1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы



бет1/17
Дата18.10.2023
өлшемі64,97 Kb.
#117787
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Динара физиология


1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы.
Физилогия (грекше physis – табиғат, logos- ілім) – тірі отганизм мен оның жеке жүйелері, ағзалары, тканьдері және клеткаларының әрекеттерін, функцияларын зерттейтін биологиялық ғылым. Физиология организм жүйелері мен ағзаларының бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын тексереді. Сонымен қатар ол функциялардыжас кезеңдеріне байланысты онтогенез және эволюциялық даму барысында бақылайды.
Физилогия үрдіс дамып келе жатқан ғылым. Ол дербес ғылым ретінде, анатомия мен гистологиядан бөлінгеннен бастап, организмнің тіршілік әрекеті туралы физика, химяипәнінің әдістерін қолданып, көптеген нақтылы деректер жинады. Қазіргі кезде физилогиядан жеке ғылым ретінде биохимия, биофизика, нейро-физилогия, эндокринология, радиобиология бөлініп шықты.
Физиология және медицина
Физология ғылымы медициналық мұқтаждыққа байланысты пайда болған. Расында, организмның қалыпты қызметін, денсаулыққа тән көрсеткіштерін жете білмей, ауруды емдеуге болмайды. Сондықтан қалыпты физилогия барлық медициналық ғылымдардың теориялық негізі деп есептеледі.
Демек, физилогия, организмнің қалыпты жағдайдағы әсерінен ауытқу мөлшерін білуде, медициналық білім алу барысында, профилактикалық жұмыстарды ұйымдастырғанда, ауруды емдегенде өте қажет ғылым.
Қазақтың ұлы ғұлама ғалымы әлемге Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» деп танылған Әбу Насыр ӘЛ-Фараби (шамамен 870-950 жж.) – «дәрігер әрбір ағзаның саулығын анықтау үшін, оның жаратылысына қарай атқаратын қызметін білуге тиіс» - деп жазды. Әл-Фарабидің айтуынша, «медицина- ақиқат негіздерге сүйеніп, адам организмі мен оның әрбір мүшесінің аман-саулығын қамтамасыз ететін өнер». Әл-Фараби медицинаның мәнін, мақсат-мұратын ғылыми материалистік тұрғыдан қарады. Ол адамның рухани, ойлау және басқа психикалық қабілеттерін қоршаған ортаның әсерін, аурудың пайда болу себеп-салдарын, емдеу амалында дәрі мен тамақтың маңызын дұрыс түсіндірді.
Физилогия ғылыми даму жолында көптеген функцияларды тексере келе, табылған зерттеу әдістері мен физиологиялық құрылыстарды анықтау арқылы практикалық медицинаны байытып, оның жетілуіне ерекше ықпалын тигізді. Осы туралы атақты физилог И.П.Павлов «Медицина тек қана физилогиялық деректермен күннен күнге толықтырылып отырғанда ғана, адам денесіндегі бұзылған механизмдерді дәл тауып, дұырс емдей алады, яғни шын мәнінде өз мақсатын орындайды» - деді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет