Физика пәні және оның зерттеу әдістері Физика- тәжірибе арқылы іске асатын ғылым, яғни оның заңдары тәжірибе арқылы алынған фактылармен бекітіледі. Табиғатта орын алатын, физикалық шамалардың арасындағы байланысты көрсететін, орнықты болып қайталана беретін объективті заңдылықтар физикалық заңдар болып табылады.
Физика – эксперименттік ғылым және жан-жақты теориялық түрде зерттелген. Нақты физикалық заңдар негізінде кейбір негізгі физикалық заңдар мен принциптерден маманның кәсіби іс-әрекет саласында практикалық мәнге ие ақпаратты қорытындылаудың тиімді әдістері алынды.
#
Ньютонның екінші заңы Ньютон екінші заңы - материалдық нүкте импульсінің уақыт бойынша бірінші туындысы нүктеге әсер ететін барлық күштердің қосындысына теңдігі туралы механикасының заңы.
, -дененің импульсі, t- уақыт, ал -уақыт туындысы Ньютонның екінші заңының формуласын: F=ma түрінде жазу әрі қолдану едәуір ыңғайлы. Өйткені формуланы осылай жазу кезінде, теңдеудің бір жағында қозғалыстағы денеге қатысты шамалар, ал екінші жағында оған әрекет ететін күш қарастырылатын болады.
#
Ньютонның үшінші заңы Ньютонның үшінші заңы былайша тұжырымдалады: Екі дененің бір-бірімен әсерлесу кезіндегі күштері бір түзу бойында, модульі жағынан бірдей және бағыты жағынан қарама-қарсы болады: Ньютонның 3-ші заңы тек инерциялық санақ жүйелерінде орындалады.
{\displaystyle {\overrightarrow {F}}_{1}=-{\overrightarrow {F}}_{2}}
#
Материалдық нүкте туралы түсінік
Материалдық нүкте, ескерілмей, бірақ нақтылы массасы бар денелер туралы механикалық ұғым. Материалдық нүктенің материялық нүкте — белгілі жағдайларда өлшемдері кеңістіктегі орны геометриялық нүктемен алмастырылатындықтан ол механиканың көптеген есептерін шешуді жеңілдетеді. Аспан әлеміндегі жұлдыздардың, астероидтардың, Күн және оның планеталарының қозғалыстарын қарастырғанда олардың барлығын М. н. деп санауға болады.
Механикада, материалдың нүкте — ең қарапайым механикалық жүйе; ең аз еркіндік дәрежесі бар механикалық жүйе (үшөлшемді кеңістікте қозғалса және байланыс болмаса – 3 еркіндік дәрежесі), ішкі еркіндік дәрежесіз.
#