1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы. Уник 100%


Негізгі алмасу. Негізгі алмасу шамасын анықтайтын факторлар. Рубнер



бет41/80
Дата18.12.2022
өлшемі261,4 Kb.
#58012
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   80
50.Негізгі алмасу. Негізгі алмасу шамасын анықтайтын факторлар. Рубнер денесінің беткі заңы. Негізгі алмасуды анықтау әдістері. Уник-80
Жер бетіндегі барлық тірі ағзалар сырттан энергияны, зат алмасуды керек ететін ашық жүйелер. Сыртқы ортандан энергия мен зат алмасуы қоректену деп аталады. Зат алмасу деп организмге енген қоректік заттарды жасушалар құрамдарын синтездеуге пайдалану мен энергия өндіруге, сонымен қатар қалдық өнімдерін сыртқы ортаға шығару үдерістерінің жиынтығын айтамыз.  Осыған байланысты зат алмасу негізгі үш кезеңнен тұрады: 
1) заттардың организмге түсуі (асқорыту жүйесімен қамтамасыз етіледі);
2) заттарды ағза жасушаларының пайдалануы
3) ыдырау өнімдерінің қалдықтарын тыныс алу және шығару жүйелері арқылы сыртқы ортаға шығару
Зат алмасу екі процесс арқылы жүзеге асады: катаболизм мен анаболизм процестері.
Катаболизм немесе диссимиляция - күрделі заттардың ферменттер көмегімен қарапайым заттарға дейін ыдырау реакцияларының жиынтығы. Мысалы, нәруыздардың аминқышқылдарына, майлардың май қышқылы мен глицеринге, көмірсулардың моносахаридтерге дейін ыдырауы.
Анаболизм (синтез немесе ассимиляция) - энергия жұмсау арқылы жай заттардан күрделі заттардың түзілу реакцияларының жиынтығы. Мысалы. мономерлерден полимерлердің түзілуі - аминқышқылдарынан нәруыздардың түзілуі. Анаболиз кезінде катаболизм реакциясының нәтижесінде түзілген қарапайым заттар мен АТФ пен НАДФ-Н энергиясы жұмсалып, әртүрлі макромолекула синтезделеді.
Барлық анаболиттік реакциялардың жалпы жиынтығы пластикалық алмасу, барлық катаболиттік реакциялардың жиынтығы энергетикалық алмасу деп аталады. Зат алмасудың ерекшелігі, бұл анаболизм және катаболизм процестері бірдей уақытта сыртқы ортамен өзара тура байланыста жүруі.
Адам ағзасындағы зат алмасу және энергия алмасуы-бұл бір-бірімен тығыз байланысты процестер. Зат алмасу нәтижесінде тағамдағы ақуыздар, майлар, көмірсулар тотығады және ыдырайды, соның нәтижесінде олардың энергиясы (химиялық, механикалық, электрлік, жылулық) ағзаның қажеттіліктеріне пайдаланылады. Мысалы, тамақ құрамындағы ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың химиялық энергиясы АУФ түзілуіне немесе басқа да ірі молекулалық заттардың түзілуіне жұмсалады. АУФ жасушаның бос энергия көзі болып саналады, сондықтан ол пайда болғаннан кейін бір минут ішінде іске қосылады.
Энергия шығынының түрлері: пластикалық, негізгі алмасу және жалпы алмасу. Негізгі алмасу деп қалыпты жағдайдағы ішкі ортаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге жұмсалатын энергияның ең аз мөлшерін айтамыз.
Негізгі зат алмасуды анықтау үшін алдымен мына іс әрекеттер орындалуы қажет:

  1. сыртқы орта температурасы 18-20 С болуы керек.

  2. соңғы ас ішкен соң 14 сағат өтуі тиісті.

  3. бір сағаттай адам тынығып жатуы тиіс.

  4. Таңертең төсектен тұрмай, толық қимылсыз жатқан уақытта жасалады.

Негізгі алмасуды осылай анықтау себебі физикалық және эмоциялық жүктеме, тағам қабылдау және қоршаған орта температурасының өзгерістері организмдегі зат алмасу қарқындылығын күшейтеді, яғни энергия шығыны да күшейе түседі. Бізге төменгі шығынды есептеу керек болғандықтан, адамның тыныштық қалпында зерттеу жүргізіледі. Негізгі алмасудың энергиясы организмдегі барлық тіндер мен ағзалардың қалыпты қызметтерінің атқарылуына және дене температурасының тұрақтылығын сақтауға жұмсалады.
Негізгі зат алмасу ол көптеген факторларға тәуелді болып келеді. Мысалы, адамның қоректенуіне, дене салмағына, дене температурасы, бойы, астың мөлшері мен құрамы, істелген жұмысқа байланысты
Әрбір жұмсалған энергия негізінен адамның салмағының әр килограмына байланысты өлшенеді. Мысалы, ересек адам 1 кг салмаққа 1 сағат ішінде 1 ккал (4,19 кДж) энергия жұмсайды. Сонда күніне 70 кг салмақтағы адам өз денесінен 1700 ккал (7117 кДж) энергия өндіреді. Балалар энергияны ересектерге қарағанда көбірек тұтынады, 20-40 жаста зат алмасу жылдамдығы өзгеріссіз қалады.
Адамның НА-ның тиісті шамасын арнаулы кестелер формулалар және номограммалар көмегімен анықтайды. Сонымен қатар, Крог әдісі арқылы да анықтауға болады.
Бір ескертетін жағдай ол эндокриндік аурулар кезінде және гипертероиоз ауруларын кезінде адамда зат алмасу қарқыны өте жоғары болады сол себептен адам жүдеу болып келеді.
Жұмсалған энергияны адамның дене аумағының әр шаршы километріне бөлсек, энергия шығыны барлық жағдайда біркелкі болады. Бұл заңдылық дене аумағының заңы деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет