Белоктын сіңуі Белок ас қорыту барысында амин қышқылдарына дейін ыдырайды. Амин қышқылы қанға өткізгіштердің (Na' ионы) қатысуымен және АУФ энергиясын пайдалана отырып, ішек эпителиiнiн апикальдык жағынан өтеді, ал эпителийдің базальды (түпкі) жағынан өтерде ол диффузия жолын пайдаланады. Белоктардың біразы пептидтер түрінде эпителий аралыгынан диффузия жолымен, ал будан үлкен молекула лы белiктер пиноцитоз аркылы өтеді.
Амин қышқылдарының сіну шапшаңдыгы олардың формасына (LA), түрiне және өзара қарым-қатынасына, адамнын жасына (жас адамда әлдеқайда шапшан), қандагы амин қышқылдарының аз көптігіне, белок алмасу үрдісінің әлсіз-күштілігіне байланысты. Бұл айтылгандар амин қышқылдарынын сiнуi жүйке-кан арқылы ретте летінін көрсетеді. Қанға сіңген амин кышкылдары какпа венасы ар кылы бауырға барып жетеді. Мұнда олардан кан белоктары, бауыр жасушаларынын белоктары және қан ұюы үрдісіне катысатын про тромбин, фибриноген, проконвертин, проакцелерин түзіледі: Басы ар тык амин қышқылдары одан әрі қанға етеді. Қанда әр жасуша өзіне қажет амин қышқылын тандап алады да кәдесiне жаратады. Жасуша дағы белоктардың тотығуы нәтижесінде пайда болган амин қышқыл дары бауырда дезаминденiп мочевинага айналады және несеп кыш қылы түзіледі. Қандагы артык мочевина мен несеп кышкылы бүйрек аркылы сыртка шыгарылады.
Көмірсулардың сiнуi Көмірсулар гидролизі нәтижесінде пайда болған моносахаридтердін (глюкоза, фруктоза, галактоза, пентоза) 90%-і канга сінеді. Әсіресе глюкоза мен галактоза тез сiнедi. Олар эпителиоциттердiн апикаль дык жагынан (устінгі төбе жагынан) белсенді түрде тасымалданатын иондардың қатысымен сiнедi. Глюкозанын мембранадан өтуі көбіне натрий ионының концентрациялык градиентіне байланысты. Бүл түрлі өткізгіштің глюкоза мен иондарга ортақ екендігін дәлелдейді. Эпите лиоциттің базалдық (астыңғы) бетінен және бүйірінен көмірсулар диф фуздык жолмен өтеді.Көмірсулардың сіңуіне көптеген факторлар әсер етеді. Олардың сінуі, тотыгу айталық кейбір амин қышқылдарына, АУФ-тың мөлшеріне, үрдісінің әлсіз-күштілігіне, ішектегі моносахарид мөлшеріне, баска да қоректік заттардың гидролиздік өнімдеріне, тағам түріне тәуелді. Бүл - осы заттардың сіңуі жүйке, қан арқылы реттеледі деген сөз.