13.Ундінін Джайнизмфилософиясы Жайнизм –б.д.д.. V ғ. діни ағым ретінде қалыптасады. Негізін қалаушы – Махавира. Жайнизм мына идеяларға сүйенді: Адамның жаны, рухы оның тәнінен, дене терісінен нәзік, биік, құдіретті. Оның басты мақсаты – қасірет деп түсінген, өмірден азат болу. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз қылықтарының теріс салдарын осы өмірде жеңуге болады. Джайнизмнің негізін қалаушы веданы мойындамаған – Джина Махавира. Оның шын есімі – Вардхаман Махавира. Ол кшатрийлер отбасында дүниеге келген және 30 жасында үйінен кетіп, 12 жыл аскеттік жолмен айналысады. Сөйтіп ол рухани тәжірибелер арқылы дамығаннан кейін еліне оралып, 30 жыл бойы уағыздаумен айналысады. Оның арқасында «Джин» термині осы дінде пайда болған, ол тек «Сансарадан» босатып, Дхармаға қол жеткізген адамдарға ғана қолданылады. Джина - ең жоғары атау, ең құрметті атау. Санскрит тілінен аударғанда бұл сөз «жеңімпаз» дегенді білдіреді. Аскеттік өмірі үшін Махавира «Джина» деген лақап атты алады. Оның есімінен кейін джайнизм ілімнің атауы шыққан. Бұл ілімнің пайда болған жері - Үндістан. Джайнизм ешқашан одан асып кетпеді, бірақ бүгінде Қиыр Шығыста, Батыс Еуропада, Австралияда, Австралияда және тіпті Солтүстік Америкада да, мүшелері Джайнизм философиясын қолдайтын қауымдастықтардың саны өсуде. Джайнизмнің мәні неде?
Джайнизм, ең алдымен, жанның өзін-өзі тәрбиелеу, жан дүниесінің үздіксіз, әсер ету үшін, нәтижесінде және мәңгілік бақытқа жету үшін, дене қабығынан құтылып, Нирванаға жетіп, джива болу. Джайнизмге сәйкес, әр жаратылыс жеке, мәңгілік жан болып табылады. Олар «жеңімпаз» атағын немесе өздерін Сансарадан босатып, рухани ағартуға қол жеткізеді. Бұл ең құрметті Джайнизм мұғалімдері және олардың барлығының саны24. Олар тиртханкарами немесе сөзбе-сөз «құтқарылған жолды тапқан және көрсеткендер» деп аталады. Олардың жаттығуларын Мокшаға қол жеткізгісі келетіндер ғана ізің қуалайды
14.Ундінін буддизм философиясы және тағы баска философиялык, бағыттар Үнді — будда мәдениеті. Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі — Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті. Үнді елінің ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды. Үнді жеріне келген арийлер өздерімен бірге б.з.б. 2000 жылы шыға бастаған көне мәдени мұралардың бірі — Ведаларды ала келіп, оны жергілікті халықтың арасына кеңінен тарата бастады. Ведалар дегеніміз — діни сарындағы дұғалардың, құрбандық шалу кезінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы. Үндінің атақты жазушысы Рабиндранат Тагор ведалық гимндерді «Халықтың қуанышшаттығы мен оның өмірге деген сүйіспеншілігі мен қорқынышының поэтикалық куәгері» деп өте жоғары бағалаған болатын. «Жаратушы әні» гимнінде бізді қоршаған дүние былай деп сипатталады: «Ең алғашқы кезеңде дүние хаос жағдайында болды. Бірақ, уақыт өткен сайын адамзат баласының тіршілік етуге деген құлшынысы байқалды, соның нәтижесінде жарық, одан кейін аспан мен су патшалығы пайда болды. Міне, дәл осы кезден бастап жер бетінде тіршілік қалыптасты, ал құдайлар дүние жаратылғаннан кейін барып пайда болды». Шамамен, б.з.б. 800 жылында қалыптасқан упанишадтар үнді-арийлердің діни көзқарастарының дамуындағы басты қадам болып саналады. Өйткені, упанишадтар адамның ішкі жан дүниесі, оның өмірінің мән-мағынасы, адамды ақиқат пен шындыққа апарар жолдар мен олардың бұл өмірдегі маңызы, өлім мен мәңгілік ғұмыр жайындағы діни-философиялық толғауларға толы болып келеді. Ең бастысы — упанишадтарда Брахман мен Атман идеялары кеңінен көрініс тапқан. Брахман — абсолютті шындық, абсолютті руханилылық, бұл дүниеде одан тысқары еш нәрсе де жоқ, олай болса бізді қоршаған ортаның мәні де осы Брахманда. Ол Атман болса осы жағдайларды ескере отырып — жеке тұлғаны мойындау. Упанишадтар діни философиялық ой-сананың дамуына түрткі болды, сөйтіп көп ұзамай-ақ оның алты мектебі қалыптасты.