Қаңқа еттерінің физиологиялық қасиеттері: 1) қозғыштығы (жүйке талшығымен салыстырғанда төмен, себебі еттің МП
шамасы төмен)
2) өткізгіштігі жүйкемен салыстырғанда баяу, шамамен 10-13 м/с;
3) рефрактерлігі (жүйке талшығына қарағанда ұзақтығы көп уақытқа
созылады)
4) лабильдігі – 250-350 Гц
5) жиырылғыштығы (ет талшығының қысқаруы немесе қатаюы).
6) созылғыштығы (серпімділігі) – қатты созылған ет талшығының оны
босатқанда қалпына қайта келу қабілеті.
Тегіс бұлшықеттің физиологиялық қасиеттері. Бірыңғай салалы ет бүкіл ішкі қуыс ағзалардың қабырғасында, қан мен
лимфа тамырларында, несеп шығаратын мүшелерде, жатырда, бронхта,
қыспақтар (сфинктер) құрамында және т.б. жерлерде кездеседі. Бұл еттің
физиологиялық қасиеттері қаңқа бұлшықетіндегі сияқты, бірақ оның өзіне
тән ерекшеліктері болады:
1) Қозғыштығы. Физиологиялық қалыпты жағдайда бірыңғай салалы
бұлшықет жасушаларының МП - 60 -70 мВ арасында, ал өздігінен қозатын
миоциттерде - -30-60 мВ болады. Қаңқа етімен салыстырғанда,оның ӘП-ның
мөлшері төмен және ұзақтау (10-50 мс), ал мембрананың деполяризациясы
Ca2+ иондарының жасушаның ішіне енуімен байланысты.
2) Өткізгіштігі. Бірыңғай салалы еттердің құрылымды-әрекеттік бірлігі болып табылады.
Қаңқа мен тегіс бұлшықет контрастының қандай ұқсастықтары бар?
Қаңқа және тегіс бұлшықеттің жиырылуы Ca2 + концентрациясына байланысты. Қаңқа және тегіс бұлшықеттің жиырылуы дене қозғалысы мен формасын сақтау үшін өте маңызды.