1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы. Уник 100%


Дәм анализаторы. Рецепторлық, өткізгіштік және қыртыстық бөлімдері. Дәм сезу классификациясы Уник-100



бет58/79
Дата21.03.2023
өлшемі243,73 Kb.
#75638
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   79
Байланысты:
физиология сессия Nazarkul E.S. 2021surak

69.Дәм анализаторы. Рецепторлық, өткізгіштік және қыртыстық бөлімдері. Дәм сезу классификациясы Уник-100
Дәм талдағыштары деп отырғанымыз дәм түйсіктерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызып,ауыз қуысына түскен тағамның әртүрлі дәмін, түрін, температурасын және мөлшерін анықтайтын анализаторлар. Олар организмнің тіршілігін, зат алмасуын, сыртқы ортаға бейімделісін қамтамасыз етеді. Дәмді толықтай түйсіну иіс сезу анализаторымен тығыз байланысты. Мысалыға, алдымен біз тағамның иіс аңғарамыз, яғни мұрынымыздың көмегімен иіс сеземіз, содан кейін тағамды жеп бастаған уақытта дәм анализаторлары іске қосылып, тағамның дәмін толықтай сезіне аламыз. Сондықтанда, дәм сезу жүйесінің негізгі мақсаты – тағамның құндылығы мен жарамдылығын анықтау және асқа тәбетті қалыптастыру.
Дәм сезу рецепторлары суда еріген химиялық заттардан тітіркеніп қозу тудырады. Суда ерімейтін құрғақ тағам дәмсіз сияқты болып көрінеді. Дәм сезу мүшесіне тілде, жұмсақ таңдайда, жұтқыншақтың артқы жағында орналасқан дәм сезу бүртіктері жатады. Дәм сезу бүртіктері төрт дәмді сезеді: тәттін, ащыны, қышқылды, тұзды. Тілдің ұшындағы рецепторлар тәттіні, түп жағындағылар ащыны, бүйір бөліктеріндегілер қышқылды және тұздың дәмін сезеді. Қабылдағыштарда туған қозу рефлекторлық доға арқылы ми қыртысының дәм сезу аймағына жетеді.
Дәм анализаторлары перифериялық, өткізгіш және орталық бөлімдерден тұрады.
Дәм талдағышының шеткі бөлімі – дәм сезу баданасының рецепторларынан тұрады. Олар тілдің ұшында, екі бүйірінде және түпкі жағында көп кездеседі. Адамда 10 мыңнан астам дәм сезу баданасы болады. Олардың әрқайсысы 8-12 қабылдағыш және тірек жасушаларынан тұрады. Дәм баданалары тілдің біртік тәрізді емізекшелерінде орналасады. Және де олардың ұшқары жері өте сезімтал микротүктерден тұрады. Дәмді заттар дәм сезуші жасушаларға бадананың төбесіндегі тесік арқылы өтеді.Түкті рецепторлар химиялық затармен өзара әрекеттесуі нәтижесінде мембранадағы натрий каналдарының ашылуы қозуға кетіріп, рецепторлық потенциалды тудырады, әрі қарай ол әрекет потенциалына айналып таралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет