1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы. Уник 100%



бет43/80
Дата18.12.2022
өлшемі261,4 Kb.
#58012
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   80
Байланысты:
1. Физиология п ні, бас а ылымдармен байланысы, медицинада ы ма

Ауыздағы ас қорытылу
Асқорыту ауыздан басталады. Ауызға келіп түскен тағам мунда 15-30 секундтей кiдiредi. Осы уақыттың ішінде тағам (ас кесегі) шай налып, ұсатылады, сілекеймен шыланып, жұмсарады, астың дәмі, физикалык касиеттері туралы мағлұмат алынады. Көмірсулы заттар (көмірсулар) ыдырай бастайды. Ұсатылған ас кесегі сілекейге шыланып, шырышпен қапталып тілдің түбіріне қарай жылжиды да жұтқын шаққа жетіп жұтылады.
Ауыз ішінде (шырышты қабығында) ас кесегінің ыстық-суықты ғын, жұмсақ-қаттылығын сезетін қабылдағыштармен қатар дәм се зетін қабылдағыштары да бар. Осыған орай ауыз шырышты қабығын қабылдағыш алан деуге де болады. Қабылдағыштар ас кесегімен жа насып тітіркенеді, бұдан пайда болған қозу сигналдары бет (n.facialis), тіл-жұтқыншақ (n.glossopharingeus), үшкіл (n.trigeminus) жүйкелер мен кезеген жүйке (n.vagus) арқылы орталық жүйке жүйесіндегі рефлек стер орталығына барып жетеді. Сол жүйкелерден келген эфференттік серпiнiстер ас кесегінің ауызда шайналып, жұтылуын реттейдi де ас қорыту бездерінің сөл шығаруын, ішек-қарынның қимылын күшей теді. Мұнымен қатар рефлекстік жолмен зат алмасуы, жүрек соғуы, қан айналысы, дем алу үрдістері де өзгереді.
Қарындағы ас қорытылу
Қарын дегеніміз ішек-қарын түтігінің кеңейген жері. Онын сый ымдылығы 24 литрдей, сырт пішіні мүйізге ұқсайды. Қарын бірнеше бөліктен тұрады. Ѳцеппен карынның қосылған жерi кардиа деп ата лады. Қарынның жоғарғы жағы күмбез тәрізді жоғары қарай көтеріңкі келеді, бұл - қарын күмбезі, қарын мен он екi елi iшектiн косылған жері пилорус (қақпақша) деп, ал қарынның қақпақшаға жалғасқан бөлігі пилорустік бөлік болып саналады. Қарынның алдыңғы және арткы беткейi, жоғарғы және төменгі шеттері болады. Жоғарғы шеті дөңестеу, ал төменгі ше ойыстау келген. Жоғарғы шетін қарын тұйығы, төменгi шетiн карын ойығы дейді. Қарыннын пилорустан басқа бөлігі қарын денесі деп аталады. Қарын құрсақ қуысының жоғарғы жағында орналасқан. Оның күмбезi сол жакта, қабырғалардың ішкі бетінде, пилорус оң жақта бауырдың астында. Қабырғасы (кенересі) жалпы ішек-карын түтігіне тән үш қабаттан, ішкі шырышты, ортанғы бiрынгай салалы ет, сырткы - серозды қабаттан тұрады.
Қарынның шырышты қабығында көлденең созылган катпарлар, ойык және жазык жерлер бар. Онда қарын бездері орналасқан (жой тутік бездер). Безде түрлі без жасушалары гландулоциттер (негізгі, қосымша, айнала қоршалған) бар. Негізгі гландулоциттер сөл фер менттерін (пепсиноген), айнала қоршалған гландулоциттер тұз қышқ ылын, қосымша жасушалар шырышты зат-муцин шыгарады. Осы жа сушалардан бөлінген заттар қарын сөлінің құрамына кіреді. Қарын нын пилорус бөлігінде айнала қоршалған гландулоциттер болмайды, сондықтан сөл реакциясы кышкылды емес, сiлтiлi не бейтарапты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет