1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы. Уник 100%


Шартты рефлекстің тежелуі. Шартты рефлекстің тежелуі оның түрлері



бет68/80
Дата18.12.2022
өлшемі261,4 Kb.
#58012
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   80
79.Шартты рефлекстің тежелуі. Шартты рефлекстің тежелуі оның түрлері.
Орталық жүйке жүйесіндеri тежелуді ашқан орыстың біртуар ғалымы И.М. Сеченов .Ол орталық тежелуді арнайы тежеуші жүйелердің белсенділігі деп қарады. Жалпы тежелудің шартсыз және шартты деп бөлінеді. Шартты тежелу жүйкенің жүре пайда болу қасиеті. Шартты тежелудің бірнеше ерекшеліктері болады. Шартты тежелу белгілері жүйке жүйесінің бірыңғай қасиетіне байланысты.Мінезі қызба кіcілерде, байсалды адамдарға қарағанда, шартты тежелу қиын жүреді.
Сонымен қатар жаңа қалыштасқан шартты рефлекстің жалпылама өзгешелігі болады. Шартты рефлекстің мамандалуын қамтамасыз ететін урдіс, ягни тітіркендіргіштерді сұрыптаy ажырататын тежелу деп аталады. Бұл үрдіс ми қыртысында өтетін шартты тежелуден туады.
Тежелудің қасиеттері:
1) тітіркендірулердің белгілері өте ұқсас болса, оны қалыптастыру қиынға соғады;
2) тежелу дәрежесі нығайтушы тітіркендірістің күшінен төуелді келеді;
Шартты тежегіштердің негізгі қасиеттері:
1)ол әлсіз тітіркенгішке (мысалы, жарыкқа) косымша күшті тіпіркендіру (қоңыраy) косылса онай қалыптасады;
2) бұрынғы қолданылған күшті тітіркендірудін іздері қосымша түрткі ретінде әсер ете алады;
Тітiркендіргіш бірінші рет жағымды сигналмен бірге берілгенде, ол бағдарлау рефлексін тудырады. Қосымша тітіркендігіш күшті болған сайын, шартты тежегіш тез қалыптасады.
Кешіктіретін тежелу. Кешіктіретін шартты рефлекстер бірден курылмайды, тек нығайтудың басталуы біртіндеп үзартылғанда барып жүзеге асады. Осы шартты тітіркендіргіштің жекеленген әсерімен бастапкы кезде жүйке нейрондарының әрекеті тежеледі. Кешіктіретін тежелу шартсыз рефлекстің күшіне тәуелді, егер ол күшті болса, бұл тежелудің пайда болуы киынға соғады. Бұл тежелу арқылы әр уақытта шартты рефлекстік әсер дер кезінде іске қосылады.
Кешіктіретін тежелудің негізгі касиеттері:
1) шартты тітіркендіргіш неғұрлым күшті болса, бүл тежелу соғүрлым қиын жасалады;
2) нығайтушы түрткі күшті болса, шартты рефлексті кешіктіру қиынға соғады;
Тітіркендірулердің арасы 2-3 минут болған жағдайда кешіктіретін тежелу қалып- таспайды. Шартты тежелудің тағы бір ерекше, "нығайтылса да өшетін" түрі болады. Ол жағымды стимул ұзағынан бір ырғақты немесе бір сарынды нығайтқышпен коса әсер еткен жағдайда пайда болады. И.П. Павлов ішкі тежелудін түрлерін әрекетіне және қалыптастыру тәсілдеріне қарай жіктеумен бірге, тежелу касиеттерінің айырмашылығы олардың күшіне байланысты болатындығын атап көрсетті. Ол шартты тежелудің жергілікті және ми құрылымында жалпылама түрде кездесетініне ерекше көңіл аударды. Сөйтіп шартты тежелу организмнің бейімделу әрекетін реттеп отырады. Егер шартты тежелу қалыптаспаса, организмде табиғи қажетсіз, колайсыз әсерленістер көп болар еді. Шартты тежелу өте нәзік төзімсіз келеді. Әртүрлі аурулар, кажу, зорлану бүл тежелуді әлсіpетеді.
Шартты тежелу тетіктері. Адамның сыртқы ортаға жете бейімделуі, оның әсерленісінін сырткы жағдайларға сәйкес келуі тежелуге байланысты болады. Негізгі жүйке үрдістері- козу мен тежелудің көрсеткіштері. Олардың өзара әсері. организмге көптеген тітiркендіруді талдап, жауап түзіп, өзін әртүрлі жағдайда бағдарлауына мүмкіндік туғызады И.П. Павловтың көзқарасы бойынша, шартты тежелу тек ми қыртысында болатын кұбылыс. Қалай болғанда да, тежелудің ми қыртысындағы орналасуы уш турлі болуы мүмкін. Біріншіден, шартты сигналдың ми қыртысы жобаланысында, екіншіден, шартсыз рефлекстің мидағы өкілетті нейрондарында, ушіншіден, уақытша байланыстын кұрылымында қалыптасады. Сонғы жылдары көптеген зерттеушілер, шартты тежелу әуелі мидың қыртысасты құрылымдарында немесе олардың белсенді қатысуымен пайда болып, ми қыртысына жоға- ры көтеріледі деп санайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет