1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы. Уник 100%


Экспериментальдық әдістерге жатады



Pdf көрінісі
бет29/91
Дата06.01.2023
өлшемі0,93 Mb.
#60493
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   91
Экспериментальдық әдістерге жатады:
• Экстирпация әдісі – комиссуротомия – миды екі үлкен жарты шарға бөлу, лоботомия 
– миды жоғарғы және төменгі бөліктерге бөліп зерттеу. Бұл әдіс арқылы кесіп 
алынған ми бөлігінің функциясын зерттеуге болады. 
• Стереотаксикалық әдіс – стереотаксикалық инструмент көмегімен мидың терең 
бөлігіне әртүрлі жазықтықта электрод енгізу арқылы зерттеу.
• Потенциалдарды тудыру әдісі – ЭЭГ-ны қолдану арқылы ми нейрондарын 
тітіркендіріп, мидың электрлі белсенділігін анықтауға арналған әдіс. 
• Шартты рефлекстер әдісі – ми қыртыстарының даму механизмдерін зерттеуге 
арналған.
• Модель жасау әдістер – концентуальдық, физикалық, математикалық болып 
бөлінеді. Мидағы процесстерді түсіну үшін жасанды модель жасап зерттеу әдісі.  
Клиникалық әдістерге жатады:
• Электроэнцефалография – мидағы электрлік потенциалдарды пайда етіп, оларды 
тіркеу үшін қолданылады. 
• Эхоэнцефалография – миға ультрадыбыстық зерттеу жүргізу, бұл әдіс көмегімен ми 
тіндері мен бас сүйектегі патологиялар анықталады.
• Реонцефалография – реографтың көмегімен мидың қанмен қамтамасыз етілуін 
зерттеу. Зерттеу электродтарды бас терісіне бекітіп, электроимпульстар жіберу 
арқылы жүзеге асырылады. Мидың әртүрлі бөлімдерінің реограммасы жазылынады.
• Компьютерлік томография – мидың ішкі құрылымын, тіндерін, сүйегін рентген 
сәулесі арқылы зерттеу. 
• Магнитті резонанстық томография – сутек атомдарының магнитты резонансын 
қолданып, мидағы патологияларды анықтауға арналған объективті әдіс. 
Электроэнцефалография – мидың биоэлектрлік белсенділігін анықтаумен сипатталады. 
Алынған нәтиже – электроэнцефалограмма деп аталады. Зерттеу электродтар арқылы 
жүзеге асырылады. Электродтар фиксациялануы мен пішініне қарай – ине тәрізді, мостик 


126ЖМ Назарқұл Еркебұлан 
тәрізді, базальді, шыны тәрізді болып бөлінеді. .Электроэнцефалограмманың жиілігі мен 
амплитудасына байланысты 4 типке бөлінеді. 
1.Альфа ырғақ синусоидқа ұқсайтын ырғақты тербеліс жиілігі сек.8-13рет, 50мкВ.Бұл 
ырғақ түрі адам қимылдамай психикалық тыныштық күйде болса мидың шүйде және төбе 
бөлімінде анықталады. 
2.Бета ырғақтық жиілігі сек.13,аплитудасы 20-25мкВ ой жұмысында,эмоция,тітіркену 
кезінде пайда болады. 
3.Тета-өте 
сирек 
болады,ырғақ 
жиілігі 
4-8рет,амплитудасы 
100-150мкВ 
ұйықтағанда,гипоксия,наркоз кезінде кезедеседі. 
4.Дельта-жиілігі 
0.5-3.5рет 
,амплитудасы 
200-300 
мкВ,терең 
ұйықтағанда,наркозда,гипоксияда және мидың потологиясында кездеседі. 
ЭЭГ көмегімен ісіктер, қабынулар секілді патологиялар анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет