1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы. Уник 100%



бет77/79
Дата21.03.2023
өлшемі243,73 Kb.
#75638
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79
Байланысты:
физиология сессия Nazarkul E.S. 2021surak

Эмоциялардың бейнелі әрекеті-оқиғаларға жалпы баға береді. Бүкіл іс-әрекетінің біртұтастығына байланысты организм оған әсер ететін ынталандырудың жағымды және жағымсыз жақтарын тез анықтайды.
Эмоцияның ізденуші түрі мақсат пен ниетке байланысты. Ол жетекші және жағдайлық болып екі топқа жіктеледі. Жетекші эмоциялық күйзеліс-мұқтаждығы қанағаттандыратын мінездің мақсаттқа бағытталуы. Жағдайлық эмоциялық күйзеліс мінездің кейбір кезеңдерін бағалайды.
Эмоцияның байланыстырушы әрекеті ымдау, қолсермеу,дене қимылы,кейпі, дауыс ырғағын өзгерту арқылы айналасына сезімін білдіреді. Мұнда эмоциялық күйлердің арасындағы қарама-қарсылық байқалады. Мысалыға, қуаныш пен қайғы, ашу мен үреу, ынта мен жиіркену, ұят пен жек көру, сүйсіну мен күйіну сезімдері белгілі сипаттармен көрініс табады.
Эмоцияның пайда болуына байланысты эмоцияның бірнеше теориялары бар.
Эмоцияның алғашқы теориясы Ч.Дарвин ұсынған биологиялық қағида. Ол жануарлардың эмоциялық көрнекті қимылдарын салыстырып, белгілі бір тіршілік сигналдық мәні барлығын анықтады. Мұндай көрнекі қимылдар және ымдау әрекеттері эмоцияның туа біткен көріністеріне жатады.
Анохиннің түсінігіне сәйкес, эмоцияның қалыптасу барысында сыртқы жағдайлардағы мұқтаждық пен қанағаттандыру сезімі туындайды. Себебі, әрбір мұқтаждық жағымсыз күйзеліспен қатар жүреді. Сондықтан ол адам мен жануарларды белсенді іс-әрекетке демеп отырады. Ал әрбір мұқтаждық орындалған жағдайда,ішкі жан дүниеде қанағаттылық сезімі туындайды. Сондықтан іс әрекетпен жасалған жағымды эмоция зердеде сақталып, әр уақытта мақсатты мінезді ұйымдастырады.
Екінші теория Симонов ұсынған ақпараттық қағида. Симонов эмоцияны адам мен жануарлар миының пайда болған мұқтаждығының сапасын және мөлшерін, оны қанағаттандыру ықтималдығын бейнелеу қасиеті деп санайды. Физиологиялық тұрғыдан алғанда, эмоция мидың арнайы құрылымдарының белсенді күйі, ол осы жағдайды өсіруге немесе азайтуға бағыттап, мінезді өзгертуге мәжбүр етеді.
Эмоционалды жағдайды қалыптастыруға мидың әртүрлі құрылымдары қатысады. Осыған байланысты бірнеше психоорганикалық теориялар қалыптасты. Солардың бірі Кеннон ұсынған таламустық теориясы. Кеннонның теориясына сәйкес эмоционалды әсер бастапқыда таламус орталықтарында пайда болады және ми қыртысына әсер етеді. Осылайша, ол түйсікті өзгертеді және көрнекті қозғалыстарды тудырады.
Эмоцияның пайда болуын ұғынуда лимбиялық теория жетекші орын алады. Дж.Пейпец клиникалық байқаулардың нәтижесінде, ми қыртысының маңдай бөлігі, гипоками, күмбез, бадамша, таламус, гипоталамус эмоциялық әсерленісті ұйымдастырады деп тұжырымдады.
Д.Линдслей электроэнцефалография әдісін қолдана отырып, эмоцияның құрылымдарын ми бағанының торлы құрылымы белсендіретіндігін дәлелдеді. Сөйтіп, ол эмоцияның белсендіру теориясын ұсынған болатын.
Эмоционалды белгілер адамның жинақталған тәжірибе мен білімі арқылы әртүрлі жағдайларды бағалауы негізінде байқалады. Бұл Когнитивтік тұжырымдама бойынша байқалады.
Эмоцияның пайда болуына байланысты, осындай ғалымдардың ұсынған ерекше теориялары бар. Осы теориялардың барлығын біріктірсек, эмоцияның қысқа ғана анықтамасын ұғынсақ болады.
Эмоциялардың екі түрлі ауытқуы болады. Біріншісі, гипотимия ол абыржу, үрей, қорқыныш, жабырқау сезімдері. Мұндай жағдайда адамның өзіне деген сенімі әлсірейді, адам жүдеп, ішкі ағзалардың қызметі бұзылады. Эмоциялардың екінші ауытқуы, көңіл-күйдің гипертимиясы, қозғалыстар күшейіп, жеңіл әрекеттер пайда болады. Бұл екі ауытқу бір біріне қарама қарсы болып келеді. Адамдарда эмоция ауытқулары өте күрделі процесс. Мұндай жағдайлар эмоционалды күйреуде жиі кездеседі. Бұл қажеттілік пен оны өтеу мүмкіндігі сәйкес келмеген жағдайда пайда болады.Осындай қақтығысуларды жоюға арналған организмнің барлық қорғаныш күшін жұмылдыратын маңызды іс әрекеттерді эмоциялық стресс деп атаймыз. Эмоциялық стресс жүрек ишемиясы, гипертензия, асқазан жарасы, эндокрин жүйесінің ауруларына әкеліп соқтырады. Мұндай жағдайда орталық жүйке жүйесіндегі нейромедиаторлар мен пептидтердің саны өзгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет