1. Философиянын зерттейтін пані Философия


Ертедегі Унді философиясы онын ерекшілі



бет9/11
Дата15.11.2023
өлшемі36,88 Kb.
#123165
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
философия модуль

12.Ертедегі Унді философиясы онын ерекшілі
Біздің жыл санауымыздан үш мындай жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде кауымдық қоғам ыдырап, оның орнына кұлдық қоғам калыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы 4 варнаға (каста) бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар),кшатрии-лер (әскербасылары), вайшьилер (ауқаттышаруалар) және шудралар (құлдар). Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана тән дәстүрлі" мамандықтары болды. Мысалы, брахмандардын үлесіне —ой еңбегі, кшатрииларға — әскери қызмет, вайшьилерге — егін шаруашылығы, қоленер кәсібі, саудагерлік тисе, шудраларға — қара жұмыс қана тиді. Осы кезде қоғамдык өмірге, әлеуметтік қатынастарға сай келетін мифологиялык, философиялық көзқарастар да қалыптасты. Олар негізінен ежелгі үнді мәдениетінің ескерткіші — ведаларда (веда — білім) жиынтықталған. Ведалар төрт бөлімнен тұрады:
І.Самхит—құдайларға арналған гимндер жинағы.
2. Брахман-самхитті түсіндіретін әр түрлі мифологиялық әңгімелер.
3. Араньякта (Орман кітабы) — брахманға тән ритуалдардын орнына, сол құдайларды іштей сыйлап құрметтеу, олар туралы ойлап толғану сияқты көзқарас.
4.Ведалардың ең соңғы сатысы "упанишадта" дәстүрлі касталарды қарсы қоюдан гөрі, олардың арасындағы айырмашылықты ең жоғары білім арқьілы жоққа шығаруға болады деген идея уағыздалады.
Упанишадтың басты тезисі — Брахман—бар әлемнің генетикалық, түпнегіздік бастамасы және олардың соңы. Брахман екі түрлі болады. Біріншісі — қозғалмайды, нақты өмір сүреді, бірақ жойылып кетуі мүмкін, ал екіншісі — жойылмайды, өлмейді, қозғалыста болады және ақиқат. Бірінші брахман көп түрлі болса, екіншісі — жалкы. Кейбір жағдайларда брахманмен қатар, синоним ретінде атман ұғымы да қарастырылады. Атманның табиғаты—біржағынан дене сияқты болса, екінші жағынан рух сияқты. Рухты атман — тіршіліктің негізі, ал екеуі қосылып, барлық денелердің бастамасы, негізі және соңы болады. Брахман және атманмен бірге қатар тұрған ұғымдардыңбірі — "мен". Мен" өзін брахманмен, атманмен теңмін деп түсінгенде ғана құдаймен, бүкіл әлеммен тең болады. Ал "мен" —-бірбөлек, брахман, атман — бір бөлек деп түсіну білімділікке жатпайды. Ал егер атманды танып білсек, барлығын да білгеніміз. Жалпы, білімділік Упанишадта өте жоғары бағаланады. Мысалы, тіқелей құрбандық шалғаннан гөрі, құрбандық шалу туралы білім өте қүндырақ. Нағыз брахман — өмір қиыншылығынан, үмітінен, қызғаншақтықтан арылып, тыныштық тауып, алдап-арбаусыз ой кешіп, атманды түсініп, білген адам. Өмірдің ең басты мақсаты — тірі кезіңде сансардан (жанның бір денеден бір денеге көшіп жүруі) құтылу арқылы атман-брахманмен косыльш б ірігу. Ведалар негізінде қалыптасқан философиялық ілімдер сол ведалардың беделін мойындау-мойындамауьша байланысты әр түрлі бағыттарға бөлінеді: жаинизм, буддизм, даршандар, чарвактар-локаяттар, санкхья, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет