1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы. Уник 100%



бет19/79
Дата21.03.2023
өлшемі243,73 Kb.
#75638
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   79
20. Бұлшықет жиырылуының режимдері. Жеке жиырылу. Тетанустық жиырылу, оның түрлері. Қаңқа бұлшықеттері жұмысының түрлері (изотоникалық, изометриялық, ауксотоникалық). Уник 100%
Бұлшықет қозғыш тінге жатады, сондықтан да бұл тінге қозғштық, қозуды өткізу мен жиырылу тән. Осы орайда қаңқа бұлшықеттерінің жиырылуының 3 түрі ажыратылады. Олар: изотоникалық, изометриялық және ауксотоникалық.
Ауксотоникалық жиырылу дегеніміз- бұлшықеттің жиырылуы кезінде еттің қысқарып, тонусының күшейуін айтамыз. Бұлшықет жиырылған кезде қысқарып, тонусының өзгермеуін изотоникалық жиырылу деп, ал жиырылған кезде қысқармастан тек тонусынының күшейуін изометриялық жиырылу деп атаймыз.
Сонымен қоса еттің жиырылуы жеке және тетанустық деп екіге жіктеледі. Қандай да бір тітіркендіргіш әсер еткен кезде, бұлшықет тек бір рет жиырылып, жазылады. Мұны- жеке жиырылу деп атаймыз. Ал, бұлшықетті жиі-жиі тітіркендірген кезде көптеген жиырылулардың бәрі бірігіп жиналады да, бұлшықетіміз біразға сіресіп қалады, яғни бұлшыеттің осы жиырылу түрі- тетанустық деп аталады. Бұлшықет бір рет жиырылуы латенттік кезеңнен, қысқару және босаңсу кезеңдерінен тұрады. Латенттік- яғни жасырын кезең, тітіркендіргіш әсер еткеннен жиырылу басталғанға дейінгі уақыт.
Бұлшықеттің қозғыштық қабілетінің абсолюттік және салыстырмалы рефрактерлік кезеңдерінің қысқа болуына байланысты, ет тітіркену кезінде оны одан әрі тітіркендірсе де жауап беуіін жалғастыра береді. Яғни мұнда бірнеше жиырылу жинақталып, жиырылу серпінісін тудырады және осы жиырылу толық және шала болып екіге жіктеледі. Егер тітіркендіру кезінде әр тітіркеніс етке жиырылу кезінде тисе, мұнда ет босаңсымастан жиырылу дәрежесі күшейеді де, бұл- толық жинақталу деп аталады. Ал егер тітіркеніс еттің босаңси бастаған кезінде тиетін болса, бұлшықет солған жерінен қайтадан жиырылады да, бұрынғыданда жоғары тітіркенеді. Осы жиырылу түрі- шала жинақталыс деп аталады. Демек, ұлшықетті жиі-жиі тітіркендіретін болса, ет ұзақ әрі күшті жиырылады. Мұны тетанус деп атайды.
Тетанус тітіркендіру жиілігіне қарай тісті және тегіс тетанус болып жіктеледі. Егер тітіркендіру жиілігі секундына 20- дан асса тегіс деп, ал 15-пен 20-ның арасында болатын болса тісті тетанус деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет