық нәрселердің анықтаушысы – адам” деген сөздерінің:
онтологиялық маңызы бар 58. Анаксимандрдың пікірінше, дүниенің алғашқы бастамасы:
апейрон 59. “Ұшып бара жатқан жебе” жайындағы Зенонның апориясы қай мағынада айтылды:
қозғалыс туралы ойлау мүмкін еместігі мағынасында 60. Аристотельдің пікірінше, ақылды жанның қабілеті:
ойлауға, пайымдауға деген аса қабілеттілігі 61. Парменидтің ойынша, болмыс дегеніміз:
ақыл –оймен танып білуге болатын нәрсе 62. Анаксимен пікірінше дүниенің алғашқы бастамасы:
ауа 63. Платон менің досым, бірақ ақиқат –қымбат ” деген сөзді кім айтты:
Аристотель 64. Платон адам жанын немен теңестіреді:
адам денесіне енетін идеямен 65. “Өзіңді өзің танып біл” деген кімнің сөзі:
Сократ 66. Идеялар туралы ілімді жасаған:
Платон 67. Антика философиясы қай дәуір философиясына жатады:
ертедегі гректер мен рим философиясына 68. Бәрі ағынды, бәрі өзгереді, бір өзенге екі рет суға түсу мүмкін емес” деген сөздер кімдікі:
Гераклиттікі 69. Орта ғасырда ақыл-ой мен сенімнің үйлесімдік теориясын жасаған:
Августин 70. Пьер Абельяр нені жақтады ?
номиналистік позицияны 71. Орта ғасыр мұсылман философиясындағы Ибн Синаның сауығу кітабы қамтиды:
логиканы, медицинаны 72. Ислам діні мыналардың қайсысына тиым салады ?
пұтқа табынушылыққа 73. Европалық елдердің тарихында қай дәуірде дін қоғамдық сананың бірден-
ортағасырлық дәуірде 74. Номинализмнің басшылыққа алатын қағидасы :
жалпы ұғымдар (универсалийлер) екіншілік адам ойы қызметінің жемісі 75. Схоластика деген:
ортағасырлық дерексіз философиялық көзқарас 76. Дүниедегі бардың бәрінің пайда болуы мен дамуының себебі Фома Аквинскийдің пікірінше:
құдай 77. “ Сенемен, өйткені қисынсыз ” деген сөздерді кім айтты:
Тертуллиан 78. Ортағасырлық философия екі басты идеяға негізделді:
номинализм мен реализмге 79. Бастапқы христиан дінінің қағидаларын қорғау теориясының (апалогетика) мәні неде:
Христиан дінінің ілімдерін қорғау 80. «Өндірістік қатынастардың жиынтығы базис болып табылады,саяси қондырма осыған негізделеді және оған қоғамдық сананың белгілі бір формалары сай келеді?» - деп тұжырымдаған:
Маркс 81. Орта ғасыр философиясының екі ақиқат теориясы:
ғылым мен философияның діни уағыз догмаларынан тәуелсіздігін дәлелдейді 82. Ортағасырлық реализмнің негізге алатыны:
жалпы ұғымдар (универсалий) алғашқы, шын өмір сүретіні 83. Философия қай заманда діннің қызметшісі болды:
орта ғасырда 84. Ғылым мен философия адамы болу үшін, әл-Фарабидің қойған бірінші талабын көрсетіңіз?
адамның жан мен ар тазалығының болуы 85. Ортағасырлық философияға тән басты белгі:
теоцентризм 86. Жалпы ұғым (универсалий) туралы пікірталаста ортағасырлық философиядағы бір-біріне қарама-қарсы екі бақыт:
реализм мен номинализм 87. Ортағасырлық “ Шіркеу әкелерінің ” (“ Отцы церкви ”) ілімі қалай аталды:
патристика 88. Батысевропалық схоластиканың өрлеген кезеңін көрсетіңіз:
ХІІІ ғасыр 89. Ортағасырлық философияның даму бағыты қалай аталады:
діни - идеалистік 90. Декарт философиясының негізгі танымдық принципі:
барлығына күмәндану 91. Декарттың дүниеге көзқарасының негізін былай сипаттауға болады:
дуализм 92. Неопозитивизмнің философияның алдында қойған ең маңызды талабы:
Философиялық білімнің ғылыми-методологиялық кепіл беру 93. Фрейд қарастырған негізгі мәселе:
Санасыздық 94. ХVІІғ. Философиясының негізгі проблемасы:
ғылыми танымның ақиқат әдісінің проблемасы 95. Декарттың рационалистік әдісінің мәні:
ақыл-ой дедукцияға сүйене отырып, интеллектуалды индукциядан барлық қажетті салдарды қорытып шығаруды 96. Адамның және дүниенің ойша моделін жасау тән:
жаңа заман философиясына 97. Адамдардың субъективтік түсініктеріне тән қателесулерді Ф. Бэкон мынадай ұғымдармен тұжырымдады:
үңгір идолы (жалған елес) 98. Бэкон табиғатты танып білудің басты кедергісі деп есептеді:
адамдар санасындағы жалған елестерді 99. Дүниеге өздігінше ақыл-ой тән, сондықтан оны ақыл-ойдың әдіс-тәсілдерімен танып білеміз деуші философиялық бағыт:
рационализм деп аталады 100. Декраттың ғылыми таным әдісінің сипаты:
рационалистік 101. Бэкон философиясының өзегі-әдіс (метдод) жайлы ілімі:
ғылыми индукция болып табылады 102. Спинозаның философиясы бойынша дүниедегінің бәрін басқаратын:
абсолюттік қажеттілік 103. Лейбниц философиясының басты мәселесі:
көп субстанциялық концепциясы 104. Декарт таным процесінің негізі деп:
ойлауды алады 105. Жан-Жак Руссоның философиялық толғаныстарының бірі:
адамның рухани бостандығы 106. Ғылым мен техника адамның табиғатқа үстемдігіне жағдай жасайды деген пікір қашан туды:
қайта өрлеу дәуірінде 107. ХVІІ ғ. жаңа заман философиясына тән басты белгіні қалай атауға болады:
ғылымицентризм деп 108. Рационализмнің негізгі пайымдауы:
адамның дүние тануында ақыл-ой басты роль атқарады деу 109. Қайта өрлеу дәуірінде мемлекет және құқық философиясымен кім айналысты?
Макиавелли 110. Жаңа замандағы дуализмнің өкілі:
Р. Декарт 111. Р. Декарттың ойлау әдісі:
дедукциялық 112. Мен ойлаймын, олай болса, мен бармын ” деген:
Р. Декарт 113. Қай ағартшылық заманының философы өзінің қандай еңбегінде адамды жануардан, жануарды өсімдіктен, өсімдікті органикалық дүниеден, ал оны органикалық емес дүниеден пайда болды деді?
Ж.де Ламетридің «Адам-машинасы» 114. “ Субстанция өзі өзінің себебі ” деген пікірдің авторы:
Спиноза 115. Болмыс түсінігі мен проблемасын алғаш рет философияға енгізген:
Парменид 116. “ Алдында түйсікте болмаған нәрсе, кейіннен ақыл –ойда болмайды” деген Дж. Локк пікірінің гносеологикалық принципі:
Сенсуализм 117. ХVІІІ ғасырдағы ағартушылық философиясының негізгі идеясын атап көрсет:
адамзат прогресі мен ғылымды дәріптеу 118. Таным процесі туралы мәселеде ХVІІІғ. Француз материалистерінің ұстанған бағыты:
дүниені жалпы алғанда тануға болады 119. Ф. Бэконның пікірінше ғылымның мақсаты:
пайда келтіретін жаңалықтар ашу 120. Ф.Бэконның таным теориясының негізгі әдісі (методы):
Индукция 121. Дж. Локктың таным теориясы бойынша, адамның білімі:
тәжірибеден алынады 122. Ағылшын сенсуалистеріне тән басты ерекшелік:
субъектінің таным процесіндегі ролін тар мағынада түсіну 123. ХVІІІ ғ. Ағылшынның субъективтік идеализмі (Беркли, Юм) дүниеде болу (бар) дегенді: қабылдау деп түсінеді 124. Төменде келтірілген категориялардың қайсысы сапа мен санның диалектикалық байланысын бейнелейді?
өлшем 125. Материалдық өндірістегі басты объектілер
өндіргіш күштер мен адамдар 126. Эмпиризмнің негізгі қағидасы:
адамның барлық білімі тәжірибеге негізделді 127. Ойлаудың индукциялық әдісінің негізін салушы:
Ф.Бэкон 128. “ Білім – күш” деген пікірдің иесі: Ф.Бэкон 129. Философия шығармашылық ойлау мәні?
Жаңалық жасау қабілеттілігі 130. Жаңа заман философиясындағы рационализмнің өкілі:
Р.Декарт 131. Гегель философиясында бастама болып табылады:
абсалюттік рух 132. Диалектика ілімінің принципін табыңыз:
Даму 133. Танымның бастауы тек түйсік деп есептейтін гносеологиядағы бағыт.
Сенсуализм 134. И.Канттың пікірінше білімде ажыратылатындар:
мазмұн мен форма 135. И.Кант трансцендентальдық идеализм жүйесін жасаған, ал оның зерттеу объектісі болып табылатындар:
сезімдіктің априорлық формалары, ақыл-ес категориялары және ақыл-ой идеялары 136. Арақашықтықта оның объектілерін, олардың құрлысы, элементтері мен бөліктерінен көрінетін материяның өмір сүру формасы- бұл:
Кеңістік 137. Философияның негізгі мәселесінің дәл мағынасын көрсетіңіз:
Ойлаудың болмысқа қатысы 138. Болмыс ұғымын тұңғыш қолданған грек ойшылы
Парменид 139. Даму дегеніміз не?
мәңгі, қажетті қозғалыс 140. Болмыс туралы философиялық ілім:
Онтология 141. “Материя” категориясына анықтама беріңіз:
объективтік реалдылықты белгілеу үшін философиялық категория 142. Даму туралы философиялық ілім:
Диалектика 143. Диалектикадағы санмен байланысты категория:
Сапа 144. Прогресс дамуда ненің болатынын болжайды?
жаңа сапаға ие болудың 145. Материалистік философияда болмыс нені білдіреді?
Табиғатты 146. Танымның көзі ақыл-ой болып табылады. Бұл пікір қандай гносеологиялық концепцияға жатады?
Рационализм 147. Ақиқат дегеніміз:
білімнің мазмұнының обьективтік реалдылыққа сәйкес келуі 148. Сезімдік танымның негізгі формалары
түйсік, қабылдау, түсінік 149. Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдарын зерттейтін ғылым
Логика 150. Дүниеде бәрі біршама салыстырмалы және тек қана салыстырмалы деп көрсететін:
Скептицизм 151. Гегельдің философиялық системасының басты ерекшеліктері:
абсалюттік идеализм және диалектика 152. Гегельдің ең құнды философиялық жетістігі – бұл:
танымның диалектикалық методы 153. Классикалық неміс философиясын бастаушы:
Кант 154. Таза ақыл-ойды сынау авторы
Кант 155. ХVІІІғ. Француз материалистерінің қайсысы “ Адам –машина” деген кітаптың авторы: Ламетри 156. Психоанализді жасаған:
Фрейд 157. “Өмір философиясын” негіздеген кім:
Кьеркегор 158. Адамзат болашағының заңдылықтарын болжауды зерттейтін ғылым:
Футурология 159. В. Соловьев философиясының орталық идеясы:
Жалпы бірлік 160. Славянофильдер мен Батысшылдар арасындағы айтыс пен болған проблеманы анықтаңыз:
Ресейдің және орыс халқының тарихи тағдырлары