1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы. Уник 100%


Физиология тарихы. Физиологияның дамуындағы шетелдік және отандық



Pdf көрінісі
бет2/91
Дата06.01.2023
өлшемі0,93 Mb.
#60493
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
2.Физиология тарихы. Физиологияның дамуындағы шетелдік және отандық
ғалымдардың рөлі (И.М. Сеченов, И.П. Павлов, П.К. Анохин, К.В.Судаков, А.П. 
Полосухин, Н.У. Базанова тб.). 
Уникальность 91,74% 
Басқа да медициналық ғылымдар секілді физиология да ертеден дамып келе жатыр. 
Физиологияның ғылыми дамуының арқасында түрлі физиологиялық құбылыстар 
анықталып, практикалық медицинаның жетілуіне үлкен үлесін қосты. 
Физиологиялық даму тарихына үңілетін болсақ, жаңа дәуірге дейінгі IV ғасырда өмір 
сүрген ғалымдар Гиппократ пен Аристотельден бастау алғанын байқаймыз. Себебі олардың 
еңбектерінен адам ағзасының негізін және онда жүріп жатқан көптеген құбылыстарды 
түсінуге деген іс-әрекеттері байқалады. Бірақ олар ғылымның дұрыс дамымауы салдарынан 
көптеген сұрақтар мен құбылыстардың жауабын таба алмаған. Себебі, физиологияның 
бастапқы кезеңдерінде тірі ағзаны тәжірибелер жасау арқылы бақылау мүмкін болмады. 
Алайда, олардың тірі ағзадағы тірліктік әрекеттер туралы түсініктері дұрыс болды. 


126ЖМ Назарқұл Еркебұлан 
Гиппократ – бүкіл медицинаның атасы болып саналады. Себебі, ол ұсынған ауруды 
анықтау, емдеу мен болжау,дәрігерлердің этикасы туралы көзқарастары әлі күнге дейін 
қолданыс табуда. 
Аристотель – жануарлар туралы көп жылдар бойы зерттеп, еңбектері зоология, 
салыстырмалы эмбриология, анатомия, психология ғылымдарының пайда болуына жол 
ашты. Сондай-ақ физиологияның даму тарихын айтқанда тағы да бірқатар ғалымдарды сөз 
етсек болады. Мәселен, тәжірибелік физиологияның дамуына жол ашқан К.Гален, 
Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған Әбу Насыр Әль Фараби, шығыстың екінші 
дарынды ғұламасы Абу Али ибн Сина немесе Авиценна және т.б. ғалымдар физиологияның 
дамуына айтарлықтай үлестерін қосты. 
Ал,енді физиологияның дамуындағы шетелдік және отандық ғалымдардың рөлі жөнінде 
сөз етейік. Олардың ішінде орыс физиологтары И.М.Сеченов, И.П.Павлов және 
П.К.Анохин ерекше орын алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет