Байланысты: 1. Физиология п ні, бас а ылымдармен байланысы, медицинада ы ма
80) Жануарлар мен адамдардың жоғары нерв қызметінің типтері (И.П. Павлов), олардың жіктелуі, сипаттамалары. 100% Жүйке жүйесінің жоғарғы бөлігіне – үлкен ми сыңарлары ның қыртыстары мен оның айналасында орналасқан құрылымдар жатады. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі – адамның мінезін қалыптастыратын күрделі биологиялық процесстерді жүзеге асыру болып табылады. Жануарлар мен адамдардың жоғарғы жүйке жүйесінің функциясын зерттеуде Павлов ілімінің маңызы зор.
Павловтың жоғарғы жүйке жүйесі туралы ілімі бірнеше принциптерге сүйене отырып жасалған, олар:
Детерминизм – себептілік принципі, организмнің тұйықталуы сыртқы ортадан әсер еткен факторлар мен сепбетрге бйланысты.
Анализ және синтез – организмнің сыртқы ортаға бейімделуі оан әсер ететін тітіркендіргіштердің көмегімен жүзеге асырылады.
Жүйелік принцип – организм жеке элменттердің қоспасы ретінде емес, реттелген жүйе ретінде қарастырылады.
Құрылымдық принцип – жоғары жүйке жүйесінің қызметі мен жұмысы мидың құрылымы мен физиологиясына байланысты.
Сондай-ақ, жоғарғы жүйке жүйесінің қасиеттеріне:
жүйке процестерінің күші – нерв клеткаларының ұзақ уақыттық қозупроцессінен кейін де өзінің жұмысқа деген қабілетін сақтап қалумен сипатталады. Жүйке жүйесінің күші неғұрлым жоғары болса, адам да күйзеліске соншалықты төзімді келеді ;
жүйке процестерінің тепе-теңдігі – жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелудің бірдей уақытта пайда болу мен аяқталуын көрсетеді;
жүйке процестерінің қозғалғыштығы – қозудың тежелуге, тежелудің қозу процесстеріне тез жылдамдықпен айналуымен сипатталады. Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, организм жаңа жағдайға тезірек бейімделеді.
Павлов жануарлар мен адамдарда жоғарғы жүйке жүйесінің 4 типін ажыратады:
күшті, теңдестірілген, қозғалғыш – сангвиникке сәйкес келеді.
күшті,теңгерімсіз, қозғалғыш – холерикке сәйкес келеді.
күшті, теңдестірілген, инертті – флегматик.
әлсіз, теңгерімсіз, икемді немсе инертті – меланхоликке сәйкес келеді.
-Сангвиниктер- сенімді, көшбасшылық қасиетке ие, олар жігерлі болып келеді. Олардың жүйке процестері күшті, қозғалмалы және теңдестірілген. Олардың өмірге деген оптимистік көзқарасы, алаңсыз табиғаты және оларды қоршап тұрған барлық нәрсеге деген жеңіске деген көзқарасы оларды кез-келген партияның көсбасшысы етеді. Алайда, олар адалдықтың жанкүйерлері емес, өмірлік қиын жағдайларда оларға сену көбіне мүмкін емес.
-Холерик – жұмыстарын жақсы көретін, өз жұмыстарында лидерлік орын алатын адамдар. Өмірлік мақсат қойып, оған жету үшін бәрін жасайды және олардың мотивациясы жоғары деңгейде болады. Холерик ерлер мен әйелдер жақсы басшылар, бірақ жақсы өмірлік серіктестер емес. Оларға жиі дауыс көтеру, айқайлау тән. Осының арқасында олар мықты басшы, командир бола алады.
-Флегматик – мінездері жеңіл, өзгелерге көмектескілікелетін керемет дос, өзінің ыңғайлы жерінде/зона камфорта болғанды ұнатады. Көбінесе бірінші болып кешірім сұрайды, стресс пен мазасыздықты ұнатпайды. Олар шешім қабылдағанда жиі қиналады. Жақсы нәтиже көрсету үшін барын салады.
-Меланхоликтер - рпақтан-ұрпаққа берілетін дәстүрлердің күшіне сенеді. Өздеріне сенімсіз. Жиі стресстің әсеріне ұшырайды. Бәрі тәртіпте болғанды ұнатады, тым көп қиялдап, кейде шын өмірді ұмытып кетеді.