1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы. Уник 100%


Ми қыртысының аналитикалық және синтетикалық қызметі



бет64/79
Дата21.03.2023
өлшемі243,73 Kb.
#75638
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   79
Байланысты:
физиология сессия Nazarkul E.S. 2021surak

76.Ми қыртысының аналитикалық және синтетикалық қызметі.
Үлкен ми сыңары қыртысындағы анализ және синтез адам организмы үшін биологиялық маңызы зор процестер болып табылады.
Анализ-әртүрлі сигналдарды бөлу,айыру, ағзаға тиетін әртүрлі әсерді ажырату.
Синтез-талдау, біріктіру, ми қыртысының әртүрлі бөліктеріндегі қозуларды бірлестіру.
Қарапайым талдау жасау әрбір талдағыш қабылдағышынан басталады. Эволюциялық даму барысында ағзаға әсер ететін тітіркену түрін қабылдауға маманданған. Тітіркенуді қарапайым анализ дәне синтез етіп, жүйке жүйесінің арнамалы дәне бейарнамалы қыртысасты құрылымдары жасайды. Үлкен ми сыңарлары қыртысында олардың ең күрделі түрлері жүзеге асады.
Ми қыртысында әртүрлі нейрондар бірігіп «нейрондар жарасымын» құрайды. Осындай нейрон топтары түйсіктің белгілоі бір түріне жауап береді. Адамның түйсігі пайда болған қозудың таралуы арқылы туады.
Динамикалық стереотип синтездеу іс әрекетінің өте күрделі түрі. Ол мидың күрделі анализдеу-синтездеу іс әрекеті нәтижесінде қалыптасады. Әртүрлі тітіркендіргіштер өзгермей реттеліп жасалытын ықпал сыртқы стереотип деп аталады.
Мида әрекеттік қатынастың бірізді өзгерістері болады, сол тәтіппен бірнеше рет қайталанса, біртұтас біріккен тізбекті рефлекстер жүйесіне айналады. Жылжымалы стереотип дегеніміз-қозу мен тежелудің мидағы бірізді қалыптасуы.
Стереотиптің ырғақты түрі болады. Алғашқыда жағымды шартты рефлекстер, кейін жағымды және жағымсыз рефлексттер бір мезгілде жүреді. Адам мен жануарлардың күнделікті тіршілігін атқаратын мдағдылары ырғақты-өрнекті стереотип арқылы қалыптасады.
Мидың күрделі анализдік синтездік іс әрекеті нәтижесінің бірі-шартты рефлекстік аударақосу.Бұл ағзада әртүрлі бейімделу іс әрекетін тітіркені әсерінен тудыратын өзгерістерді айтамыз.Аударақосу көмегімен қоршаған орта өзгерістеріне бейімделу тиімді жүреді.
Ахуалды шартты рефлекс –тіршілікте әртүрлі жағдайда әсер ететін сигналға қалыптасатын ағза іс әрекеті.
Тонустық рефлекс-тіршілікте жағдайдың тұрақты сипаты мен ұзақтығына сәйкес келетін іс әрекеті. Бұл рефлекс ағзаның даярлық қабілетін көрсетеді.
Кейбір зерттеушілер, рефлекстік теория мидың анализдік синтездік іс әрекетін, мінездің әсерленіс негізін толық ашпайды деп айтады. Шартты рефлексті ми қызметінің тек талдау жасайтын жабайы, қарапайым түрі деп есептейді.Осыған байланысты мида ерекше мәні бар бейрефлекстік іс әрекет туралы қағидалар ұсынды.Ми қызметінің бұл түрі мінез құлықтың басты негізін құрайды,шығу ретіне қарай рефлекстік тетігі болмайды.
Гештальтпсихология-бейрефлекстік бағыттың бірі, ми қызметі организмнің қоршаған ортамен әрекеттесуі арқылы тәжірибе жинағандықтан, күрделі анализ синтез жасағандықтан емес,мида оның бейнесі пайда болғандықтан жүзеге асады.
Инсайт-нәтижесіз еңбек еткен және ойлаған істерінің кенеттен шешімін табуы.
Қорытындылай келе,анализдік синтездік іс әрекет нәтижесінде пайда болатын мінездік әсерленісті тексергенде рефлекстік теория және оның физиялогиялық негіздерін анықтауға сенімді, әрі қолайлы тәсіл.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет